Топпен ән айту
Жан досым Т.Молдағалиев
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгiдосыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.
|