V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
VI. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
2. 2-тапсырма. Ы. Алтынсариннің өлеңін түсініп, жаттау.
3. 3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.
4. 6-тапсырманы орындау.
VII. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Үй тапсырмасы. Ы. Алтынсариннің өлеңін жаттау.
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Менің отбасым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.
V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;
ә) оқушылардың дауыстап қайталауы;
б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
1) Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал – мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін ақ сақалды кісіні кім дейміз? (Ата, ақсақал).
2) Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізг жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ртегі айтып береді. Бұл кім? (Әже, апа).
VI. Бекіту.
3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.
Берік елден келген үлкен әжесін ертіп, қаланың кең көшесімен келе жатты.
- Берік, мына жерден өтйік, - деді әжесі.
- Әже, бұл жерден өтуге болмайды. Жаяулар өтетін арнаулы орын бар, - деді Берік.
Бұлар жаяулар өтетін жерге келіп тоқтады.
- Әже, осы жерден өтеміз.
- Берікжан, енді неге өте бермейміз?
- Әже, ана бағдаршамға қараңызшы, ол «машиналар өтсін, сендер тұра тұрыңдар» деп тұр. Қазір оның жасылы жанып, бізге «өтіңдер» деп жол береді, - деп түсіндірді немересі.
Осы кезде бағдаршамның жасылы жанып, жаяулар өте бастады. Олармен бірге Беріктер де өтіп кетті.
- Ой, керемет-ай. Қалада жүріп-тұру тәртіпке салынған екен. Бәрін де білуің, бәрін де орындауың керек. Бұларды кіп-кішкентай болып қалай біле бересің? – деп таңданды әжесі.
VII. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. «Менің отбасым» деген тақырыпқа сұрау есімдіктері арқылы сұраулы сөйлемдер құрап, сұрақтарға өзара жауап беріңдер. Сөйлемдерде септеулік, демеулік, жалғаулық шылауларды пайдаланыңдар.
VІІІ. Үй тапсырмасы. Ереже қайталау.
Сөйлесу бөлімі
-сабақ Мінездің ұнамды белгілері
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. Сөздік жұмысы. Сөздік
келбет – внешность жан дүниесі - внутренний мир
көркі – вид үңілу - заглянуть
құдай сақтасын! - боже упаси! ештеңемен - ничем
жуып кетіре алмау - не смыть
2. 1-тапсырма. А. П. Чеховтың айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлерін ортаға салу. Мәтіндегі жалғаулық шылаулары бар сөйлемдерді жазып алу.
3. 2-тапсырма. «Мінездің ұнамды белгілері» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Жеке-топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Оқулықтағы үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетон дар.
Ойынның жүру барысы
I нұсқа:
Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едеуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын тандап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
4. 3-тапсырма. «Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа» деген ата-бабаларымыздың айтқанын қалай түсінесіңдер? Осы тақырып бойынша шағын әңгіме дайындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттап келу.
-сабақ Менің отбасы мүшелерім қай тілде сөйлейді?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен жалғауларды қойып жазу.
Жауап үлгісі:
Мен қазақпын. Менің ана тілім – қазақ тілі. Мен қазақша сөйлеймін.
Мен орыспын. Менің ана тілім – орыс тілі. Мен орысша сөйлеймін.
Мен украинмын. Менің ана тілім – украин тілі. Мен украинша сөйлеймін.
Мен кәріспін. Менің ана тілім – кәріс тілі. Мен кәрісше сөйлймін.
2. 2, 3, 4, 5-тапсырмалар бойынша сайыс сабағын өткізу.
2-тапсырма. Берілген диалогті өз ойларыңша жалғастырыңдар, өзара сөйлесіңдер.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына кректі сөздерді қойыңдар.
4-тапсырма. Шылаулардың түрлрін қатыстырып, отбасы мүшелерің қай тілде сөйлейтіні туралы ауызша өз ойларыңды әңгімелеп беріңдер.
5-тапсырма. Отбасы мүшелеріңнің тілдері туралы 5-6 құрмалас сөйлемнен тұратын мәтін жазыңдар.
Сайыс сабағын жүргізбес бұрын, сынып үш топқа бөлінеді. Төмендегі кестеде берілген кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындап, әр топ ұпай жинайды.
Сайыс аяқталған соң, ұпаймен қорытынды жасалып, оқушылар бағаланады.
Кезең
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
|
Тапсырмалар
Топ
|
2-тап-сырма
|
3-тапсырма
|
4-тап-сырма
|
5-тап-сырма
|
Қорытынды ұпай саны
|
А
|
|
|
|
|
|
Б
|
|
|
|
|
|
В
|
|
|
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау.
Екі жұлдыз, бір тілек.
Оқушылардың тілектері мен ұсыныстары.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
-сабақ Менің туыстарым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұның айтып беру. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік жұмысы. Сөздік
отбасы мүшелері - члены семьи ағайындылар - родственники
ата - дедушка әже - бабушка
қария – старец ерлі-зайыптылар – супруги
немере - внук, внучка шөбере - правнук, правнучка
аға - брат әпке - сестра
қарындас - младшая сестра (по отношению к старшему брату)
сіңлі - младшая сестра (по отношению к старшей сестре)
тәлімгер – наставник ардақтау - проявление уважения
парыз – долг бауырлас - кровный родственник
жеңге – невестка жезде - зять (муж старшей сестры)
келін – сноха нағашы - дядя (родственник по линии матери)
жиен - племянник, племянница
Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсыр-маларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келіп, әр оқушыға ортақ баға қойылады.
2. 2-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап аудару.
Жауап үлгісі:
Ас – еда, бор – мел, естияр – дошколенок, кенж бала – самый младший ребнок, өзімшіл – игоист, кешірімшіл – простительный.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтыру.
Жауап үлгісі:
Мен ата-анама көмектестім.
Сен ініңді балабақшадан алып келдің.
Сіз немереңізге сыйлық алып бердіңіз.
Ол қарындасын мектепке апарды.
Біз туыстарымызбен қыдырдық.
Сендер нағашымды көрдіңдер ме?
Сіздер ағаммен ақылдасыңыздар.
Олар жеңгеммен хабарлассын.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңдар. «Сенің отбасыңда қанша адам бар?»
A. сұрау есімдігі арқылы B. сұраулық шылау арқылы
C. көмекші сөз арқылы D. интонация арқылы
2. Берілген сөйлемге тиісті шылауды қойыңдар. «Ол ана ... өлең оқыды.»
A. сияқты B. және C. Туралы D. әрі
3. Қате жазылған шылауды табыңдар.
A. Сіз оқисыз ба? B. Келеді ау деймін.
C. Ақ пен қара D. Сен ше?
4. «Табиғилық үшін адалдың пен шыншылдық қажет.» Берілген сөйлемдегі шылаулар түрін табыңдар.
A. септеулік, жалғаулық B. жалғаулық, демеулік
C. демеулік, септеулік D. септеулік, демеулік
5. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
A. анаң B. әкең C. Атаң D. әпкең
6. Толықтырыңдар: «Менің отбасым ... тұрады.»
A. бауырмал B. тату-тәтті C. Үлкен D. ақылды
7. Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар.
А. Әке, шеше, әже, ата. В. Мектеп, мұғалім, оқушы, бала.
C. Күзетші, суретші, жазушы. D. Аспазшы, наубайшы, жұмысшы.
8. Анаңды ардақта деген сөйлемде қойылатын тыныс белгісін табыңдар.
A. нүкте B. Үтір C. Дефис D. леп белгісі
9. Апалы-сіңлілердің баласы бір-біріне кім болады?
A. апалы-сіңлі B. ағалы-қарындасты
C. жиен D. бөле
10. Туыстық атауға жатпайтын қатарды табыңдар.
A. әже B. Нағашы C. Ұстаз D. жеңге
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
Құрмалас сөйлемнің неш түрі бар? Әрқайсысына мысал келтіріңдр.
Адамның ұнамды және ұнамсыз мінездерін ажыратыңдар және өзара бір-біріңе мінездемее беріңдер.
Шылаулардың неше мағыналық түрлері бар? Әрқайсысына мысал келтіріңдер.
Туыстық атаулардың бір-біріне жақындықтарын түсіндіріңдер.
«Туыстармен араласу» деген тақырыпқа диалог құраңдар.
«Ата көрген оқ жонар, ... ». Берілген мақалды жалғастырып, оның тәрбиелік мәнін түсіндіріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
II МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Тілашар» мәтінімен жұмыс
Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Ана тілінде сөйлеу» мәтінімен жаттығу жұмысы
Диалог бойынша жұмыс
Фонетикалық талдау жасау
|
45 минут
|
4-сабақ
|
«Әдеп» мәтінімен жұмыс
Сұрақтар дайындау
Жаттығуларды
орындау
|
45 минут
|
Қорытынды
|
5-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Бауыр
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп, бауырлар арасында қандай қарым-қатынастың болуы керектігін анықтап, шылау сөздерді теріп жазу.
Бауыр.
- Сен Әунді ренжітпе, - деді атам мені қасына шақырып алып. «Аға – бор, іні - тас» деген мәтелді естіп пе едің? Оның мәнісі былай: сен естиярсың ғой, ол болса әлі ақылы кірмеген сәби. Сондықтан да бірді түсінсе, бірді түсінбейді және кенже бала өзімшіл болады. Жалпы, жасы кіші бауырға кешірімшіл болу керек. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді ұмытпа!
(М.Қазбеков).
2. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің аудармасын тауып, мағыналарын түсіндіру. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.
Дұрыс аудармасы.
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
1. Қыз - қонақ.
|
1. Дочь - гостья в доме.
|
2. Әкең өлсе де, әкенді көрген өлмесін.
|
2. Пока живы знавшие отца, жива и память о нем.
|
3. Бес саусақ бірдей емес.
4. Ата - бәйтерек, Бала - жапырақ.
|
3. Пять пальцев на одной руке, и все разные.
4. Отец - дерево могучее, дети — его листья.
|
5. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
|
5.Как отблагодаришь отца, так отблагодарят дети тебя.
|
3. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген ойды өз беттерінше жалғастыру.
О бастан келе жатқан қазақ отбасының дәстүрлі құрылым жүйесі бойынша ата – ана, әке – шеше және бала – шаға бір шаңырақ астына топтасып тұратын. Осындай көп балалы отбасында өскен бала негізінен ата - әжесінің тәрбиесін көріп, ұлттық салт-сана мен халықтық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуші еді.
(«Жаңғырған салт-дәстүрлер» кітабынан).
V. Сабақты қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Сөздердің мағыналарын түсіндіріп, құрмалас сөйлем құрау.
1. Бала, немере, шөбере, ұрпақ.
2. Туыс, туысқан, ағайын.
3. Ел, жұрт, халық.
4. Отбасы, шаңырақ.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ Тілашар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.
Сөздік жұмысы. Сөздік
ерінбей-жалықпай - не ленясь бүлдіршін, бөпе - младенец, ребенок
жеке-жеке – отдельно шақыру - пригласить
саусақ – пальцы аты жоқ - безымянный
қабылдау – воспринимать
Сұрақтар:
1. Бүлдіршіндер алғаш дыбыс шығара бастағанда ата-ананың міндеті не?
2. Қазақ халқы баланың тілі тез шығу үшін қандай ырым жасаған?
3. Ана тілінің байлығын толық меңгеру үшін заттар қалай таныстырылған?
4. Саусақтардың атаулары қандай?
5. Қабылдауға жеңіл болу үшін қалай жаттатқызған?
2. 2-тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлем құрау.
Жауап үлгісі:
1) Бала үшке толғанда ата-анасы оған нені үйрете бастайды?
2) Сәбиге айтылатын ертегі қалай күрделеніп отырады?
3) Балаға айтылатын тұңғыш ертегіні аталарымыз қалай айтып бастаған?
3. 3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзін қалай түсінесіңдер? Жазып алып, шылаулардың астын сызу.
«...не көрсе соған талпынып, жылт-жылт еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып көріп,...ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп..., көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...»
V. Сабақты қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
2. Шылау сөздердің түрлері қандай? Мысал келтіріңдер.
3. Отбасы тақырыбына қандай мақал – мәтелдер білсіңдер?
4. А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзінде не айтылған?
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
3-сабақ Ана тілінде сөйлеу
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.
Жеті жасқа дейін тек бір тілде – ана тілінде сөйлеген сәби туған тілін ешқашан ұмытпайды. Көнеден келе жатқан қазақ зиялылардың тағылымы бойынша «жігіт болсаң, жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деп талап қоя тәрбиелейді. Мысалы, ұлы ғалымымыз Ш.Уәлиханов осы талапқа сай жеті жұрттың тілін білген.
(М.Қазбеков).
2. 2-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
- Отбасыңда қай тілде сөйлесесіңдер?
- Отбасымда қазақ тілінде сөйлесеміз .
- Ата – анаң тағы да қандай тілдерді біледі?
- Ата – анам орыс тілін біледі .
- Өзің қазақ, орыс тілінен басқа қандай тілдерді білесің?
- Ағылшын тілін білемін .
- Ағылшын тілін қалай меңгеріп жүрсің?
- Ағылшын тілін мектепте оқып біліп жүрмін .
- Қосымша сабақ алып жүрсің бе?
- Иә, қосымша сабаққа келіп жүрмін.
- Қазақ тілін толық меңгеру үшін не керек? Қалай ойлайсың?
- Қазақ тілін толық меңгеру үшін қазақша сөйлесетін ортада көп араласып, грамматикасын жақсы меңгеру керек деп ойлаймын.
3. 3-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Отбасы, татулық, тәрбие.
Жауап үлгісі: от – ба – сы, үш буын, 1-тұйық буын, 2-3-ашық буындар.
О – дауысты дыбыс, ашық, еріндік, жуан.
Т – дауыссыз дыбыс, қатаң.
Б – дауыссыз дыбыс, ұяң.
А – дауысты дыбыс, жуан, езулік, ашық.
С – дауыссыз, қатаң.
Ы – дауысты дыбыс, қысаң, жуан, езулік.
6 әріп, 6 дыбыс.
V. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:
Ана тілі
VI. Үй тапсырмасы. Отбасындағы тәрбие туралы әңгіме құрау.
4-сабақ Әдеп
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Әр абзацтағы негізгі ойды анықтау.
Сөздік жұмысы. Сөздік
үлгі-өнеге - пример, образец ысырап - напрасная трата
дағды - навык қалыптасу - формироваться
сауап - благодеяние, добро бұзылу - нарушаться
кесір - вред, зло борыш - долг
обал - жалко, жаль адамгершілік - человеческий
«Әдеп» мәтінімен «Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны бойынша да сабақ жүргізуге болады. Ол үшін мәтін бойынша мұғалім III, II деңгейлі тапсырмаларды дайындайды.
«Бақытты сәт» ойынының шарты:
Мұғалім оқушыдан қай деңгейде жұмысқа дайын екендіктерін анықтап сұрайды. II деңгейді талдағандар белгіленген үстелге отырады, III деңгейді таңдағандар басқа үстелге жиналады.
2 үстелдің әрқайсысына сұрақтар жазылған конверттер қойылады (олардың көп болғаны дұрыс, себебі қанша оқушының қай деңгейді таңдағанын дәл анықтау қиындық туғызады).
Ойын 2 кезеңде өткізіледі.
1-кезеңде «III деңгейді» таңдаған оқушылар ойнайды. Қалған оқушылар бұл уақытта керермен болады. Жүргізуші үстел басында отырғандардың барлығының 1 конверттен таңдап алуына мүмкіндік береді. Оқушылардың біреуіне жауапқа сай алынған бағаға 1 ұпай қосылуын білдіретін «бақытты сәт» карточкасы түсуі мүмкін (егер оқушы 3 ұпайға жауап берсе, онда 4 ұпай алады). Ойын барысында мұндай жүйе «II деңгейдің» үстелінде де сақталады.
«III деңгей» үстелінде ойын аяқталғанда, жүргізуші жеңімпазды анықтайды.
Әрі қарай «II деңгей» үстелі ойнайтын 2-кезең басталады. Қалғандары олардың ойындарын қадағалайды. Ереже 1-кезеңдегідей.
Ойын соңында екі кезеңнің жеңімпаздарының аты аталады.
2. 2-тапсырма. Әр сөйлемге сұрақ құрау. Құрмалас сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу.
Жауап үлгісі:
1. Әр халықтың өз дәстүрі бар ма?
2. Отбасында баланы тәрбиелеу қалай болу керек?
3. Үлкендермен қалай қарым – қатынас жасау керек?
4. Біреуге жақсылық істесең не болады?
5. Ата – анаңның тапқанын қалай жұмсау керек?
V. Сабақты қорытындылау.
3. 3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарымен танысып, сөйлем құрау.
1. Ысырап – шығын, босқа шашу.
2. Кесір – зиян, жамандық.
3. Салт – дәстүр, әдет – ғұрып.
4. Әдеп, сыпайылық.
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Өз отбасыларындағы бір жақсы дәстүр туралы жоспар құрып, әңгімелеу.
5-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Ағасы бардың... бар».
A. тынысы B. жағасы C. көңілі D. отбасы
2. Тілашар қандай салт?
A. бала дүниеге келгендегі той B. баланы бесікке бөлегендегі той
C. бала жүре бастағандағы салт D. бала сөйлей бастағандағы салт
3. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын атандар. Бала алғаш дыбыстар шығара бастағанда, ата-ананың міндеті қандай?
A. Сұраулық шылау арқылы B. Интонация арқылы
C. Оқшау сөздер арқылы D. Сұрау есімдігі арқылы
4. Балаға ата-анасы неше жасқа толғанда ертегі айтуы тиіс?
A. екі жасқа B. үш жасқа C. бес жасқа D. төрт жасқа
5. Әдептілікке тәрбиелеу қайдан басталады?
A. мектептен B. Достарынан C. Отбасынан D. сыртқы адамдардан
6. Төмендегі сөздерден «ысырап» сөзінің синонимін табыңдар.
A. теріс әрекет B. бос шашу C. құрметтеу D.зиянды
7. Төмендегі мақалдардан құрмалас сөйлемді табыңдар.
А. Бес саусақ бірдей емес.
В. Отан - оттан да ыстық.
C. Тәрбие отбасынан басталады.
D. Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
8. Төменнен дұрыс жазылмаған шылауды табыңдар.
A. барған-ды B. келеді міс C. үркек қой D. Отан үшін
9. Керекті шылауды табыңдар. Ата-ана баласы ... бәріне дайын болады.
A. сияқты B. Туралы C. Үшін D. арқылы
10. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
A. беске B. Алтыға C. Үшке D. екіге
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
Отбасына арналған дәстүрлерді атап беріңдер.
Әдептілік жөнінде бірнеше сөйлемдер құраңдар. Сөйлемнен шылаудың түрлерін ажыратыңдар.
Сптеулік шылаудың қанша септікпен байланысатынын мысал келтіру арқылы дәлелдеңдер.
Үлкенді құрметтеу жөнінде қазақ халқындағы кейбір тыйым сөздерге тоқталып, күнделікті естіп жүргендеріңнен мысал келтіріңдер.
«Тәрбие отбасынан басталады» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.
«Ағасы бардың жағасы бар, ... ». Берілген мақалды жалғастырып, оның тәрбиелік мәнін түсіндіріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
|
7-сынып Қазақ тілі
|
Сабақ тақырыбы
|
Диктант «Дөң басында»
|
Жалпы мақсаттар
|
Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу.
Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.
Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.
Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.
|
Оқыту нәтижелері
|
Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; Ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; Пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.
|
Негізгі идеялар
|
Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.
|
Дереккөздер,сілтемелер
|
«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар. М.С.Атабаева. 2002ж .
|
Ынтымақтастық атмосфера тудыру
|
Мұғалім жазбалары
|
Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа- райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?
|
Тұсаукесер
|
Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.
|
Мағынаны тану
|
Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Дөң басында
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін қоңыр салқын леп біліне бастаған. Қызыл күн таудан асып, ұясына кіріп барады. Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады. Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты. Алыста қара қошқыл тау да біліне бастаған көлеңкедей әжімі жиылып, салқын пішінмен түнергендей.
Ептеп қоңырқай тартқан. Жым-жырт. Күн батты. Қызыл шапақтың көрікті ажары минут сайын бәсеңдеп барады.
(78 сөз)
|
|
Жазу кезеңі Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.
|
Қосымша тапсырмалар
|
Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.
|
Ой толғаныс
|
Не себепті қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды?
|
Үй тапсырмасы:
|
Қайталау ережелері. Шешендік сөздерден 6 сөйлем жазып,сөйлем мүшесіне талдау.
|
Бағалау
|
Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету
|
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.
Міндеттер: Өз ойын еркін жеткізе білу. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін шыңдау. .
Асхана.
Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханада ауыл адамдары тамақ ішеді. Асханадағы аспаз тамақты өте дәмді пісіреді. Асханада әрдайым ыстық тамақ, салаттар жеуге болады. Асхананың іші жарық, кең және таза.
Біз мұғаліммен асханаға келдік. Барлығымыз орындықтарға отырып тамақ іштік. Тамақ өте дәмді болды. Барлығымызға асханада өте ұнады. Біз аспазға алғыс айттық. (51 сөз)
Тапсырмалар.
І нұсқа
ІІІ деңгей
Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: асхана, мұғалім.
Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.
Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар.
ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: Аспаз, ауыл.
Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.
Тамақ өте дәмді болды.
ІІ деңгей.
І нұсқа
1.Дыбыстық талдау жаса: Жарық
2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Біздің, тамақты, асханада.
ІІ нұсқа
1.Дыбыстық талдау жаса: Аспаз.
Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Мұғаліммен, ауыл, аспазға.
І деңгей
І нұсқа
Отбасы туралы әңгіме құра.
Білім туралы 2 мақал-мәтел жаз.
ІІ нұсқа
Мектеп туралы әңгіме құра.
Отбасы туралы 2 мақал-мәтел жаз.
Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:
Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса – «3» (50%)
Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)
Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)
ІІІ МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Тұрмыстағы мәдениет
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Өз үйім - берік қамалым»
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
Тіл дамыту
Жаттығуларды
орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Тұрмыстағы мәдениет» мәтінімен жаттығу жұмысы Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
Қорытынды
|
4-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Өз үйім — берік қамалым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. Мәтіннің мазмұнына қарай ат қою.
Сөздік жұмысы. Сөздік
қамал - крепость бағалау – ценить
қосылу - присоединиться өзгелер – другие
сүйіспеншілік – любовь мәдениет - культура
торышар - недальновидный, ограниченный қабырға – стена
ескере брмеу – не учитывать таң ату – наступление утра
баспалдақ – лестница ресми – официально
амандасу – здороваться жайлы – удобный
ұмтылу – стремиться өз орны – на месте
шашылу – разбросать міндет – обязанность
жауапкершілік – ответственность
«Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы сабақ жүргізу.
Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оған өзін-өзі тексеруі үшін дайын жауап үлгісін (дұрыс шешімді) береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін-өзі солай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы (мысалы, II деңгейдің бірінші тапсырмасын орындап болған соң, ол III немесе I деңгейдің екінші тапсырмасын орындауға кірісе алады).
Оларға жеке парақтарда жауап үлгілері (дұрыс шешім үлгілері) дайындалады. Содан кейін осы материал сынып оқушыларының санына қарай көбейтіледі.
2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, керекті шылауларын қойып жазу. Мәтін бойынша өз пікірлерін айту. «Көршілерге қатысты нені ескеру керек?» деген сұраққа жауап беру.
3. 3-тапсырма. Отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары туралы айтып беру. Мәтінде айтылған пікірлермен келісесіңдер ме? Шылаулардың түрін анықтау.
Бұл тапсырманы терме диктанты ретінде де орындауға болады.
V. Сабақты қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын анықтау.
- Адамның рухани болмысын неден көруге болады?
- ... .
- Үйлі жайлы ететін не?
- ... .
- Пәтердің таза болуы нені талап етеді?
- ... .
- Үйдегі міндеттер қалай атқарылуы керек?
- ... .
- Еңбек кішкене балаларды неге тәрбиелейді?
- ... .
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ Тіл дамыту
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. «Отбасы» деген тақырыпқа төменде берілген сызба бойынша сөйлемдер құрау.
1) Атау септігіндегі зат есім (туралы , үшін, сияқты).
2) Барыс септігіндегі зат есім (дейін, қарай).
3) Етістік (демеулік шылау: ба,бе,ма,ме, па, пе).
4) Зат есім (және, өйткені, сбебі) зат есім.
2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрау. Мәтінге ат қою.
Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
Сөздік
тәртіптілік - дисциплина
тазалық - чистота
қол орамал - носовой платок
жастайынан - с детства
сыпайылық - вежливость
құрметтеу - уважать
әділдік - справедливость
үлгі – образец
бала өмірдгі алғашқы тәлімін үйде алады. Баланың адал адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуы тиіс.
Баланы тәртіптілік пен тазалыққа, тамақ ішерде қолын жууға, ұйықтар алдында бетін ғана емес мойны мен аяғын да жуып, тісін тазалауға, қол орамалды пайдалана білуге, тамақты дұрыс отырып жеуге жастайынан үйрету керек. Ата – аналар балаларды күн сайын сыпайылыққа, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
V. Сабақты қорытындылау.
3. 3-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті сөздерді қойып жазу.
1) Бала тамақ ішерде қолын жуу керек.
2) Ұйықтар алдында бетін, мойнын, аяғын жуып, тісін тазалайды.
3) Аузын тамаққа толтырып алып сөйлеуге болмайды.
4) Үлкендер тәрбиелеу керек.
VI. Үй тапсырмасы. I модульде берілген ережелерді қайталау.
3-сабақ Тұрмыстағы мәдениет
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. «Тұрмыстағы мәдениет» мәтінін әңгімелеп, өз ойларын білдіру.
Тұрмыстағы мәдениет - өз үйіміздегі және өзіміздің өмір салтымыздағы мәдениет. Өкінішке орай, тұрмыстағы мәдениетті өз үйінің тазалығы мен әдемілігі деп қана түсініп, қоғамдық үйлерді, бау – бақтар мен саябақтардағы, көшлердегі тазалық пен тәртіпке алаңдамайтын адамдар әлі де бар.
«Аяқтарыңызды сүртуді өтінеміз», «Тазалық сақтаңыздар», «Көк шөпті баспаңыздар» деген ескертулер біздің тұрмыстағы мәдениетіміздің жеткіліксіз екенін дәлелдейді.
Тұрмыстағы мәдениеттің негізгі шарттарының бірі – санитарлық ережелерді, тәртіпті сақтау мен әдемілік сезімінің жоғары дамуы. Біздің қоғамымызда тұрмыстағы мәдениетке көп көңіл бөлінеді.
Сұрақтар:
1. Тұрмыстағы мәдениет деген не?
2. Сендердің тұрмыстағы мәдениеттерің жеткілікті ме?
3. Сендер санитарлық ережелер мен тәртіпті сақтайсыңдар ма?
2. 2-тапсырма.
Балалардың үйлер қабырғаларын шимайлауына, көк шөптерді басуына, гүлдерді жұлуына, ағаштарды сындыруына тыйым салатын ескертулерді дайындап, мектептің қабырға газетіне ұсыну.
3. 3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау.
Жауап үлгісі:
1. Тұрмыстағы мәдениетке көп көңіл бөлінді.
2. Балалар, тазалық сақтаңыздар!
3. Еңбек – балалар бойында жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
V. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:
Тұрмыстағы
мәдениет
деген не?
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Ата-аналарына үйде қалай көмектесетіндері туралы әңгімелеу.
4-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Өз үйім - берік...»
A. бесігім B. Қамалым C. Қорғаным D. отбасы
2. Бақытты отбасын құруға ең қажеттісін табыңдар.
A. үй B. көлік С. Татулық D. үй ішіндегі заттар
3. Тәрбие қайдан басталатынын табыңдар.
A. мектептен B. Балабақшадан C. Отбасынан D. достарынан
4. Сыңарлары бағыныңқы, басыңқы болып бөлінетін құрмалас сөйлемді табыңдар.
A. салалас құрмалас B. сабақтас құрмалас
C. аралас құрмалас D. ыңғайлас құрмалас
5. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңдар. Осында сен ... келдім.
A. туралы B. Үшін C. Кейін D. шейін
6. Пәтердің таза болуы мен онда тәртіптің сақталуы нені талап етеді?
A. әрбір заттың өз орнында тұруын B. қымбат дүниелердің болуын
C. отбасы мүшелерінің түгел болуын D. кішкентай балалардың көп ойнамауын
7. Сұраулық шылау арқылы жасалған сөйлемді табыңдар.
А. Жаңбыр жауып тұр (ма). В. Ғылым таппай мақтан (ба).
C. Жабырқа (ма), сабыр қыл. D. Орын таппай баптан (ба).
8. Тұрмыстағы мәдениеттің негізгі шарттарын табыңдар.
A. өз үйіміздің ғана тазалығы B. сырт киімдеріміздің тазалығы
C. жуынатын бөлменің тазалығы
D. үйде, қоғамдық орындарда санитарлық ережелердің сақталуы
9. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңдер.
A. Айжан дүкенге кетті. B. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
C. Күн де шығып түр, жел де соғып тұр. D. Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
10. Сұрау есімдігімен жасалған сұраулы сөйлемді табыңдар.
A. Сіз барасыз ба, әже? B. Сіз де барсаңыз қайтеді?
C. Кімің келіп кетті? D. Жетісудікі?
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
«Тәрбие отбасынан басталады» деген тақырып төңірегінде шағын әңгіме жазыңдар.
«Отбасы» сөзіне синонимдес сөздерді сөздіктен қарап, мағынасын ашыңдар.
Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің айырмашылығы қандай?
Септеулік шылаулар қанша септікпен байланыса алады?
Тұрмыстық мәдениетте санитарлық ережелерді қалай сақтайсыңдар?
Бала өміріндегі ата - ананың рөлі қандай?
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.
IV МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Сыйлықтар
Грамматикалық тақырыбы: Біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Сыйлықтар»
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Сыйлық берілетін қуаныштар» мәтінімен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Сыйлықты қашан береді?» диалогі Жаттығу жұмыстары
|
45 минут
|
4-сабақ
|
«Сыйлықты таңдау» Жаттығуларды орындау Суретпен жұмыс
|
45 минут
|
5-сабақ
|
«Кімге не сыйлау керек?»
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулар
|
45 минут
|
Қорытынды
|
6-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Тұйық етістіктің түрленуі
1. Екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін, бір сұраққа жауап беретін сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Мысалы: тасбақа, Ақтөбе, т.б.
Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады.
Мысалы: Талдықорған, т.б.
Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе, оны кіріккен сөз деп атайды.
Мысалы: биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), жаздыгүні (жаздың күні), қарлығаш (қара ала құс), сексен (сегіз он), т.б.
2. Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін түрі тұйық етістік деп аталады. Тұйық етістік не істеу? деген сұраққа жауап береді. Тұйық етістік у жұрнағы арқылы жасалады.
Мысалы: аудару, орындау.
Тұйық етістік көптеледі (тексерулер), тәуелденеді (менің айтуым - I ж.), септеледі (тексерудің - і.с).
3. Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын!
Лепті сөйлемдердің жасалу жолдары:
1) Одағай сөздер арқылы.
2) Күшейткіш мәнді сөздер арқылы.
3) Демеулік шылаулар арқылы.
4) Интонация арқылы.
|
Сөздік жұмысы. Сөздік
ынталандыру – поощрение сый-сияпат - подарок
мүмкіндік - возможность ілтипат - внимание
айналдыру - превратить ықылас - желание
шын пейіл - от души мейірімділік - доброта
талғам - здесь: вкус қиял - мечта
тапқырлық – находчивость
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сездік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |