Топпен ән айту
Үшқоңыр
Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.
Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,
Әкемнің шекер қосқан талқанындай.
Көрінер сонадайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған.
Самғаған қыранына құмар қылып,
Өсірген ұландарын алып далам.
|