5-тапсырма
(Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады.
«Оқиға картасы» үлгісі
1.мінез құлқы
|
2. іс-әрекеті
|
4.сюжеттің дамуын болжау
|
3.оқиға барысы
|
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
(ҚБ). Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».
Рефлексия
«Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды.
Оқушылар сабаққа «Блоб ағашы» әдісіне сүйене отырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгенін қағаз бетіне түсіреді.
Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Үйге тапсырма беру. Күн тәртібін құру.
|
Слайд№8
Слайд №9
|
Саралау
1-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатынын болжанады.
2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетемін.
3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
4-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін.
5-тапсырма. «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
|
Дескрипторлар:
кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
тақырыпқа байланысты мысал келтіре алады;
кейіпкердің іс – әрекетіне баға бареді.
Бағалау әдістері:
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.
«Шаршылар» әдісі
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.
«Смайлик» әдісі арқылы оқушылар дәптеріндегі жұмыстарын алмастырып тапсырманың дұрыс сәйкестендірулерін анықтап, бірін-бірі бағалайды.
«Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.
|