IV. Практикалық жұмыс.
а) Кіріспе нұсқау
Мұнда аяққап түрлерін көрсету, өлшемдер бойынша алып пішу, алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, аяққаптың өлшеміне, яғни алдыңғы бөлігі мен қақпағының өлшеміне сәйкес ою дайындау, оюларды көктеу, кестелеу түрлері, тәсілдері, шашақ қойып, аяққаптың алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, жиек үшін бау, алақұрт дайындау, аяққаптың өзіне ілу үшін бау дайындау, тағу, олардың ұзындықтарын таңдаудағы тәсілдер туралы жұмыс барысында мәлімет беріледі.
б) Ағымдағы нұсқау.
1. Аяққапты пішу. Негізі, оюы.
2. Аяққаптың оюын дайындау.
3. Аяққаптың бетіне оюды көктеу, кестелеу.
4. Шашақты қондырып, артқы бөлігі мен алдыңғы бөлігін біріктіру.
5. Аяққапқа бау, баужиек дайындау, тағу.
в) Қорытынды нұсқау
Мұнда оқушылардың жұмысына, сапасына, талпынысына, іскерлігіне байланысты талдау жасаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |