1-тапсырма.
(Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады.
Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады.
Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
Үлгі сұрақтар:
Досалы мектептен үйіне неге көңілсіз қайтты?
Сыныптастары неліктен Досалымен дос болғысы келмеді?
Досалы өзіне қандай ой түйді?
Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.
Достарыңызбен бөлісу: |