Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
Балалар, сіздер қазақ халқының қонақжай халық екенін жақсы білесіздер. Ендеше, сол қонақжайлылығымызды білдіріп, бүгінгі сабақта бар білген, тергенімізді қонақтар алдында паш етейік. Балалар,біз бүгін сайыс сабағын өткіземіз Жарысқа 2 топ түседі. Олар: «Мұрагер», «Құлагер». Сайысқа түспес бұрын ең алдымен оның шарттарымен танысып алайық.
• Сайысқа әр оқушы белсенді қатысуы тиіс;
• Әр топ бір-бірін тыңдауға тиіс;
• Сайыс кезінде шулап, дауласпау. Шулаған оқушының бағасы төмендейді.
• Сайыс жұлдызшалармен бағаланады, кім әр кезеңде көп жұлдызша жинаса, сол топ пирамиданың жоғары сатысына көтеріледі.
• Пирамиданың ең шыңына 1-ші болып жеткен топ жеңімпаз.
1 кезең: Сиқырлы ұяшықтар
Берілген ұяшықтарды әр топтың оқушылары бір-бірден келіп таңдап, карточкада берілген тапсырманы орындайды.
№10. Жеті ата деген не?
Жауап: Әр адам өзінің жеті атасын білу көрегенділік пен білімділігін, ата көрегендігін танытады. Білмесе, «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен.
№10 Бұл зат қыздардың бас киіміне тағылатын әсемдік зат. Бұл зат кейде домбыраның мойнына да тағылады. Бұл не? Не үшін пайдаланады?
Жауап: Қазақ қыздарының бас киіміне үкі тағылады. Бұл әсемдік берумен қатар, қыз баланы тіл-көзден сақтайды деген наным негізінде пайдалынылады.
№20.Шашу салты жайлы не білесіз?
Жауап: шашу – қуаныш айғайы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде тәттілермен, күміс-тиындармен әйелдер шашу шашады.
№20 Қазақ халқының салтында үлкен жиындарда сөз алудың өзіндік қатаң тәртібі болған. Тәртіп бойынша бір зат сөз алу қажеттілігін көрсететін болған. Бұл не?
Жауап: қамшы, оны ортаға тастау өтініш орнына жүрген.
№30 Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№30 Жүгіріп келген адамның «Сүйінші, сүйінші!» деген айқайы нені білдіреді?
Жауап: Бұл шын ризашылықтың, куаныштың белгісі. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал депйді. Немесе риза болатындай сыйлық ұсынады.
№40 Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.
Шешендер:Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.
№40 Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№50. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№50. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Бес асыл мыналар: талап , еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
№ 60. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, алтыбақан, арқан тарту, бес тас, қыз қуу,сақина салу т.б.
2-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр.
3-кезең: Сақина салу
Бұл кезеңде қазақтың ұлттық ойыны «Сақина жасыру» ойыны ойнатылады.
4-кезең: Келісіп пішкен тон,келте болмас
Презентацияда берілген суреттерден қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын анықтау, түсіндіру.
5-кезең: Жүйріктен жүйрік озар
«Дұрыс-бұры» ойыны
Қазақ ешқашан қонақжай болған емес.
Қазақ халқы семіз қойды қонақтарға соймаған.
Қонақтар құдайы қонақ, арнайы қонақ, қыдырма қонақ деп бөлінбейді.
Адамдар қыдырма қонақтарды сыйлы деп есептейді.
Арнайы қонақ – алыстан арнайы келген жақын, туыс, сүйікті дос, жақсы дос. Бұл –сыйлы қонақ.
Құдайы қонақ - өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл – сауап қонақ.
Қыдырма қонақ – ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ. Бұл – сұғанақ қонақ.(далбаса)
Қылқима қонақ – үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып, құлқыны үшін жүрген көлденең қонақ. Бұл – далбаса қонақ. (сұғанақ)
6-кезең: Қоржындағы сарқыт
Ән: «Дастархан»
|