V. Қорытындылау.
5. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның ашатын негізгі сөйлемдер құрап, жауап беру.
VI. Үй тапсырмасы: 5-тапсырма.
3-сабақ Дастарқан жасау
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Үлгі бойынша төменде берілген септеулік шылауларды қатыстырып, ас ішуге байланысты сөйлемдер құрау.
1. Атау септігі + туралы сияқты, үшін, сайын.
2. Барыс септігі + дейін, қарай, тарта, жуық.
3. Шығыс септігі + кейін, соң, әрі, гөрі.
4. Көмектес септігі + бірге, қатар.
Үлгі: Мен ас ішкеннен кейін ыдыс-аяқтарды жуып қоямын.
2. 2-тапсырма. Тағамға қатысты фразеологизмдермен танысып, берілген аудармасы бойынша мағынасын түсіндіру. Есте сақтау.
1. Айрандай ұйып тұр – живут дружно, в согласии.
2. жас уыз – дети.
3. Бір жұтым – глоток.
4. Бір шайнам – на зубок.
5. Бір үзім – ломоть, кусок.
6. Бір қайнатым шай – чай на одну заварку.
7. Сүт пісірім уақыт – время, за которое закипает молоко.
3. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
- Дастарқан қалай жасалу керек?
- Жақсы жасалып, жайлы отыратындай болуы керек. Дастарқан әрқашанда таза болуы тиіс.
- Дастарқан жасаудың ережелері бар ма?
- Әрине, белгілі бір ережелері бар.
- Ол қандай ережелер?
- Ең алдымен, үстел үстіндегі ыдыс-аяқтың бәрі түзу сызықтың бойына орналасуы тиіс.
- Ал ас ішетін аспаптар: пышақты, шанышқылар, қасықтар, т.б. қалай орналастыруға болады?
- Барлық құралдар оңай алынатындай етіп орналастырылады. Пышақты тәрелкенің оң жағына, шанышқыны сол жағына қояды.
- Тәрелкеге тамақты қалай салады?
- Тамақты үйіп салмайды, өйткені бұл әдемі емес және тәбетті тартпайды.
- Егер мен кейбір тағамды жегім келмесе ше?
- Себебін түсіндірмей, рақметіңді айту жеткілікті болады.
V. Қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Тиісті жалғауларын қойып, тамақты қалай жеу керек екенін есте сақтау. Жауап үлгісі:
1. Нанды ортақ тәрелке (неден?)-ден қолмен, басқа тілімдерге тимей, өз тәрелкесі(неге?)-не салып, шетінен сындырып жейді.
2. Қуырылған тамақ(нені?)-ты пышақ пен шанышқыны пайдаланып жейді.
3. Күріш(нені?)-ті шанышқы(немен?)-мен жейді.
4. Торт(нені?)-ты дастарқан(неге?)-ға кесіп әкеледі.
5. Картоп пен көкөніс(нені?)-ті сол қолға ұстаған шанышқы(немен?)-мен бөлшектейді, пышақ(немен?)- пен картопты ұстап отырады.
VI. Үй тапсырмасы: 5-тапсырма.
4-сабақ Кофе
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.оқушыларды түгендеу, кезекшімен сөйлесу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың барысы: мақсатын, барысын айту. Кофе туралы оқушыларға мәлімет беру.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік:
Аңыз – легенда ойнақ салу – бодрствовать
Кездестіру – встретить арамза күш – нечистая сила
Араласқан – вмешалась бақташы – пастух
Беймәлім – неизвестный, неопределенный Дән – семя
сергек – бодро Көпес – купец
ІІІ деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Молда жол бойында нелерді кездестіреді?
2) Молда не ойлады?
3) Ешкі бағып жүрген бақташылар нені аңғарған?
4) Жемістерде неше дән бар екен?
5) Кофені молда не істеген?
6) Кофені Батысқа кім әкелген?
2. Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңдар. Септеулік шылаулар қандай сөздермен байланысып тұрғанын анықтаңдар, септік жалғауларын ажыратыңдар.
Үлгі: Кофенің шығуы (несі? А.С.) туралы көптеген аңыздар бар.
Ешкілер беймәлім бұтаның жемісін жегеннен кейін ... .
ХҮІІ ғасырдан кейін ... .
Молда бұл жемісті жеп көрген соң, ... .
ІІ деңгей
1. Мәтінге жоспар құрып, әңгімелеңдер.
2. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Беймәлім бұта, ойнақ салу, дән, сергек, қара қышқыл сұйық, көп мөлшерде, кең таралды.
І деңгей
Кофені дайындаудың қадамдарын белгілеп алып, айтып беріңдер.
V. Қорытындылау.
2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
- Қонаққа кофе қалай беріледі?
- Арнаулы сервизге, стаканға құйылып беріледі.
- Кофені кім құйып береді?
- Қонақтарға кофені үй иесі өзі құйып береді, қонақтардың жастау біреуінің оған көмектесуіне болады.
- Кофемен бірге не ұсынылады?
- Әдетте кішкентай бутербродтар, торт, печенье т.б.
- Ал қантты, кілегейді және басқаларын қосымша беріп отырады.
- Кофені көп ішуге бола ма?
- Кофенің мөлшері көп, күшті болса, ағзаға зиянды. Әсіресе, жүрегі ауыратын адамдарға өте зиян.
VI. Үй тапсырмасы: 3-тапсырма.
5-сабақ Шай ішу
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік:
Сусын – напиток қою – густой
Шығарылу – заваривать қайнату – кипятить
Кірден тазартатын заттар – чистящее средство
Құрғақ – сухой сіңіру – впитывать
ІІІ деңгей
1. Сұрақтар бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
1) Шайдың Отаны қай ел?
2) Шай нешінші ғасырдан бастап белгілі болған?
3) Шай қайнату мен берудің қандай ережелері бар?
2. Қарамен жазылған сөздер шылаудың қай түріне жататынын анықтап, тіркесіп тұрған зат есіммен көшіріп жазыңдар. Зат есімдердің септік жалғауларын белгілеңдер.
Үлгі: шаймен (К.с.)+бірге септеулік шылау.
ІІ деңгей
1. Септеулік шылаулары бар сөйлемдерді теріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеңдер.
І деңгей
1. Мәтіндегі шайды дұрыс шығару ережелерін әрі қарай жалғастырыңдар.
1) Шай қайнататын арнайы ыдыс болуы керек.
2) Шәйнекті алдын ала ыстық сумен шаю керек.
3) ... .
4) ... .
2. Қою шығарылған шай ағзаға кофе сияқты әсер етеді. Неге олай ойлайсыңдар?
V. Қорытындылау.
2. 2-тапсырма. Сурет бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу.
VI. Үй тапсырмасы: 3-тапсырма.
6-сабақ Тамақтануды тиімді ұйымдастыру
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1, 2, 3, 4-тапсырмалар бойынша сайыс сабағын өткізу.
Сайыс сабағын жүргізбес бұрын, сынып үш топқа бөлінеді. Төмендегі кестеде берілген кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындап, әр топ ұпай жинайды.
Сайыс аяқталған соң, ұпаймен қорытынды жасалып, оқушылар бағаланады.
Кезең
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
|
Тапсыр-
малар
|
1-тап-
сырма
|
2-тап-
сырма
|
3-тап-
сырма
|
4-тап-
сырма
|
Қоры-
тынды
|
Топ
|
|
|
|
|
ұпай саны
|
А
|
|
|
|
|
|
Б
|
|
|
|
|
|
Б
|
|
|
|
|
|
1-тапсырма. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтерді түсініп, есте сақтап жүріңдер. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғауларын анықтаңдар.
Үлгі: Тамақты (нені?) өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу зиян.
2-тапсырма. Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды түсініп оқып, тірек-сызба негізінде әңгімелеңдер.
3-тапсырма. Ас-тағамға қатысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Орыс тілінде ұқсас мақалдар бар ма?
1. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. – Гд пища водится, там болезнь не заводиттся.
2. Күріштің мәнін май келтіреді. – Масло плову вкус придает.
3. Ас қадірін тоқ білмейді. – Сытому не понять цену куска хлеба.
4. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады. – Когда котел кипит, у человека мысль бурлит.
5. Жаманнан жарты қасық ас қалар. – От плохого человека пол ложки еды остается.
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап, өздеріңнің қандай тағам ұнататындарың туралы әңгімелесіңдер.
Мен (салқын тағамдардан, ыстық тағамдардан, ет тағамдарынан, сүт тағамдарынан, сусындардан).
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау. 5-тапсырма.
7-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. Дұрыс тамақтану адамның....
A. көңілін түсіреді B. көңілін көтереді
C. ұйқысын келтіреді D. қанын толықтырады
2. Тамақ ішер алдында не істеу керек?
A. ұйқыны қандыру керек B. кітап оқу керек
C. қолды сабындап жуу керек D. далаға шығып таза ayа жұту керек
3. Адамға қандай тағам жеген пайдалы деп ойлайсыңдар?
A. өте майлы тағамдар B. тым ащы тағамдар
C. көкөністер мен жемістер D. салқын тағамдар
4. Кешкі тамақ ішу ұйқыға дейін қанша уақыт бұрын болу керек?
A. 10 минут бұрын B. 1 сағат бұрын
C. 2 сағат бұрын D. 5 сағат бұрын
5. Дастарқанға шанышқыны қалай орналастыру қажет?
A. тәрелкенің үстіне қою керек B. тәрелкенің сол жағына қою керек
C. тәрелкенің оң жағына қою керек D. шанышқының қажеті жоқ
6. Кофе қай ғасырда пайда бола бастады?
A. XVII ғ. B. XVIII ғ. C. XIX ғ. D. XX ғ.
7. Шайдың Отанын табыңдар.
А. Үндістан В. Қытай C. Грузия D. Жапония
8. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойыңдар. Ол достарымен... шай ішті.
A. арқылы B. Кейін C. Бірге D. шейін
9. Бірінші (первый) тамаққа қандай тағамдарды жатқызамыз?
A. қою тағамдарды B. сұйық тағамдарды
C. салқын тағамдарды D. сусындарды
10. Ыстық тағамдардың температурасы қанша градустан жоғары болмауы тиіс?
A. 10-20 градус B. 20-30 градус C. 30-40 градус D. 50-60 градус
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Күніне қанша рет тамақтану керек?
Мөлшерден тыс тамақтану неге әкеліп соғады?
Шайды тамақпен бірге ішкен дұрыс па?
Шай мен кофені ішу ретін түсіндіріңдер.
Адамның ағзасына керекті тағамдық заттары бар бірнеше тағам түрлерін атаңдар.
Күнделікті қант мөлшері мен тұз мөлшері қаншалықты болуы керек?
«Ас – адамның арқауы» деген тақырыпқа бірнеше мақал – мәтелдер келтіріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
X МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Киім
Грамматикалық тақырыбы: Ашық рай. Шартты рай.
Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Лексикалық тақырып Грамматикалық тақырып Бекіту. «Киім қию туралы»
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Күндізгі киім» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Спорт киімі» мәтінімен жұмыс
Жаттығу жұмыстары
|
45 минут
|
4-сабақ
|
Тіл дамыту
Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
5-сабақ
|
«Жолға шыққанда киетін киім» мәтінімен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
6-сабақ
|
Жастардың киімі Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
Қорытынды
|
7-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Ашық рай. Шартты рай.
Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік
Киім кию туралы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Мысалы: Мен келдім, келсем, келгім келеді, кел.
Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің төрт райы бар: ашық, шартты, қалау, бұйрық.
Ашық рай іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. Мысалы: Мен кітап оқыдым.
Шартты рай іс-қимылдың орындалу - орындалмау шартын білдіреді. Мысалы: Күн жылы болса, серуенге шығамыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |