Тақырыбы: Фольгадан моншақ, алқа жасау
Мақсаты:
Білімділік: фольга материалы туралы түсінік беру, үлгімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың еңбекке деген қабілетін ұштай отырып, фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Тәрбиелік: қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім-тәрбие беру, ұйымшылдыққа, ауызбірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, өз бетімен жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, қолдан жасалған алқа түрлері, көрме.
Құрал-жабдықтар: фольга, ине, жіп, қайшы, қалып үлгі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу.
б) Оқушылардың құралдарын түгендеу.
в) Психологиялық сәт
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Үйге берілген «Күлтебасты қуыршақ» көрмесіне қойылған оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақ-жауап әдісін пайдалану.
Біз мына қуыршақтарымызды неден жасап едік?
Иірілген жіптен.
Оқушылар, менің қолымдағы не?
Иірілген жіп.
Дұрыс. Бұл жіптен мен өзіме не жасап алғандарымды қараңыздаршы. Бұл не?
Алқа, моншақ.
Ал, осы алқаны тағыда басқа материалдардан да жасауға болады.
Енді маған қараңыздаршы. Мен күндегіден өзгеше болып тұрмын ба? Не байқадыңыздар?
Сіз әдемі әшекейлер тағып алғансыз. Қолыңызда білезік, саусағыңызда сақина, мойныңызда алқа.
Қандай байқампассыздар а! Міне, осы бұйымдардың барлығын зергерлік
бұйымдар деп атайды екен бір сөзбен. Қазақтың қол өнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән-мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны – зергерлік өнер. «Зергер адам – зерделі адам». Қазақтың зергерлері әсіресе әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда осы зергерлік бұйымдардың бірі – алқаны, моншақты
сабақта дайындап, жасап, үйренетін боламыз. Біздің жасайтын алқамыз, моншағымыз фольгадан жасалады. Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз «Фольгадан алқа, моншақ жасау»
Ой қозғау.
1. Фольга дегеніміз не?
- Фольга – металдан жасалған жұқа, жылтыр материал.
2. Фольганың қандай түрлері болады?
- Жұмсақ, сәл қаттылау, түрлі-түстісі болады.
3. Фольганы қайда пайдаланамыз?
- Тамақ дайындағанда, еңбек сабағында пайдаланамыз.
- Олай болса, сабағымызда фольганы пайдаланып, моншақ жасайық.
Топтастыру.
Сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын. Әр топ технологиялық карта бойынша жұмыстанады. Топтың жұмыстану ерекшелігі: фабрикадағыдай реттілік бойынша. Жұмыстанбас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Қауіпсіздік ережесі.
І топ. Қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.
Қайшыны дұрыс ұста.
Қайшыны қорапқа салып қой.
Қайшыны ашық күйінде үстелдің үстіне қалдырма.
Қайшыны жабық күйінде сап жағын қаратып ұсын.
ІІ топ. Инемен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.
Иненің ұшын қаратып беруге болмайды.
Инені ауыз,а салуға болмайды, киімге түйреуге болмайды.
Іс тігіп болған соң инені түйреп шығу.
Инені арнайы жастықшаға түйреп шығады.
Іс тіккен кезде инені бас бармақпен және сұқ саусақпен ұста. Инені оймақ киген саусақпен итер.
Сабақтаусыз инені жұмыс орнына қалдырма.
Инені тек қана шаншығышпен қоса немесе жібімен бер.
ІІІ топ. Жіппен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.
Жіптің ұшын түйеміз.
Жіпті тек қайшымен қиямыз, тіспен, қолмен үзуге болмайды.
Жіпті ауызға салмаймыз.
Жіпті ұзын етіп сабақтауға болмайды.
ІҮ топ. Оймақпен жұмыс істеу ережесі.
Оймақты сұқ саусаққа киеді.
Инені түбінен оймақ киілген саусақпен итереді.
Оймақты ауызға салуға болмайды.
Арнайы қорапта сақтайды.
Технологиялық картамен жұмыс.
І топ - фольганы шаршы етіп қиып алады.
ІІ топ - Қиып алынған фольганы мыжылайды. Мыжылау арқылы дөңгелек пішінге келтіреді.
ІІІ топ - Инені сабақтап алады. Сабақталған инеге дөңгелек пішінді фольганы өткізеді. Дөңгелек пішіндегі фольгаларды жіптің бойына тізе береді.
ІҮ топ - Жіптің екі шетін бекітеді.
№
Жасалу жолы
Суреті
Қажетті материал
1
Фольганы шаршы етіп қиып аламыз.
Фольга, қайшы, қалып үлгі.
2
Қиып алынған фольганы мыжылаймыз.
Мыжылау арқылы дөңгелек пішінге келтіреміз.
Фольга.
3
Инені сабақтап аламыз. Сабақталған инеге дөңгелек пішінді фольганы өткіземіз.
Дөңгелек пішіндегі фольгаларды жіптің бойына тізе береміз.
Ине, жіп, фольга.
4
Жіптің екі шетін бекітеміз
Жіп, фольга, қайшы.
Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Сонымен оқушылар, біз бүгінгі сабақта зергерлік бұйымдармен таныстық. Соның ішінде алқа жасауды да үйрендік. Тағы бір еске түсіріп өтейікші. Қандай зергерлік бұйымдар бар еді?
Білезік – білекке салынатын сәнді зат
Сырға - әйелдердің құлаққа тағатын сәнді заты. Ол алтын, күміс, асыл тастардан жасалады.
Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың шығармашылығынан көрме ұйымдастыру.
Жасалған алқаларды қыздарға сыйға тартсақ қалай болады ұлдар. Өйткені жақында олардың мейрамдары өтті ғой. Келісесіңдер ме? Олай болса, кәне, сыйлайық.
Жұмыс орнын жинастыру.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Оқулықтың келесі бетінде көрсетілген үлгіге қарап, фольганы пайдалана отырып, білезік пен сырғаны жасап келеміз.
ҮІІІ. Бағалау. Мадақтау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |