Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Күрес
|
Мақсаты
|
Ұлттық ойын туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік,сұрақ-жауап,
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
А) ұлттық спорт түрлеріне берілген мәтінді мазмұндау;
Ә) сөздік диктант: зеректік, аңға байланысты, бес түрге бөлінеді, икемділік, түрлі заттармен ойналатын, ойындар, ата- бабаларымыз, тоғызқұмалақ.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ.
1.Интербелсенді тақтадан қазақша күрес туралы бейнекөрініс көрсету.
2.Сыныпты 3 топқа түстер бойынша біріктіру . Сары, қызыл, ақ түстер арқылы бөліп, оларға шағын мәтіндер тарату. Мәтіндерді оқу, түсіну.
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек- рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе- жек түрлері кең тараған. 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
Сарылар :
Грек- рим күресі, классикалық күрес- қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға т.б. болмайды. Грек- рим күресінің мақсаты- қарсыласының жауырынын жерге тигізу не күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Ақ:
Дзю-до (жапонша дзю- жұмсақ, до- жол)
19 ғасырдың аяғында Жапонияда джиу- джицу күресі негізнде пайда болған. 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізілді. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері- кимоно, белбеу, шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Қызылдар:
Самбо ( орыстың самозащита без оружия - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзірбайжан халықтардың ұлттық күрестерінің айла- тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938 ж) құрған.Самбоның спорттық және әскери түрі бар.Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі.Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев әлем чемпионы.
3. Грамматикалық тақырыптарды бекіту, пысықтау мақсатында тапсырмалар орын
51-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.
От-өт ор-өр он-өн оң-өң тол-төл қол-көл
тоқ-төк тор-төр тос-төс
2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.
3. Сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.
|
Ой толғаныс
Үйге тапсырма
|
Оқулықпен жұмыс.
«Қазақстанда күрестің қандай түрлері жақсы дамыған?
-Қандай күрес түрін классикалық деп санайды?
-Қай жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданды?
- Грек- рим күресінде қандай әдістерді қолданбайды?
-Дзю-до күресі қай ойынның негізде құралған?
-Дзю- до күресінде қандай киім киеді?
- Самбо күресін кім құрған?
- Самбодан кімдердің есімін есте сақтадың? Т.б.
VI. Жаңа материалды пысықтау. Жуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға
мысалдар келтіру.
VII. Бекіту кезеңі. Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту.
|
Өлеңді мәнерлеп оқып келу 61 бет.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Спорт
.
|
Мақсаты
|
Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра
отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту, тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік дұрыс жалғануын бақылау)
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Спорт» өлеңін оқушыларға мәнерлете
оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.м
Ойынның мәні неде?
- Бұл ойын әуелі қай елде пайда болған?
-Қандай әлем чемпиондарын білесің?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Б
алалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты
дыбыстарды талдаймыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ.
Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт — денсаулық кепілі»
Лексикалық минимум:
Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.
Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.
Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді.
4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.
Сәлем!
Сәлем!
Сен қайдан келесің?
Мен ….. спорт кешенінен келемін.
Онда не істедің?
Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.
Үйірмеге қатысасың ба?
Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.
Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?
Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.
Сен …. спорттан жарысқа қатыстың?
Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.
Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.
Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?
Бұл жерде қысқы олимпиада болды.
Енді Алматы қаласынан Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.пайдалы Упражнение
секіреміз Полезно
жүгіреміз Прыгаем
жаттығамыз Катаься на коньках
коньки тебу Занимаюсь
айналысамын Бегаем
намысын қорғаймын Защищаю честь
былғары қолғап Спортивный
2-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.
Балалар …. алды. Мен …. тебемін. Біз таудан … сырғанаймыз. Мұз айдынында …. тебеміз. Айбек …. киді. Мен … сатып алдым. Мен …. спортымен айналысамын.
(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді..
VI. Жаңа материалды пысықтау:
VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі
сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.
2.Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.
|
Үйге тапсырма
|
Спорт туралы әңгіме жазу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |