«Өз «Мен»-імді басқару қабілеті»
Персоналды менеджмент - өзін–өзі ұйымдастыру қасиетін дамытуға бағытталған қызмет. Бұл тест Сізге тұрақтылық және өзіңізді басқара алу дәрежесін анықтауға көмектеседі.
Төрт баллдық жүйені қолданып өзіңіздің төмендегі тұжырымға көз қарасыңызды анықтаңыз: «Мен бұл туралы өте жиі ойлаймын» – 4 балл; «жиі» – 3 балл; «кейде» – 2 балл; «анда санда» – 1 балл; «ешқашан» – 0 балл.
1. Менің достарымның мені итермелеуін қалаймын.
2. Мен өзіме берілген жұмысқа жауаптылығымды үнемі сезінемін.
3. Мен өз болашағымды уайымдаймын.
4. Көп адамдар мені жек көреді.
5. Менің инициативам басқалардан аз.
6. Мен өзімнің психикалық жағдайымды уайымдаймын.
7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын.
8. Басқалардың сыртқы түрі менікінен жақсы.
9.Мен бейтаныс адамдар алдында сөз сөйлеуден қорқамын.
10. Мен жиі қателіктер жіберемін.
11. Менің адамдармен қарым-қатынас жасай алмауым өкінішті.
12. Өзіме деген сенімділіктің жеткіліксіздігі өкінішті.
13. Менің іс-әрекетімді басқа адамдардың жиі мақұлдағанын қалаймын.
14. Мен өте қарапйыммын.
15. Менің өмірім пайдасыз.
16. Көп адамдар мен туралы дұрыс емес пікірді ұстанады.
17. Менің өз ойымды бөлісетін адам жоқ.
18. Адамдардың менен күтетіндері көп.
19. Адамдар менің жетістіктеріме оншалықты қызықпайды.
20. Мен аздап ұяламын.
21. Мен көптеген адамдардың мені түсінбейтінін сеземін.
22. Мен өзімді қауіпсіздік жағдайда сезінбеймін.
23. Мен бекерге уайымдаймын.
24. Мен адамдар отырған бөлмеге кіргенде ыңғайсызданамын.
25. Маған адамдар менің сыртымнан мен туралы айтатын сияқты.
26. Мен өзімді ынжықпын деп сезінемін.
27. Мен адамдардың барлығы маған қарағанда жеңіл қабылдайтынына сенімдімін.
28. Маған әрқашан қандай да бір жағдайсыздық болатын сияқты.
29. Адамдар маған қалай қарайды деген ой мені мазалайды.
30. Менің онша ашық еместігім өкінішті.
31. Бәстесу кезінде мен өз ойымды дұрыстығыма сенімді болғанда ғана айтамын.
32. Мен қоғамның менен не күтетінін ойлаймын.
25 балл және одан төмен – Сіз өз әрекетіңізге сенімдісіз. Сіздің «Мен»-іңіз жеткілікті тұрақты, және бұл Сізді өз сұхбаттасушыларыңызбен қарым-қатынаста оншалықты икемді етпейді. Өз әрекетіңізге сенімділігіңізді төмендетпей икемдірек болуға, басқалармен жақындасуға тырысыңыз.
26 баллдан 45 баллға дейін – Сіздің «Мен»-ге сенімділігіңіз бен тұрақтылық деңгейіңіз орташа. Бұл деңгейде «Мен»-дік тұрақтылығы ауытқымалы бола бастайды. Жаттығыңыз, сенімділікті жоғарылатуға тырысыңыз.
46 балл және одан жоғары – Сіздің «Мен»-ге сенімділігіңіз бен өзіңізді бағалау деңгейіңіз төмен. Бұл өзіңізге критикалық ескертпе, өз әрекетіңіздің дұрыстығына күмандануды уайымдау. Өз еркіндігіңіз бен мақсатқа ұмтылуыңызды нығайту керек.
«Кадрлық саясат және жұмыскерлерді ынталандыру» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 5 Мансап технологиясы – 1 сағат
Сабақ мақсаты: өз еңбек болашағың жөнінде жеке болжамыңды түсіну үшін мансапты ұйымдастыру технологиясын, қзінөқзі көрсету жолдары мен еңбекке қанағаттануды қарастыру.
Оқу міндеттері: өз қажеттілігіне сүйеніп болашақты, мансапты жоспарлау дағдылары мен білімін алу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс
Жеке қабілеттердің мансапқа әсері
Жұмыс орнын іздеу әдістері
Өзін-өзі жарнамалау: анкета, резюме, жолсерік хаттар, телефон шалу
Жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттасу және келісім-шарт жасау
Жұмыс орнындағы табыс: кәсіби факторлар, қызмет бабы бойынша жоғарылау
Білім беру мен оқыту әдістері: Жазбаша тапсырманы орындау
Бақылау сұрақтары:
Еңбек нарығындағы өзгерістер дегеніміз не?
Жұмыс іздеуде мінездің қандай қасиеттері көмектеседі?
Мансапты таңдауда немен басшылық жасауға болады?
«Жұмыс» түсінігіне анықтама беріңіз.
«Жұмыс» түсінігі қандай үш элементті қамтиды?
Жұмыс орнын іздеудің негізгі ережелерін атаңыз.
Жұмыс орнын іздеудің негізгі әдістерін атаңыз.
Жұмыс орнында қалай тез бейімделуге болады?
Жұмысқа тұруда өзін-өзі жарнамалау дегеніміз не?
Сауалнамадағы негізгі сұрақтарды атаңыз.
Хронологиялық жазбамен жасалған резюменің негізгі блоктарын атаңыз.
Телефонмен сөйлесуге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.
Ситуациялық тапсырма:
Ситуация 1. Сіз ұйымыңызға бос жұмыс орынына кандидаттарды іріктеу жүргізіп жатырсыз. Кейбіреулерімен сұхбаттасуда олардың Сіздің ұйымға жұмысқа тұру мақсатын қоймайтынын анықтадыңыз. Сіз жұмысқа қандай адамдарды қабылдайсыз: Сіздің ұйымда жұмыс істеуге тырысатын адамдарды ма, әлде басқа критерийлерге жүгінесіз бе? Ситуация 2. Сіздің бөлімнің жаңа жұмысшысы үнемі өзіне берілген тапсырманы әріптесіне қарағанда жақсы және тезірек орындайтынын айтады. Бірақ шындығында олай емес. Сіз оны сұхбатқа шақырып, айтасыз: ..... Ситуация 3 Сіз жұмыс іздеп жүрсіз. Кезекті конкурстық іріктеуде Сізге анкета толтыруды ұсынды. «Тегі.Аты.Әкесінің аты.», «Жынысы», «Кәсібі» графаларын Сіз автоматты түрде толтырдыңыз, ал «Мақсат» графасына келгенде Сіз тоқтап қалдыңыз. Іріктеуден өтетіндей және жұмыс берушіні қызықтыратындай мақсатыңызды анықтаңыз.
Жазбаша тапсырма:
Әр студент жеке өзін тестілейді «Мансапты жүзеге асыру жолдары».
1. Қандай тәсілмен ақшаны тез табуға болады?
а) Көп жұмыс істеу керек, жақсы ақпараттану керек, тәуекелге бел буып бар ақшаны іске салу керек.
б) «Атаның» мұрасына сеніп, лотереядан үміттену.
в) Ақырындап басшылыққа дейін барлық деңгейден өтіп мансап жасау керек немесе саясатпен айналысу керек.
2. Пайданың қандай мөлшері, Сіздің ойыңызша, бай болған адамдарды келісім-шарт жасауға итермелейді?
а) жарты миллионнан бір миллионға дейін.
б) 10 млн. дейін
в) Ондаған миллион және одан жоғары
.
3. Қай ұйғарыммен Сіз келісесіз?
а) Ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым рахаттану көп болады.
б) Ақша билікті білдіреді.
в) Ақша қызғанушылықты көбейтеді
.
4. «Хат бойынша» ойынының тәртібі бойынша конвертке Сіз аздаған ақша суммасын саласыз, одан кейін төлеуге дайын тағы да бір «құрбан адамды» іздейсіз, нәтижесінде сіз салымыңызды еселеп қайтарып аласыз. Бұл жағдайда сіз қандай роль ойнауға дайынсыз?
а) Қатыспайсыз.
б) Қатысасыз және ақша табасыз.
в) Ойын инициаторы боласыз.
5. Қандай да бір газеттің «Жарқын өмір» бөлімінде сіз жөнінде жазуға мән бересіз бе?
а) Мен оған қуанар едім.
б) Жоқ.
в) Мен туралы онсыз да көп жазады.
6. Ат жарысында қалай жеңуге болады?
а) Жоғары ставкаға бел буу керек.
б) Ат жарысына қатысып қана, ақшаны үнемдеу керек.
в) Жеңімпаз ат сатып аласыз.
7. Сіздің ойыңызша кімнің тез және сенімді түрде бай болуға шансы бар?
а) Режиссер, актер, жазушы, суретші, спортсмен-рекордсмен.
б) Адвокат, дәрігер, маклер, саясаткер.
в) Фирма басшысы, баспа иесі.
8. Достар арасындағы бизнеске қалай қарайсыз?
а) Мен достарыма ақша беруге дайынмын — кейін олар да маған қарыз береді.
б) Ақша мен достық бір-бірімен ұйқаспайды.
в) Мен достарымнан қарыз алуға дайынмын, бірақ бере алмаймын.
9. Егер Сіз миллионер бола алсаңыз, сіз бұл сезіммен рахаттанар ма едіңіз?
а) Әрине.
б) Мен өз сезімімді маған сенген және жоғарыдан қараған адамдардың барлығына көрсетер едім
в) Жоқ.
10. Сіз миллиондарыңызды қайда салар едіңіз?
а) Жылжымайтын мүлікке, мүлікке, өнер заттарының жинағына.
б) Акция және басқа да бағалы қағаздарға.
в) Мен әйелім (күйеуім) немесе туыстарым қалай шешсе, солай жасар едім.
11. Егер сізде миллион жұбы болса, сіз толқып ақша табуға тырысар ма едіңіз?
а) Аздаған сумма міндетті емес, бірақ ірі суммадан бас тартпаймын.
б) Әрине.
в) Жоқ, өйткені маған жетеді.
Келесі кесте бойынша баллдарыңызды есептеңіздер:
Сұрақ
-
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
а
|
6
|
0
|
6
|
3
|
0
|
0
|
3
|
0
|
3
|
3
|
6
|
0
|
3
|
3
|
0
|
6
|
3
|
3
|
6
|
3
|
6
|
в
|
3
|
6
|
0
|
6
|
3
|
6
|
6
|
0
|
6
|
0
|
Қорытынды нәтиже:
О—16 балл: сіз үшін баюдың ең жақсы жолы – табысты үйлену немесе мұрагер болу не лотереядан ұту.
17—42 балл: байлық сіз үшін еңбекпен байданысты. Қаржылық алып-сатарлықтан қашыңыз. Мансап жасаңыз, бастықтың орнын аласыз. Бұл сізге миллион алып келмесе де, сіздің өміріңіз материалды түрде қамтамасыз етіледі.
43— 66 балл: сіздің миллионер болу шансыңыз бар. Сіздің коммерциялық тұрғыда ойлау қабілетіңіз бар, сіз ақша мен достықты ажырата аласыз. Сіз өзіңіздің шалқып өмір сүруіңізбен мақтанбайсыз, өз байлығыңызды шыдамды түрде көбейтуге тырысасыз.
.
2. Оқылған материалға сәйкес жұмыс орнын іздеудің негізгі әдістерін талдаңыз.
3. Арнайы басылымдарды қолданып сіздің қаладағы жұмыс күші нарығын талдаңыз.
4. Өзіңіздің мини-резюмеңізді құрастырыңыз.
«Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 6 Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы – 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Менеджер қызметінің жаңа жағдайлары
Таңдалған мамандықтың сәйкестігі
Менеджер сапасы моделі
Менеджер командасы: командалық жұмыс тиімділігі
Көшбасшылық
Білім беру мен оқыту әдістері: тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау, шағын топтарда жұмыс: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау
Бақылау сұрақтары
Басқару еңбегінің мазмұны неде?
Басшылық деген не?
Менеджер еңбегінің соңғы өнімі не?
Басшы кәсібіне сай тұлғаның қасиеттерін атаңыз.
Басшы не істей алуы қажет?
Командада жұмыс істеу. Мәселелі сұрақтар:
Адамның қандай да бір: не әсер ету, не авторитеті бар, не көшбасшылық қасиеті бар ситуацияны модельдеңіз.
Ситуацияның қайсысы көп кездеседі?
Заманауи көшбасшылардың қайсысы сізге көбірек ұнайды? Олардың іс-әрекетін талдаңыз. Сіз олардың қандай қасиеттерін алар едіңіз. Бұл сізге заманауи менеджердің іс-әрекетін қалыптастыруға көмектеседі? Неге?
Заманауи көшбасшының әрекеті қандай болуы керек? Бұл ұйымның мақсатына байланысты ма? Неге? Көшбасшының әрекеті фирманың мамандану сипатына тәуелді ме? Мысал келтіріңіз.
Сізді ұйытқысы әлсіз топ жетекшісіне (формальды көшбасшы) тағайындады. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?
«Көшбасшылық: модельдер, негізгі сапасы және стильдері» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 7 Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы – 1 сағат
1. Шешім қабылдау техникасы
2. Мәселені белгілеу және баламаны анықтау
3. Оптимальды нұсқаманы таңдау
4. Шешімді жүзеге асыру және нәтижені бақылау
Білім беру мен оқыту әдістері: пікір-талас, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау
Бақылау сұрақтары:
1. «Шешім қабылдау» деген не?
2. Шешім қабылдаудың негізгі этаптарын атаңыз.
3. Басымдылық деген не?
4. Шешім қабылдауда болатын негізгі қателерді атаңыз.
Рольдік ойын және командада жұмыс:
Еңбек нарығы туралы нақты картина алу үшін Сіз бірқатар ұйымға телефон соқтыңыз. Сіз кадрларға қажеттілік немесе кандидаттарды конкурстық іріктеу туралы хабарландыру берген ұйымға телефон соқтыңыз. Сізге ұйым жөнінде керекті мәлімет алу қажет, бірақ хатшы Сізге ұйым туралы толық ақпарат бермейді, көбіне оны Сіздің кәсіби және жеке қасиеттеріңіз қызықтырады. Сіз айтасыз: ... Сіздің досыңыз ұзақ бір нәрсе жасауы, машиналар мен механизмдердің құрылғысы туралы журналдар оқуы мүмкін, басқаша айтқанда техникамен қызығады. Сіз музейге, театрға барғанды ұнатасыз, адамдар тез танысасыз, Сізге өз құрдастарыңызды немесе кішілердің әрекет етуге сендіру қиын емес. ЖОО түсуді шешкен Сіздің досыңыз сізді бірге Сіздің аудандағы техникалық университетке түсуге көндіреді. Сіз не істейсіз? Жаңадан вакансия ашылды. Сізді ол өте қызықтырды, бірақ Сіздің ондай қызметпен айналысу тәжірибеңіз жоқ. Бірақ Сіз өзіңізді жақсы ұсынғандықтан достарыңыз Сізді шешім қабылдауға көндіреді. Сіздің ойыңызша қабілетіңіз тәжірибеңіз жеткіліксіз болса да бұл лауазымды алуға болады. Сіз не істейсіз? Сізді жоғарылатуды ұсынды. Жаңа лауазым төлемі жоғары және атақты. Бірақ бұл жұмыс Сізді қанағаттандыра ала ма Сіз оны білмейсіз, тіпті қанағаттандыра алмайды деп ойлайсыз.Сіз не істейсіз? Мансапқа адамның бірқатар жеке ерекшеліктері әсер етеді. Табысты менеджерде болатын сипаттың 10 қасиетін жазбаша жазыңыз.
«Басқарушылық шешімдер: түсінігі, ролі және менеджменттегі орны» тақырыбына реферат жеке қорғау
Ұсынылатын әдебиет
Негізгі әдебиет
Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. М.: Изд-во МГУ, 2005.
Вудкок М., Френсис Д.. Раскрепощенный менеджер. М.: Дело, 1994.
Герчикова Н.Н. Менеджмент. М.; ЮНИТИ, 2005.
Менеджмент: Учебник / Под ред. Ф.М. Русинова и М.Л. Разу. М.: ФБК-ПРЕСС, 2008.
Максимовский, Соловьев. Этикет делового человека. М., 2004
Максимцев М.М., Игнатьев А.В. Менеджмент. М.: ЮНИТИ, 1998.
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. С англ. М.: Дело, 2006.
Морита А. Сделано в Японии / Пер. с англ. М., 2008.
Огарев Г. 31 закон карьерного роста. М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2002.
Пасс Ю., Торшина К., Беляева Е. Трудоустройство. Советы профессионалов. М-:
Экономика,1999.
11.Правила этикета. Краткий справочник / Под. ред. Л.В.Гангнус. М.: Дсльта-МКС, 2004.
12.Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. Менеджмент организации: Учебное пособие. М.: Инфра-М, 2005.
13. Управление организацией: Учебное пособие / Под ред. А.Г. Борт-нсва, З.П. Румянцевой. М.:Инфра-М, 2007.
Форд Г. Моя жизнь, мои достижения / Пер. с англ. М.: Финансы и статистика, 1989.
Форсайт П. Делу — время: Как правильно распоряжаться своим временем. Минск:
Амалфея, 1998.
Хрупкий В. Е, Как добиться успеха. М.: Политиздат 2001.
Швальбе Б., Швальбе X. Личность, карьера, успех- Психология бизнеса. М.: Прогресс,
2007.
Шекшня С.В. Управление персоналом современной компании. М., 2006.
Қосымша әдебиет
Дебра Олкок. Управление временем и рабочей нагрузкой. М.: Фин-пресс, 1998.
Джонс Р. Как сделать карьеру / Пер. с англ. Екатеринбург: «Урал ЛТД», 1999.
Дракер П. Управление, нацеленное на результаты / Пер. с англ. М.:
Дункан Дж. У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. М.:Дело, 1996.
Резник С.Д. Как учиться в институте: Методические указания по использованию метода активного самотестирования, анализа и контроля при изучении курса «Введение в специальность. Пенза: ИСИ, 1993.
Карлоф Б,, Седерберг С. Вызов лидеров / Пер. со швед. М.: Дело, 1996-
Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей. М.: Прогресс, 2006.
Комаров Е., Комаров А. Уроки становления и развития фирмы «Сони».
Кибанов А.Я. Управление персоналом: Учебник для вузов. М., 1997.
Резник С.Д. Управление персоналом. Пенза: ПГАСА, 1990.
Рейс Ф. 500 советов студентам / Пер. с англ. Д.Н. Выглежанина. М.:
Аудит, ЮНИТИ, 1996.
Русинов Ф.М. Менеджмент и самоменеджмент в системе рыночных
отношений. М.: Инфра-М, 1996.
Уткин Э.А. Управление фирмой. М.: Акалис, 1996.
Якокка Ли. Карьера менеджера. М.; Прогресс, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |