Оқулықпен жұмыс:
IV. Мақсат қою кезеңі-
Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз «Адамға пайдалы заттар». деген тақырыппен танысамыз. Сабақта мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы тапсырмалар және зерттеу жұмысын жасап, грамматиканы еске аламыз. Сонымен қатар дәрумендер бізге не үшін керек, оларды қандай тамақтан алуға болады, соны анықтаймыз.
Оқушыларды сурет бойынша 2 топқа бөлу.Команданың капитандарына бағалайтын фигуралар беріледі.
V. Жаңа сабақ.
Керекті сөздермен таныстыру.
• Құрамы- состав
• Әсіресе- в основном
• Дәрумендер- витамины
• Көмірсутегі- углеводы
• Ақуыз - белок
• Қабық- кожура
• Ағза- организм
• Пайдалы- полезные
Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.
2. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.
3.Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей:
Мәтіннен минералды теріп жазу.
ІІ деңгей:
1.Мәтінге 3-4 сұрақ құрастырып, айтады.
І деңгей:
1..Мәтіннің мазмұнын айтады.
4.Зерттеу жұмысын жасайды.
1 топ: Сүт пен қатықтың қайсысының пайдасы көбірек, дәлелдеп айту.
2 топ: қаймақ пен сүзбенің пайдасын, құрамын анықтап дәлелдейді.
5. Сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңдар.
• Дәрумендер негізінен алманың қабығы мен қабықтың астындағы жұмсақ етінде болады. (дұрыс)
• Алманың минералдық құрамы бай емес. (бұрыс)
• Алмада көмірсүтек жоқ, ал ақуыз бар. (бұрыс)
• Балық фосфорға бай. (дұрыс)
• Адамның ағзасы дәрумендерді қаже етеді. (дұрыс)
• Алманың ішіндегі фруктоза, глюкоза және сахарозаның пайызы көмрсүтектен көп. (бұрыс)
6. –Ал, балалар, бізде қандай дәрумендер бар?
А, В, С, Д, Е
-Енді осы кестеге қарайықшы. Осы кестені толықтырайықшы.
Дәрумен аты Кездесетін жері
А Бауырда, сүтте, жұмыртқада, қызыл, сары жемістерде
В Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқа, салаттарда.
С Сүтте, көкөністерде, жемістерде, бүйректе.
Д Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сүт, сары майда кездеседі.
Е Жұмыртқада, көкөніс, астық дәндерде, сүтте, өсімдік майында.
Енді осы кестегі сөздерді септіктерін анықтаңдар.Мәтінді оқу. Қысқа дайындық.
VI. Жаңа материалды пысықтау. 8-жаттығу 1
.
|