Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға д.ж. табиғат ресурстарының таралуы, қорлары, жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыспен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Саяси география туралы түсінік?
2. Геосаясат дегеніміз не?
3. Алғашқы геосаяси теориялар?
4. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар?
5. Тарихи-географиялық аймақтар?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы табиғат ресурстарының таралуын түсіндіру.
Жер ресурстары
|
Д.ж. жер қорының жалпы көлемі-13,1 млрд га немесе 131 млн км2. Мұның тек 1/3 бөлігі ғана ауыл шаруашылығына жарамды жер (4,8 млрд га). Өңделетін құнды жер әлемдік жер қорының тек 11%-ын ғана алып жатыр.
|
Тұщы су ресурстары
|
Тұщы су ресурстары гидросфераның жалпы көлемінің 2,5%-ын ғана құрайды екен. Планетамызда оның басты көзі болып өзен суы саналады. Жер шарының 60%-ға жуық бөлігінде тұщы су мөлшері жетіспейтін көлемде.
|
Орман ресурстары
|
Планетамыздың 30%-ға жуығын ормандар алып жатыр. Д.ж. ең көп орман алқаптары Оңтүстік Америка мен Азияда сақталған. Еуропада, әсіресе Австралияда ол тіптен аз күйде.
|
Д.ж. мұхит ресурстары
|
Мұнда аса мол биологиялық және минералдық, энергетикалық қуат көзі бар.
|
Рекреациялық ресурстар
|
Адамның денсаулығын түзеуге, сауығуына байланыста пайда болған.
|
Күн, жел ресурстары
|
Күн сәулесін, желдің күшін пайдалану арқылы энергия өндіру.
|
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұра-жауап.
1. «Табиғат» ұғымы?
2. «Географиялық орта» ұғымы?
3. Табиғат пен қоғам арасындағы байланныс?
4. Табиғи ортаның бүлінуі?
5. «Табиғат», «Географиялық орта» ұғымдарының ұқсастығы ?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс.
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Д.ж. табиғат ресурстары, түрлері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға д.ж. табиғат ресурстары, жіктелуі, таралып орналасуы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. табиғат ресурстарымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Тірек-сызба. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру.
4. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. «Табиғат» ұғымы?
2. «Географиялық орта» ұғымы?
3. Табиғат пен қоғам арасындағы байланныс?
4. Табиғи ортаның бүлінуі?
5. «Табиғат», «Географиялық орта» ұғымдарының ұқсастығы ?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы табиғат ресурстарының түгесілуіне қарай жіктелуін түсіндіру.
Табиғат ресурстары
Сарқылатын
Сарқылмаитын
Қалпына келетін
Қалпына келмейтін
3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы табиғат ресурстарының шығу тегіне қарай жіктелуін түсіндіру.
4. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы табиғат ресурстарының басқа да жолмен жіктелуін түіндіру.
Қол жетерлік
|
Іске асатын немесе нақтылы және потенциалды
|
Пайда болуы
|
Табиғи, антропогендік
|
Химиялық табиғаты
|
Органикалық, минералдық
|
Көздері мен орналасуы
|
Жер, су, кен, өсімдіктер, орман
|
Қолдану міндеті
|
Өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық
|
Пайдалану өрісі
|
Энергетикалық, шикізат, тамақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |