Сабақ Мерзімі: Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Пәннің маңыздылығы мен мақсатын. Психиологиялық тренинг



жүктеу 3,11 Mb.
бет1/4
Дата19.01.2020
өлшемі3,11 Mb.
#27088
түріСабақ
  1   2   3   4

1 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Пәннің маңыздылығы мен мақсатын.

Психиологиялық тренинг.



Сабақтың мақсаты: Оқушыны пәннің маңыздылығымен, мақсатымен таныстыру. Бала табиғатының қабылдау, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін көрсететін ойындар жүргізу, деңгейлеп топтарға бөлу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Сондықтан, қазіргі таңда «Информатика» пәнін оқыту бағдарламасының тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде ғана құрылуы жеткіліксіз.

Мектеп жасында компьютерді қолдануды сауатты меңгерген әрбір оқушы мамандық иесі атанғаннан кейін де оны қажеттілігіне орай тиімді қолдана білуінің, яғни өз бетінше жұмысын жеңілдететін кішігірім бағдарламаны құра білуінің маңызы өте жоғары.

Бұл бағдарлама әр баланың табиғатын, өзіндік ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып бойындағы логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында, бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру, бағдарлама құрастырудың тиімді әдістерін үйрету негізінде құрылды.



Міндеті: оқушының білімін жетілдіру, кез-келген тапсырманы орындау кезінде, берілген мақсатқа жету үшін алгоритмін дұрыс құрастыра білу қабілетін жоғарлату, алгоритмдердің күрделілігі мен тиімділігін бағалау әдістерін үйрету, бағдарламалау туралы түсініктерді қалыптастыру, типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен танытыру, әр оқушы өз бетінше жеке бағдарламалық қолданбаларды құрастыра білуі тиіс, ақпараттық модельдеу методологиясын меңгеру.

Базалық бағдарламалау тілі ретінде Tурбо Паскаль тілі қарастырылады.


Оқушылардың танымдық процестерін психологиялық зерттеудің кейбір әдістері

Баланың жадын (ес) зерттеу.

Мұнда жеке баланың немесе сынып оқушыларын топтарға бөле отырып зерттеу жүргізуге болады. Екі жағдайда бала және сынып оқушылары мұғалімді мұқият тындап, естігенін, көргенін, сезгенін есте сақтауға бағытталуы тиіс. Сонда ғана зерттеу нәтижелі болады. Мұғалім зерттеу жұмысын түрлендіру арқылы өзіне толық бағындырып алуы тиіс.



1. Дыбыстап оқығанды есте сақтау.

Сөздердің арасын 2-3 секунд салып асықпай ауыстап оқып беремін. 2 минуттан кейін есте қалған сөздерді бала қағазға түсіреді. Балаларға оқылатын сөздер міндетті түрде олардың жас ерекшеліктері ескеріле отырылып, сөздік қорын шамамен есепке алып, күнделікті өмірде естілетін, естілмейтін сөздерді араластыра оқыған дұрыс.

8-сынып: 15-20 сөз.

Ми, бөрене, шырша, асқабақ, тараз, шибөрі, жаңғақ, түскиіз, алаша, түйме, Отырар, қазан, қисық, табан, үшбұрыш, тұлпар.



2. Көріп есте сақтау

Бұл жұмыс сынып оқушыларының барлығына бірдей болатындай тақтаға жазу арқылы жүргізіледі.

Таблицада 4 түрлі түспен боялып жазылған сандар бейнеленген. Таблицадағы сандарды 5 минут оқып болғаннан кейін, оны тақтадан алып, «қызық» түсті 1-қатар, «жасыл» түсті 2-қатар, «көк» түсті 3-қатар, «сары» түсті 4-қатар оқушыларына жазуға тапсырылады.


18

43

36

72

13

14

3

27

86

93

12

31

67

54

2

21

74

52

13

82

17

15

97

16

64

78

11

8

3. Жедел есте сақтау.

Зерттеудің бұл түрінде жас ерекшеліктеріне қарай балаларға 7-8 суреттен тұратын топтаманы көрсетіп, 2 минуттан кейін жинап, рет-ретімен қағазға көргендеріндей жазу тапсырылады.


Жүргізген зерттеуімнің нәтижесінде:



Р/с

Аты-жөні

Дыбыстап оқығанды есте сақтау

Көріп есте сақтау

Жедел есте сақтау

Жалпы ұпай

деңгей

1

Алмаханов Нұрман
















2

Зәуірбек Мағжан
















3

Исмагулов Даурен
















4

Қалдан Дархан
















5

Кеңесбек Тұрғанбай
















6

Көнебаев Бекжан
















7

Мұңайтпас Гүлжан
















8

Нұрхат Ерқанат
















9

Орынбаева Анар
















10

Өсербай Ардақ
















11

Өсімжанұлы Ермек
















12

Темірбектегі Нұржан
















13

Төлеген Абілхайыр

















Сабақты қорытындылау:

Сонымен, зерттеуге қатысқалы отырған (8а-сынып) 13 оқушыны қабылдау, ойлай, есте сақтау қабілеттерінің деңгейі бойынша келесі топқа бөлдім:


І деңгейде _______ оқушы, олар: IІ деңгейде _______ оқушы, олар: IIІ деңгейде _______ оқушы, олар:

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________


Оқушыларды бағалау:
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр









Үй тапсырмасы: Логикалық 3 есептен дайындап келу (өзі құрастырады не кітаптардан алады)


2 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
Сабақтың мақсаты: . «Алгоритм» ұғымын талдау және түсіндіру. Алгоритм қасиеттеріне мысалдар келтіру, өрнектелу жолдарын түсіндіру. Алгоритмді дұрыс құруға дағдыландыру.

Үй тапсырмасын талқылау:

Оқушылар дайындап келген логикалық жұмбақтарын ортаға салып шешеміз. Сол есептерді мысалға ала отырып «Алгоритм» ұғымымен таныстырамын.


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Алгоритм түсінігі

Адам белгілі бір бағыт бойынша яғни, мақсат қоя жұмыс бастаса оның қарастырғалы тұрған есебі нақты әрі сапалы шешім беретіні анық. Мұндай жоспар жеке адамның өз бетінше ізденісі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында немесе ол өзге біреудің құрған, тәжірибе жүзінде тесеріліп өнделген еңбектерін қолданып жүзеге асырады. Қай жолмен болсын адам тура бағытта өз мақсатына жете алады.

Жалпы алгоритм деп алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адам немесе компьютерге) жинақы түрде берілген нұсқаулар тізбегін айтады.

Ең қарапайым мысал, жолдан өту ережесі. Оны бірнеше кезеңдерге бөлеміз:


  1. Жолдан өтпес бұрын алдымен сол жақ бетке қарап автокөліктің жоқтығын бақылаңыз.

  2. Автокөлік жолға жақын келіп қалған жағдайда жолдан өтпей автокөліктің өтіп кеткенің күтіңіз. Кері жағдайда жолдың бел сызығына дейін жүріңіз.

  3. Жолдың бел сызығына жеткен кезде оң жақ бетке көңіл аударыңыз.

  4. Егер де автокөлк сізге жақын келіп қалған болса онда сол автокөліктің өтіп кеткенің күтіңіз, сосын жолдың келесі бетіне өтіңіз.

Әрине қалада көп уақыт өмір сүрген адам бұл жол ережесін толығымен сақтай бермейді, себебі мұндай жолдан күнделікті өтіп жүргендіктен олардың миында белгілі бір бағыт қалыптасып қалады. Бірақ кейбір күрделі жағдайларда белгілі бір мақсатқа жету үшін міндетті түрде белгіленген шарттарды сақтау керек болады. Мысалы, қазіргі уақытта кең таралып келе жатқан банкоматты пайдаланып өз қорындағы ақшаны алу жолы:

  1. Банкоматқа кредиттік карточка белгіленген бағыт бойынша салынады.

  2. Пайдаланушы банкоматпен қатынасу тілін тандайды, сәйкес пернені басу арқылы өз қалауын нақтылайды.

  3. Карточка иесі өзінің дара сандық кодын тереді.

  4. Экранда берілген тізімнен керектісін тандайды. Мысалы, қордағы ақша көлемі, ақша алу, соңғы орындалған бірнеше операциялар туралы мәлімет т.б.

  5. Пайдаланушы қорындағы ақшаны алатын жағдайда ақшаны чекпен бірге алғысы келе ме, әлде чексіз алғысы келе ме екенің сәйкес пернелерді басу арқылы қалауын жасайды.

  6. Керекті сомманы енгізіп шешімін «кіру» пернесін басу арқылы растайды. Сұраған ақшаның көлемі қордағыдан көп болған жағдай да бастапқыдан аздау сомма еңгізу керек.

  7. Банкомат керекті сомманы санағанша бірнеше сикунд күте тұру тиіс, экранда келісім белгісі шыққан кезде кредиттік карта алынады. Кейін ақшаңыз бен чекті алыңыз.

Осындай жолдар көптеген арифметикалық, ғылыми т.б. есептерді шешу жолында да пайдаланылуы мүмкін. Мысалы берілгендердің арифметикалық ортасын табу алгоритімі келесі жолдардан тұрады:

  1. Қатардағы барлық сандарды қосу.

  2. Алынған нәтижені қатардағы сандардың жалпы санына бөлу.


Алгоритм қасиеттері.

Жоғарыда көрсетілген алгоритмдер әртүрлі ортаға байланысты келтірілген, сондай - ақ алгоритмнің кейбір қасиеттерін қолданушы міндетті түрде білу керек. Олар:



Алгоритмнің үздіктілігі – информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке - жеке нұсқаулардан тұратын тізбектен тұруы тиіс.

Дискреттік – бұл қасиет есепті шешу кезінде оны өз алдына бірнеше кезеңдерге бөлуге болатының түсіндіреді.

Алгоритмнің түсініктілігі мен анықтылығы – орындаушы (адам немесе компьютер) алгоритмді түсініп орындай алатын болу керек. Оның үстіне түрлі түрде түсіндірілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуге жол қалдырмайтындай етіп және орындалу реттері дәл көрсетіліп жазылуы тиіс.

Көпшілікке бірдейлік – яғни, алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез - келген берілгендеріне бірдейлігі.

Дұрыстық – алгоритмді қолданып шешілген есептің шешімі шындыққа сәйкес болу керек.

Алгоритмнің нәтижелігі – нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс.

Алгоритмнің дұрыс құрылғандығы оның адамның басқаруы бойынша нәтиже беруінде ғана емес, сол сияқты тек бұйрықты орындайтын механикалық құрылғылардың дұрыс нәтиже беруінде. Себебі, көбіне осындай құрылғылар адамдар сияқты алгоритмді орындаушы болып саналады.


Тақырыпты бекіту:

Деңгейлік тапсырмалар: (алғашқы сабақта оқушыны кемісткендей болмау үшін тапсырмалар деңгейлеп бірақ жалпы сыныпқа дайындалады, бірте-бірте оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындауға дағдыланған кезде әр топтағы оқушығаға өз деңгейінде тапсырма беріледі)



  1. Шәйді демдеу алгоритмін құру;

  2. Жұмыртқа қууру алгоритмін құру;

  3. Компьютерді іске қосу және өшіру алгоритмін құру;

  4. Ешкі, қасқыр, қырықжапырақ туралы логикалық есептің алгоритмін құру;

  5. Төрт қара жәшіктерге төрт түрлі зат салынған, солардың қайсысында алма бар екенің анықтау алгоритмін құру;



Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Сонымен, балдар:



  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Оның қасиеті қандай?

  3. Алгоритм құрудың қандай пайдасы бар?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр








Үй тапсырмасы:

Төмендегі есептердің алгоритмін құрындар:



  1. Автомобиль v жылдамдықпен t уақытта қанша жол жүреді?

  2. Үш бұрыштың а,в,с үш қабырғасы белгілі, оның жартылай периметрін есептеңіз.

  3. Еркін тақырып.

3 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Алгоритм түрлері. Блок-схема.

Сабақтың мақсаты: алгоритмнің өрнектелу жолдарын тұсіндіру, алгоритм блоктарының арнайы белгілерімен таныстыру, алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок-схема құру.
Үй тапсырмасын талқылау:

Үйге берілген есептердің табиғи тілде алгоритмдерінің дұрыс құрылғандығын тексеремін және пікір-талас ретінде талқылау жұмыстарын жүргіземін.



Өтілген материалдар бойынша тапсырма:

Еркін тақырыпта құрған алгоритмдері талқыланады.

Талқылау кезінде негізгі сұрақ: Алгоритм құру кезінде алгоритм қасиеттерін сақтай білдік пе?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Алгоритмнің дұрыс құрылғандығы оның адамның басқаруы бойынша нәтиже беруінде ғана емес, сол сияқты тек бұйрықты орындайтын механикалық құрылғылардың дұрыс нәтиже беруінде. Себебі, көбіне осындай құрылғылар адамдар сияқты алгоритмді орындаушы болып саналады.

Информацияны өңдеу алгоритмі түрлі жолдармен құрылуы мүмкін, мысалы:


  • табиғи (күнделікті) тілде;

  • блок – схема түрінде;

  • алгоритмдік тілде.

Табиғи тілде жазылған алгоритм күнделікті пайдаланылатын сөздер мен алгоритмдік символдарды қолданып, орындалу реттері көрсетіліп жазылған жеке – жеке нұсқаулар жиынтығынан тұрады.

Алгоритмнің схемалық түрі (блок схема) – информацияны өңдеу алгоритімін МЕСТ-те бекітілген символдарды пайдаланып , графикалық түрде жазу. (МЕСТ – мемлекеттік стандарт (ГОСТ))



Графикалық форма – алгоритмдер құрылымындағы әртүрлі элементтердің реттелген әрі ықшамды түрдегі көрінісі. Графикалық көріністегі алгоритм бір – бірімен байланысқан блоктардан тұрады, олардың әр қайсысы өз алдына бір немесе бірнеше амалдарды шешеді және белгілі бір геометриялық фигурамен анықталады. Алгоритм құрудың мұндай түрі блок схема немесе графикалық схема деп аталады. Графикалық схема құрамындағы көбіне қолданылатын блоктар 1.1-суретінде көрсетілген.

1.1-сурет. Графикалық схема құруда пайдалынатын негізгі блоктар.



Арифметикалық ортаны табу процесін графикалық схема түрінде жазайық (1.2- сурет). Алгоритмнің басын білдіретін блоктан кейін берілгендерді енгізу блогы орналасқан, оларға n, a1,a2,a3,…,an кіреді. Бұл блоктар басқа блоктар секілді бір – бірімен түзу сызық арқылы байланысады. Келесі тіктөртбұрыш қосындыны өндейді, яғни мұнда қосынды s – ті есептейді. Келесі блок информацияны өңдеу қатарына жатады. Бұл жағдайда мұнда берілгендердің as- арифметикалық ортасы есептелінеді. Соңғы блоктың үстіндегі блокта нәтижені баспаға шығару орындалады, ал соңғы блок алгоритмнің соңын білдіреді.

1.2-сурет. Арифметикалық ортаны табудың графикалық схемасы.


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау