Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



жүктеу 2,67 Mb.
бет4/17
Дата14.02.2020
өлшемі2,67 Mb.
#29050
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген тірек сөздер мен тірек сызбаларды мәтінге айналдыру.



Сөздік.

Қашқаргүл – астра

Бақытгүл – хризантема

Баршынгүл – гладиолус

2. 2-тапсырма. Гүлдердің мағыналарымен танысып, есте сақтау. Гүл атауын білдіретін біріккен сөздерден лепті сөйлемдер құрау.

Қызыл қалампыр – махаббат

Нарғызгүл (георгина) – құрмет

Лалагүл (лилия) – жастық шақ

Қызғалдақ – түсіністік

Итмұрын (шиповник) – үйлесімділік

Ақгүл (жасмин) – сыпайылық

Лаванда – сенімсіздік

Ақ раушан – үнсіздік

Шегіргүл (фиалка) – кішіпейілдік

3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырма­ны орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оған өзін өзі тексеруі үшін дайын жауап үлгісін (дұрыс шешімді) береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін әзі солай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тап­сырмаларын орындауға құқылы (мысалы, II деңгейдің бірінші тапсырмасын орындап болған соң, ол III немесе I деңгейдің екінші тапсырмасын орындауға кірісе алады).

Мұғалім сабаққа тек 6 тапсырма дайындайды (бірінші және екінші нұсқаларға арнап, үш күрделілік дәрежесіндегі үш тапсырмадан жеке-жеке парақтарда). Оларға жеке парақтарда жауап үлгілері (дұрыс шешім үлгілері) дайындалады.

V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. «Гүл сыйлай білесіз бе?» мәтініне диа­лог құрастырып, өзара сөйлесу.



VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5. 5-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.


3-сабақ Балаларға арналған сыйлықтар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау. Тұйық етістіктердің септіктерін анықтау.

2. 2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасау.

«Балаларға арналған ойыншықтар қандай болу ке­рек?» мәтіні бойынша «Тірек сызба» оқыта үйрету ойынын жүргізу.

«Тірек сызбаларын құру және қорғау» оқыту ойыны

Жұмыстың бірінші кезеңінде мұғалім сол жұмыс түрінің мазмұның ашады, оқушыларға оның бағытын түсіндіреді, тірек сызбаларын қалай құруға болатындығын мысал (үлгі) келтіре отырып көрсетеді, топтар арасындағы жарыстарды өткізу ережесімен таныстырады. Сабақтың бұл бөліміне 10 минут кетеді.

Бұдан соң сынып 5 топқа бөлініп, «А», «Б», «В», «Г», «Д» әріптерімен белгіленген үстелдерге отырады. Әр топтың жұмысын бағалайтын және белгіленген критерийлерге сәйкес жарыстың қорытындысын шығаратын сарапшылар (аналитиктер) тобы бөлек тағайындалады. Сарапшылар әр топ жұмыс жүргізіп жатқан кезде жұмыс барысын бақылай отырып, 1-үстелден 2-үстелге ауысып отырады. Әрбір топ тірек сызбасы құрылатын тақырып атауын алады. Тақырып тақтаға жазылады, не оны әр топ ойын алдында кеспелерге жазылу түрінде алады.

Тапсырма алып, топтар іске кіріседі. Топтар жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім олардың жұмысын бақылайды, көмектеседі және үстелдегілердің барлығының жұмыс істеуін қадағалайды (топтардың жұмысына берілген уақыт - 30 минут).

Осы сабақтың соңына қарай тірек сызбалары (ТС) қорғауға дайын болуы керек. Жұмыстың келесі сағаты - топтардың тірек сызбаларын қорғауы. Топ өкілдері сөйлеуге 5 минут алады және бірге істелген шығармашылық жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Сарапшылар тобы арнайы бағалау парақтарына критерийлерге сәйкес әр топқа ұпай (балл) қойып шығады.

Бағалау парағы мынадай болуы мүмкін:



Үстел

Топ құрамы

Өкіл (оқушының аты-жөні)

Тақырыпқа сәйкестілігі (1-3 б)

Мазмұндылығы

(1-4 б)



Формаға сәйкестілігі (1-3б)

Шығармашылық тұрғыдан келу

(1-5б)

Әсемділігі

(1-4 б)


ТС қорғауы (1-5б)

Жалпы қорытынды




1

























«А»

2




























3

























Әр сарапшы өз бетінше бағалау парағын толтырады және қорытындылау көзінде өз бағасын береді. Топтардың алған барлық ұпайларын есептеу негізінде жеңген коман­да анықталады.
V. Сабақты қорытындылау.

3. 4-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес жауапта­рын тауып, диалог құрастырып, өзара сөйлесу.



VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіннен тұйық етістіктеріне сөз құрамына қарай талдау жасау.

4-сабақ Мен досыма қандай сыйлықтар сыйлаймын?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Төменде берілген синоним сөздерден сөйлемдер құрау.

1. Мейрам, мереке, той.

2. Тойлау, мерекелеу, мейрамдау.

Үлгі: Біз мерекеге жақсы дайындалдық. Ол мерекені тойлауға Астана қаласына келді.
2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Таңдау – выбор талғам – вкус

Пайдалы – полезный керексіз – ненужный

Міндетті емес – не обязательно бірігіп – вместе

Ұнау – понравиться жағдай – условие

Туыс – родственник



Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш деңгейлі тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетондар.
Ойынның жүру барысы

I нұсқа:


Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдындағы үш деңгейлі тапсырмалардың барлық сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс. Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған бала­лар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден оты­рады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сонан соң, мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмалары­мен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.


V. Сабақты қорытындылау.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.


VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құрау.

5-сабақ Анама қандай сыйлық сыйлаймын?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып берілген сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрау.

Анама – гүл сыйлау, хош иісті май, жүрекжарды өлең, ыдыс – аяқ жиынтығы, әшекей бұйымдар, қолдан жасалған туынды.
2. 2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқу. Ы. Алтынсариннің берілген өлеңін негізге ала отырып, аналарының өз өмірлеріндегі орнын сипаттап айтып беру.
3. 3-тапсырманы «Әңгіме құрастыру» оқыта үйрету ойыны бойынша орындау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.
«Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны

Бұл ойын сөйлесу бөлімінің бірінші сабағында оқушылардың материалмен өз бетінше жұмыс жүргізуіне көмектеседі.

Сыныпта қаншалықты сұрақтарды қарастыру қажет болса, соншалықты оқушылардан тұратын топтар болу керек. Мысалы, 5 сұрақ болса, онда топта 5 оқушыдан болуы тиіс, егер 4 сұрақ болса, онда 4 оқушы болуы ке­рек, т.с.с.

Әр оқушыға реттік нөмір беріледі, яғни әр топ­та бірінші, екінші, үшінші және т.б. нөмірлер болады. Мұғалім тақтаға сәйкес материалдың оқулықта орналасуын көрсете отырып, нөмірлерге арнап сұрақтар жазады. Материалды өз бетінше игеруге 20 минут бөледі. Кейінірек әңгімелеу көзінде қолданылатын тезистерді оқушылар сұраққа жауап беру көзінде қолдануына бо­лады. Келесі турда оқушылар өз тобында кезекпен өз сұрақтарына жауап береді.

Екінші турдың уақытын қалай реттеуге болады? Егер топта 5 адамнан болса (яғни әрқайсысының сөйлесуіне 5 минут бөлінеді), сабақтың қалған 25 минуты 5 бөлікке бөлінеді; егер топта 4 адам болса, онда сөйлеуге 6 минуттан беріледі және т.с.с.

Өз әңгімесінің мазмұның түсіндірген соң, оқушы өз тобында бағаланады (яғни бағаны топтың барлық мүшелері қояды).



Сұрақ: Мерекеде анаңа қандай сыйлық сыйлайсың?
V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Берілген үлгіге қарап, өз аналарына тілек жазу. Лепті сөйлемдердің жасалуына назар аудару


VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Суреттегі берілген гүл шоқтарының қайсысын анаңа сыйлар едің?



6-сабақ Сыйлық жасау дәстүрі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту,

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырманы орындау.



2. Сөздік жұмысы. Сөздік

мыңжылдық - тысячелетие достықтың белгісі - знак дружбы

орта ғасыр - средневековье сыйлықты таңдау - выбрать подарок

баға – цена ыңғайсыз жағдай - неудобное положение

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

1) Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.



2) Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

3) Сөйлем құрау.


2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Сыйлық ненің белгісі?

2. Сыйлық беру әдебі қай ғасырдан бастап қалыптасқан?

3. Сыйлық тарихы неше жылды қамтиды?

4. Сыйлықты таңдар кезде оның несіне көңіл аударған?

5. Сыйлықтың бір сомадан аспауы қай елде қадағаланды?

6. АҚШ-та «Қызметкерлердің этикалық кодексі» қай президенттің тұсында қабылданды?
3.3-тапсырма. Берілген сөйлемге тиісті тұйық етістіктерді қою. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап аудару.

Бұл мәтінді төмендегі берілген рөлдік оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.


Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары

Рөлдік ойын

Дөңгелек үстел, эксперттік комиссияның отырысы, форум және т.б. формада жүргізіледі. Құрал-жабдығы:



1. Рөлдердің, командалардың, топтардың сілтеме көрсеткіштері. Бағалау парағы.

2. Белгі жалауша.

3. «Тайм-аут» кестешесі.




жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау