Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктер
Мақсаты:
Білімділік: Жабық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Жабық тұқымды өсімдіктермен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы жабық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беріледі
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Жабық тұқымды өсімдіктер
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Астық тұқымдастар
Мақсаты:
Білімділік: Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Астық тұқымдастармен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы жабық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беріледі
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Астық тұқымдастар
Сабақтың тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасы
Мақсаты: Лалагүлділермен танысу
Міндеті:
1.Білімділік: Лалагүлділер тұқымдасының құрылысының ерекшелігі, көбеюі жайында жан-жақты түсінік беру. 2. Тәрбиелік: Оқушыларды құрқашаш тұқымдастарында тағамдақ түрінде қолдануға және дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы ажырата білуге, қорғауға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Құртқашаштар тұқымдасы,лалагүлділер тұқымдасының тіршілік жағдайы, көбеюі және құрылыс ерекшеліктері жайында білімін толықтыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ. Білімді тиянақтау.
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: география пәні.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
Кім жылдам?
1. Тұқымдастар неліктен күрделі гүлділер деп аталады?
2. Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері?
3. Мақсыр қандай өсімдік?
4. Оның маңызы туралы не білесіңдер?
5. Өгейшөптің басқа шөптекті өсімдіктерден ерекшелігі неде?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Құртқашаш тұқымдастар –даражарнақтылар класылалагүлділер қатарына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер. Құртқашаш тұқымдастардың ғаламшарымызда 1800-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың Қазақстанда 35 түрі өседі. Құртқашаштар тропикте және субтропикте таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер. Гүлдері – ірі, қосжынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді. Дәрілік, тағамдық басқа да мақсаттарға қолданылатын құртқашаш тұқымдастар бар. Халық құртқашашты кейде «жыланқияқ» деп те атайды.
Құртқашаш
|
Лалагүлділер тұқымдастары
|
Лапыз
|
Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы – германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі – 1м. Тамыр – 1м. Сабақтан таспа тәрізді жапырақтары тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлдің формуласы:Гс6А3Ж1. Жемісі – үш ұялы үлкен қауашақ. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Қазақстанда құртқашаштардың 21 түрі бар.
|
Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер. Тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық қандауырнемесе қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі – қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Жемісі – қауашақ немесе жидек. Гүл формуласы:Гс3+3А3+3Ж(3)Ғаламшарларымызда лалагүлділер тұқымдасының 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп, секпілгүл, қызғалдақ ауламызда көздің жауын алады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер.
|
Көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15см-ге жететін дәрілік немесе улы өсімдік. Күздік лапыздың қапыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қошқыл күлгін түсті гүл жарады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подогра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор.
|
Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқаарқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Сәйкестендіру тест
1. Халқ құртқашашты 1. Қызғалдақ
2. Көпжылдық шөптекті өсімдік 2. Лалагүл түұымдастар
3. Ғаламшарымызда 1300 түрі бар 3. Құртқашаш
4. Көпжылдық, шөптекті улы өсімдік 4. Жыланқияқ
5. Сәндік өсімдіктер 5. Лапыз
6. Гс3+3А3+3Ж(3) 6. Лалагүл тұқымдасының формуласы
7. Қазақстанда лапыздың түр 7. Кессельринг
V. Үй тапсырмасы:
1. Лалагүлділер тұқымдасы
2. Лапыздың ауыл шаруашылығындағы маңызын баяндаңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |