VI. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма. Берілген атаулар бойынша қалаған суреттерін салу. Салынған суретті бірнеше сөйлеммен сипаттап беріп, еріндік дауыстылардың жасалуына назар аудару.
4-сабақ Менің әуес ісім — фотоға түсіру
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
Сөздік жұмысы:
Тарих шежіресі – летопись истории қызығу – интересоваться
Ерекше туынды – особое произведение қас қағым сәт – мгновение
Байқағыштық – наблюдательность дамыған елдер – развитые страны
Жағдай – условие авторлық құқық – авторское право
Қаламақы – гонорар
әлеуметтік жағдайлар – социальные условия
1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Фотоға түсіру адамнан қандай қасиеттерді талап етеді?
2. Фотоға түсіру туралы білетініңді жазып, термин сөздерді атаңдар.
ІІ деңгей
1. Түсірілген фотоларыңды алып, не бейнеленгенін айтып беріңдер.
2. Берілген сөйлемдегі етістің түрін анықтаңдар.
Айналадағы заттар фотоға түсірілді.
І деңгей
1. Берілген сөйлемдердегі дауыстыларды еріндік және езулік дауыстыларға ажыратыңдар.
Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Фотоөнер – қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.
2. Фотоға түсірудің қыр-сырын қосымша әдебиеттерден қарап, әңгімелеп беріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
2. 2-тапсырма. Сөздерді жіктеу.
А) Жіктеңдер:
Мен фотосуретшімін. Біз фотосуретшіміз.
Сен фотосуретшісің. Сендер фотосуретшісіңдер.
Сіз фотосуретшісіз. Сіздер фотосуретшісіздер.
Ол фотосуретші. Олар фотосуретшілер.
ә) Сөздерді тәуелдеңдер.
Менің фотосуретім. Менің әуес ісім.
Сенің фотосуретің. Сенің әуес ісің.
Сіздің фотосуретіңіз. Сіздің әуес ісіңіз.
Оның фотосуреті. Оның әуес ісі.
VI. Үй тапсырмасы.
3-тапсырма. «Сенің әуес ісің қандай?» деген тақырыпқа өз сыныптастарымен диалог құру, өзара сөйлесу.
5-сабақ Менің әуес ісім - ән айту
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
Сөздік:
Пікір – мнение
Қадірлеу – уважать
Кәсіп ету – заниматься
1. 1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Диалогке ат қою.
- Мен сіздің ән жайлы пікіріңізді білу үшін, әлгі сөзді әдейі айтқан едім. Ән мен жырды қадірлеушілердің бірі өзіңіз болдыңыз.
- Сол айтқан Бұғылы мен Тұғылыңыз – сонау көрінген таулар.
- Дауысыңыз тамаша, жақсы екен.
- Иә, әнші болғаным да рас. Бірақ әнді кәсіп ету – біз сияқтыларға екіталай жұмыс. Әнге әуеспін десем болады.
- Біз өзіңіздің әнге деген сүйіспеншілігіңізге тәнті болдық.
- Рақмет, сендер оқуды жаңа бітіріп келген жас мамансыңдар, әлі де әннің қыр-сырын біле жатарсыңдар.
2. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді көшіріп жазу. Толықтырған сөзге сұрақ қойып, үлгі бойынша жазу.
Үлгі: Әсет әнші болуды армандайды. - Нені армандайды? - Әнші болуды.
Біз ән айтқанына риза болдық. Ол халқына сыйлы әнші. Мен қазақша әндер айтып жүрмін. Олар қазақ әншілері жайлы сөйлесті. Оқушылар ән үйірмесі туралы сөйлесті.
4. 5-тапсырма. Қазақстанның белгілі әншілері туралы не білесіңдер?
Күләш Бәйсейітова _________________________________________________
Роза Бағланова ____________________________________________________
Бибігүл Төлегенова _________________________________________________
Роза Рымбаева _____________________________________________________
V. Сабақты қорытындылау.
3. 4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру. Өзара осы сұрақтар төңірегінде пікірталас ұйымдастыру.
1. Сен қандай ән жанрын ұнатасың?
2. Мектептегі қоғамдық шараларда өн айтасың ба?
3. Қазақша өндерді тыңдағанды ұнатасың ба?
4. Көбіне қандай өндерден өсер аласың?
5. Қазақ әншілерінің қайсысынан үлгі аласың?
6. Болашақта қай әншіге ұқсағың келеді?
7. Әуестенген әндеріңнің жинақтары, үнтаспалары бар ма?
VI. Үй тапсырмасы.
2-тапсырма. Берілген бос орындарға керекті еріндік дауыстыларды қойып жазу.
6-сабақ Менің әуес ісім - ас дайындау
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
Сөздік:
Тағам – еда пища пышақ - нож
Дәмді – вкусный үккіш - терка
Тәбет – аппетит еттартқыш – мясорубка
Тоңазытқыш – холодильник тағамның сапасы – качество еды
Залалсыздандыру – стерилизовать
1. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Мәтінді түсініп оқып, түсініксіз сөздерді сөздіктен қараңдар.
2. Мәтінде берілген ырықсыз етістерді көшіріп жазып, жасалу жолына назар аударыңдар.
ІІ деңгей
1. Өздерің жақсы көретін тағамның дайындалу ретін жазыңдар. Мәтіннен еріндік дауыстыларды табыңдар.
2. Қандай тағам түрлерін әзірлегенді ұнатасың? Берілген кестені толықтырыңдар.
Салқын тағамдар
|
Ыстық тағамдар
|
Сүт тағамдары
|
Сусындар
|
|
|
|
|
І деңгей
Үйде ата-аналарыңа қандай тағамдар дайындауға көмектесесіңдер. Дайындаған бірінші, екінші тағамдарың туралы шағын мәтін жазыңдар.
2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Ac дайындау барысында қандай тұрмыстық техникалар қолданылады?
2. Ac дайындауда қандай талаптарды сақтау керек?
3. Ac әзірлеп болған соң, құрал-саймандарды қайда қою керек?
3. 4-тапсырма. Берілген диалогті оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.
4. 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Айнұрдың ас дайындауға әуесі бар ма?
2. Өсем ас дайындағанда кімге көмектеседі?
3. Өсем қандай салат дайындауды біледі?
4. Әсем дайындаған салаттың құрамында нелер бар?
V. Сабақты қорытындылау.
6. 7-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сөйлем құрау.
Маған салқын тағамдар ұнайды. Тәтті тағамдармен шай ішкенді жақсы көремін. Сүт өнімдері ағзаға өте пайдалы. Сусындарды шөлдегенде салқындатып ішкен жақсы. Мен уақытымен тамақтанамын.
3-тапсырма. Берілген ойды мағынасына қарай аяқтау
Ас әзірлеуші адам жұмысына кіріспестен бұрын қолын сабындап ...
Ас әзірлейтін ыдыс таза ...
Көбіне көкөністерден жасалатын жеңіл тағамдарды дайындауды ...
VI. Үй тапсырмасы.
5. 6-тапсырма. Асқа байланысты жаңылтпаштарды жаттап алу.
7-сабақ Менің әуес ісім — спортпен шұғылдану
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.
Менің әуес ісім - ... шұғылдану.
Спорттың ... көп.
Мен аптасына екі рет футболға ... .
Біз баскетболдан ... орын алдық.
Спорттың қай-қайсысы да денсаулыққа ... .
2. 2-тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Шұғылдану, денсаулық, әуес ісім.
4. 5-тапсырма. Берілген диалогті оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендерін айту.
Шахматшы Гүлнәр
- Фәния апай, сәлеметсіз бе, Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші.
- Есен-саусыз ба, таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін?
- Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын.
- Ә, Аида апайы екенсің ғой, қазір шақырайын.
- Гүл-л-нәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр.
- Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан келген жеделхат менің алдымда жатыр.
- Менімен бірге сіз де барасыз ба?
- Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешетін болады. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шахматқа жолың енді ашылды білем. Ал қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел.
- Қазір жетемін, апай.
5. 6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құрау.
Жауап үлгісі:
1. Шахмат V ғасырда...
|
Индияда пайда болған.
|
2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік біріншілік...
|
АҚШ-та өтті.
|
4. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы...
|
Вильгельм Стейниц болды.
|
5. Лондонда әйелдер арасында...
|
дүниежүзілік біріншілік өтті.
|
V. Сабақты қорытындылау.
3. 3-тапсырма. Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беру.
Футбол түгіл, хоккейді
Біледі ғой көп адам.
Допты қыздар теппейді,
Ал мен болсам, тебе алам! –
Дейді Қанат, мақтанып,
Білгішін – ай, мынаның!
Жылауға да шақ қалып,
Мен ренжіп тұрамын.
Менде оның ісі жоқ,
Оған «мақтау» керегі.
Көп білетін кісі боп,
Көрінгісі келеді.
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Спорттың қай түріне әуес екендігі және әуес спорты туралы шағын мәтін құрау.
8-сабақ Саяхатқа шығу
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
- Сенің ұнатып айналысатын ісің қандай?
- Спортты ұнатамын.
- Ал мен отбасыммен саяхатқа шыққанды ұнатамын.
- Неге?
- Өйткені біз жыл сайын демалысымызда түрлі жерлерді көреміз, жаңа қалаларды, басқа мемлекеттерді аралаймыз.
- Саяхатқа немен барасыңдар?
- Кейде машинамен, пойызбен, ұшақпен, кемеге мінген кезіміз де болды.
- Саяхатты ата-анаң алдын-ала жоспарлай ма?
- Әрине, алдын-ала дайындаламыз.
- Ең соңғы рет қайда бардыңдар?
- Отбасыммен Қырымда теңіз жағалауында демалғанбыз.
- Онда не істедіңдер?
- Теңізде кемемен серуендедік. Жаяу жүріп тауға шықтық.
- Жазғы демалысың өте қызықты өткен екен ғой.
- Иә, маған ұнады.
2. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, есте сақтау.
1. Күш жақсы, күштен іс жақсы.
|
1. Хорошо иметь сильные руки, а еще лучше иметь умелые руки.
|
2. Өнерпаздың он қолы бар.
|
2. У умельца десять рук.
|
3. Ерінбеген етікші болады.
|
3. Ремеслом сапожника овладеет настойчивый.
|
4. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
|
4. Не на силу надейся, а на мастерство.
|
5. Қолы білген құм үстіне кеме жүргізер.
|
5. Настоящий умелец по песку проводит корабль.
|
6. Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
|
6. Джигиту знать семь ремесел мало, знать семьдесят ремесел – немного.
|
Кластер жасау: оқушылар қағаз бетіне қайда барып демалғылары келетіндері туралы сурет салып, оны ортаға шығып қорғайды. Өз сөздерімен айтып береді.
V. Сабақты қорытындылау.
3. 3-тапсырма. «Саяхатқа шығу» деген тақырыпқа берілген сөйлемдерді пайдалана отырып, мәтін құрау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
9-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Біріңғай еріндік дауыстылардан тұратын сөзді табыңдар.
A. қылқалам B. Құлын C. Қазақ D. бұлбұл
2. Термин сөздің анықтамасын табыңдар.
A. Белгілі бір шаруашылықта қолданылатын сөздер.
B. Ғылым, техника саласында қолданылатын сөздер.
C. Жергілікті тілдік ерекшеліктер.
D. Басқа тілден енген сөздер.
3. Берілген сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңдар. У вас продаются книги для детей?
A. Сіздер балалар туралы кітап сатып алдыңыздар ма?
B. Сізден балалар кітап сатып алды ма?
C. Сіздерде балаларға арналған кітап сатыла ма?
D. Сіздер балалармен бірге кітап сатып алдыңыздар ма?
4. Тіл біліміне қатысты терминді табыңдар.
A. елтаңба B. Қуат C. мәтін D. мата
5. Ырықсыз етістің жұрнағын табыңдар.
A. –ыс B. –л C. –с D. -дыр
6. Дұрыс жіктелген сөзді табыңдар.
A. Мен спортшымыз.
B. Біз суретшімін.
C. Ол оқушы.
D. Сендер суретшімін.
7. Әшекей бұйымдарын жасайтын шеберді табыңдар.
А. Ұста В. Зергер C. Тігінші D. тоқымашы
8. Төменде берілген тұлғалардың қайсысы әнші емес?
A. Роза Рымбаева B. Роза Бағланова
C. Дина Нүрпейісова D. Бибігүл Төлегенова
9. Төмендегілердің қайсысы ас үйдің затына жатпайды?
A. үккіш B. Табақ C. Ине D. еттартқыш
10. Қай қатарды әуес іске жатқыза алмаймыз?
A. жуыну B. кітап оқу C. ас әзірлеу D. спортпен шұғылдану
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Әуес ісіңмен бос уақытыңда айналысасың ба немесе арнайы уақыт бөлесің бе?
Ырықсыз етіс дегеніміз не? Оның жасалу жолдарын түсіндіріңдер?
Еріндік дауысты дабастардың езулікке әсер ететіні туралы айтыңдар. Мысал арқылы дәлелдеңдер.
Талғам, ұнату, арман, бос уақыт, айналысу сөздерін қатыстырып, тақырыпқа байланысты сөйлемдер құраңдар.
Ырықсыз етіске қай кезде өздік етістің –ың, -ің, -ң жұрнақтары жалғанады? Мысал арқылы дәлелдеңдер.
Еріндік дауыстылар ненің қатысына қарай жасалады? Мысал арқылы олардың орфоэпиясына назар аударыңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
XV МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Спорт түрлері
Грамматикалық тақырыбы: Тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Тейквондомен шұғылдану»
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Жеңіл атлетика» Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
« Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі -волейбол» Сызбамен жұмыс
|
45 минут
|
4-сабақ
|
«Тіл дамыту» Деңгейлік
тапсырмалармен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
5-сабак
|
«Футбол» сұхбатымен жұмыс
Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
6-сабақ
|
«Шахмат әліппесі» Деңгейлік тапсырмалар Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
7-сабақ
|
«Күрес»
Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
қорытынды
|
8-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ
Тейквондомен шұғылдану
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
1. Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады.
Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: қара торы, ала жаздай, сөз таптары, т.б.
2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екінші, он бірінші, т.б.
3. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы:
Оқушылар сөйле-с-ті.
|
Достарыңызбен бөлісу: |