Солтүстік -Қазақстан облысы
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Жеңіс негізгі мектебі
жетінші сынып
физика пәні мұғалімі Кульмаганбетова Гульнара Нургазыевна
Сабақ тақырыбы: §35. Гук заңы
§36. Динамометр
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Гук заңы, динамометр туралы оқушыларға жан-жақтылы түсінік бере отырып, оқушылардың ізденістерін жетілдіру.
2. Дамытушылық. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке тұлға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, қарапайым, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, құрал-жабдықтармен және тестпен жұмыс. ( Сын тұрғысынан ойлау әдістері )
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, үлестрмелер, диномометр, сызғыш, өшіргіш, шар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, сыныпты
2 топқа бөлу
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Екі топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық карта сызады:
Деформация деп нені айтады?
Деформация түрлері ?
Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады
І, ІІ – топ.
Пластикалық дене пластилин
Серпімділік күш
пластикалық созылу сығылу серпімді
пішіні өлшемі пішіні өлшемі
өзгереді өзгермейді
«Кім жүйрік?» сайысы
І – топ.
Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айту керек.
А) Жол Б) жылдамдық В) уақыт С) масса Д) кұш Е) тығыздық
ІІ – топ.
Мектептен үйге жету үшін өлшем бірліктері бойынша физикалық шамаларды айту керек.
А) м Б) м/с В) с С) кг Д) Н Е) кг/м³
ІІІ . Жаңа сабақ
Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:
Тірек сызба арқылы түсіндіру:
Гук заңы
- дененің созылу
немесе сығылу шамасы
түсірілген сыртқы күш қатаңдық
.
Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |