Көз қарашықтарының күйі - емделушінің жағдайын тез арада көріп анықтауға болатын көрсеткіш. Қарашық жағдайын – медбике әр 2 сағат сайын тексеріп отыруы керек. Ең қауіпті симптом – қарашық көлемінің өзгеруінде айырмашылықтың пайда болуы; біреуі тартылып, біреуі үлкейеді. Бұл емделуші өмірінің қыл үстінде тұрғанын куәләндыратын өте қауіпті жағдай. Қатты тартылып кеткен қарашықта медбикені алаңдатуы керек. Бұл симптомдарды байқағаннан кейін медбике дәрігерді хабардар етуі керек
Бөлу функциясы. Науқастан бөлінген сұйықтықтың мөлшері тамақ пен және дәрі тамызғышпен енгізілген сұйықтық мөлшеріне сәйкес болуы керек. Дәрігер олардың арақатынасын көруі үшін медбике бұл көрсеткіштерді науқас картасына енгізіп отырады. Ағзаға түскен және бөлінген сұйықтың айырмашығы тәулігіне 700-800мл құрауы қажет. Науқастың бөлінділерін бақылау да мейірбикенің міндеттері. Егер тәулік бойы еш бөлінді болмаса, дәрігер бұл туралы хабардар болуы керек.
Пневмания – ерте кезеңдегі жиі асқынулардың бір түрі. Бұл да инсульттан кейінгі бірнеше аптаның ішінде науқастың өлуіне әкелетін 15-20% жағдайдағы есепші болады. Өкпеде іркелу құбылыстарының алдын алу мақсатында жатқан науқасты әр 2 сағат сайын төсекте бұрып отыру керек. Жалпы жағдайы жақсарысымен оның қозғалысын белсендендіру керек: алдымен төсекте арқасына жастық қою арқылы бірнеше минут отырғызып, содан соң күніне бірнеше рет қайталауы керек. Егер науқастың есі толық болса, оған онда бірінші күннен бастап тыныс алу гимнастикаларын жасату керек. Сонымен қатар науқасты әр 2 сағат сайын тез жұтып, тез шығаруға икемдеу керек – бұл өкпенің белсенді желдетілуіне бағытталады. Ол кезеңдерде Стрельникованың тыныс алу гимнастикасы, сонымен қатар, шар немесе балалардың резиналы ойыншықтарын үру ең тиімді болып табылады. Сонымен қоса, жалпы және вертиклярлық массаж жасау керек. Жұдырықтың қырымен арқасынан толықтату (дірілдеткіш массаж). Бұл өкпедегі іркілулерлің алдын алып, қақырықтың бөлінуіне көмектеседі. Массажды 5-10 минуттан әр бір 4 сағат сайын жасайды. Науқас орналасқан бөлме үнемі желдетіліп отырылуы керек. Бұл уақытта науқасты жапқышпен жауып, басына тоқылған бас киімі немесе орамал тағып қояды.
Зәр шығару жолдарының індеті – мидағы қан айналым бұзылысының асқынған кезеңдегі жиі кездесетін қиындық және гипертермия себептері. Зәрдің іркілуі инсульттің асқынған фазаларында жиі байқалады. Көп жағдайда ауруханада пайда болған зәр шығару жолдарының індеті қуықтық катетеризацияға байланысты болып келеді. Тұрақты катетердің орналастырылуында қуықты үнемі антисептиктермен жуып отыру және сұйықтықты молынан ішу кезінде жұқпаның түсу мүмкіндігі төмендейді. Егер науқас зәр бөлінуін қадағалай алмайтын болса, онда әр бір 4 сағат сайын ауыстырып отыратын бір реттік жүргектерді немесе сіңіргіш төсеутерді пайдаланған дұрыс. Арнайы зәр жинағыштарды қолдануға болады. Күніне кем дегенде екі рет жыныс мүшелері мен аналь тесігі аймақтарын калий перманганаты қышқылының жылы әлсіз қызыл ерітндісімен немесе 1:5000 фурациллин ерітіндісімен жуып, сулықпен кептіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |