V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі
Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі.
Сабақтың мақсаты: Шымтезек мүгіне сипаттама беру
Міндеті: 1.Білімділік: Мүктәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.
2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.
II Үй тапсырмасы: § 17. 66-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау
III Жаңа сабақты түсіндіру:
Жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгi (сфагнум - Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсiресе солтүстiк ендiктерде кездеседi (15-сурет).
Шымтезек мүгi – сабағы жиi бұтақталған көпжылдық өсiмдiк. Көкек зығырынан және басқа да мүктерден айырмашылығы – оның ризоиды болмайды. Су мен онда ерiген минералды тұздарды сабақ арқылы сiңiредi. Сабағында ақшылдау-жасыл түстi жапырақтары бар. Шымтезек мүгiнiң жапырағының клеткалары екi түрлi болады: 1) ұзын, жiңiшке, хлорофилл дәндерi бар жасыл түстi тiрi клеткалар; 2) iшiнде цитоплазмасы жоқ өлi клеткалар. Жасыл клеткаларда фотосинтез процесi жүредi және олар арқылы жапырақтан сабаққа органикалық заттар өтедi. Екiншi өлi, түссiз клеткалар сәл iрiлеу келедi, оларда көп мөлшерде су жиналады. Бұл клеткалардың қабықшалары ғана сақталған.
Осындай түссiз өлi клеткалар сабақтардың да сыртын жауып тұрады. Олар суды топырақтан, оңай сiңiредi және ұзақ уақыт өз бойында ұстауға қабiлеттi келедi. Содан соң бiртiндеп бойындағы суды тiрi клеткаларға өткiзедi. Осы қасиеттерiне байланысты шымтезек мүгi бойына өз салмағынан 30-40 есе артық су жинайды.
Шымтезек мүгi орманды жерлерде, көкек зығырының арасында өседi. Қай жерде шымтезек мүгi өссе, сол жердiң топырағының ылғалдығы жоғары болады. Ылғалдылығы жоғары топырақта ауаның жетiспеуiнен ағаштар нашар өседi. Мұндай жерлерде шымтезек мүгi керiсiнше қалың болады. Нәтижесiнде орман алқабы бiртiндеп батпаққа айналады.
Көбеюi. Шымтезек мүгi көкек зығыры секiлдi жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Шымтезек мүгi бiр үйлi, қос жынысты өсiмдiк. Жынысты көбейгенде аталық жыныс клеткалары сабақтың бұтақталған жерiндегi жапырақтардың қолтығында жетiледi. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялады. Аналық жыныс клеткалары қысқарған сабақтардың бұтақтарында орналасады.
Аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Осы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан кiшiлеу қауашақ жетiледi. Оның iшiнде көптеген споралар түзiледi. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Споралар пiсiп – жетiлген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрiздi өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелерде көптеген бүршiктер түзiледi, олардан келешекте шымтезек мүгi жетiледi.
Қорытынды: Шымтезектiң түзiлуi. Шымтезек мүгiнiң сабағы жыл сайын шамамен 2-3 сантиметрге өсiп отырады. Сабақтың төменгi бөлiгi жыл өткен сайын бiртiндеп өле бастайды. Сабақтың өлi бөлiгi батпақты топырақта оттектiң жетiспеуiнен өте баяу шiридi. Нәтижесiнде олар шымтезекке айналады. Шымтезек мүгi судың бетiнде де қалың болып өсе алады. Мысалы, су өсiмдiктерi өте қалың болып өсетiн терең көлшiктерде шымтезек мүгiнiң қатысуымен салынды түзiледi.
Үй тапсырмасы: § 18. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Плаун тәріздес өсімдіктер
Мақсаты: Плаунның шығу тегіне сипаттама беру
Міндеті
Білімділік: Плаун тәріздес өсімдіктер жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже Плаун тәріздес өсімдіктермен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Географиялық есеп.
3. Тірек-сызба.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, плакат т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Географиялық есеп.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |