Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады



жүктеу 0,97 Mb.
бет5/6
Дата17.11.2017
өлшемі0,97 Mb.
#671
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002 – 160 бет

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

6.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

7.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

8.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

9.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001



Лекция №30

Тақырыбы: Өндірістік санитария және гигиена.

Дәрістің мазмұны:Өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге қажетті мемлекет белгілеген талаптар.

Өндірістегі қауіпсіздіктің жалпы ережелері.

Жеке және ұжымдық қорғану құралдары.

Өндірісте еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерін және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы өте зор. Кез-келген жұмыс орындарында санитариялық аптечка болуы міндетті. Жұмысқа қабылданар алдында әрбір қызметкер техникалық қауіпсіздік бойынша сынақ тапсыруы тиіс.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5. Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001



6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары:

1 семинар



Еңбек құқығы – құқық саласы ретінде.

Сабақтың мазмұны:

Еңбек құқығының түсінігі, пәні, жүйесі, басқа құқық салаларымен байланысы.

Әдебиеттер:

1.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

2.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001
2 семинар

Еңбек қатынастары

Мазмұны:

Еңбек заңдарымен реттелетін қатынастар, олардың түрлері.

Еңбек қатынастарының субъектілері.Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек құқығының субъектілері ретінде.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

4.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005


3 семинар

Қызметкердің құқықтық мәртебесі.

Мазмұны:

Қызметкерлердің еңбек заңында көзделген негізгі құқықтары.

Қызметкерлердің негізгі міндеттері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
4 семинар

Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру

Мазмұны:Жұмыспен қамту ұғымы. Жұмыссыздықтын мемлекеттік әлеуметтік қорғау. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі.

Әдебиеттер:

1.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
5 семинар

Еңбек шарты

Мазмұны: Еңбек шартына түсінік, оның мазмұны.

ЕШ-ның тараптары, мерзімі, мазмұны.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегі

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998


6 семинар

Басқа жұмысқа ауыстыру

Мазмұны: Басқа жұмысқа ауыстыру түсінігі.

Басқа жұмысқа ауыстыру тәртібі.

Басқа жұмысқа ауыстыру түрлері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
7 семинар

Басқа жұмысқа ауыстыру

Мазмұны: Басқа жұмысқа ауыстыру түсінігі.

Басқа жұмысқа ауыстыру тәртібі.

Басқа жұмысқа ауыстыру түрлері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
8 семинар

Тынығу уақыты.

Мазмұны: Тынығу уақытының ұғымы.

Тынығу уақытының түрлері.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998


9 семинар

Еңбекті нормалау

Мазмұны: Еңбекке ақы төлеу жүйесі.

Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002


10 семинар

Еңбек тәртібі.

Мазмұны: Еңбек тәртібінің түсінігі.

Ішкі еңбек тәртібі.

Тәртіптік жазалар қолдану, оған шағым жасау.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
11 семинар

Ұжымдық даулар.

Мазмұны:

Ұжымдық даулар түсінігі.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері.

Бітістіру комиссиясы.

Еңбек төрелігі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998


12 семинар

Еңбекті қорғау.

Мазмұны:

Еңбекті қорғау ұғымы, оны ұйымдастыру қағидалары.

Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002


13 семинар

ҚР қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары

Мазмұны:

Шетелдегі Қазақстан Республикасы мекемелері Қызметкерлерінің еңбек және материалдық қамсыздандыру жағдайлары.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005


14 семинар

Еңбек заңнамасын бұзушылық үшін жауапкершілік

Мазмұны:

Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық.

Әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері.

Қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001
15 семинар

Жеке тұлғалардың еңбек ету құқықтары.

Мазмұны:

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқықтары.

ҚР азаматтарының шетелде еңбек ету құқықтары.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998


7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

а) семинар сабақтары:

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің мақсаты – ҚР Еңбек құқығы курсы бойынша теориялық білімін жетілдіріп, танымдылығы арттыру, жан-жақтылығын қалыптастыру, құқықтық сананы орнату.

Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:



  • студент семинарға силлабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

  • семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет;

  • студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс;

  • семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

  • конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс

  • тақырып бойынша берілген кесте талапқа сай болуы қажет.

ҚР Еңбек құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары: әңгімелесу, семинарлық баяндамалар, дөңгелек үстел, семинар-диспут, кесте сызу, еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен танысып, конспекті жазу, еңбек қатынасы саласындағы іс-құжаттарды толтыру.

Студент семинарға төмендегі ұғымдарды білуге тиіс:

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;      еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген«ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;
еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем;
еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері - еңбек жөніндегі уәкілетті органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
 еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт;
еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 
еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;
еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;
еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;
жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;
жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;     

қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
қызметкерлер өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;

тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
тәртіптік теріс қылық - қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;

б) ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңес беру және бақылаушы. ОЖСӨЖ – оқытушы мен студенттің бірлескен жұмысы, өйткені сабақ барысында тақырыптарды өзара талқылап, ұсыныстар енгізіп, пікірталас жүргізіп, топтық жобалар мен кестелер құрады. Әрбір ОЖСӨЖ-на арнайы тақырыптар беріледі (оқу-әдістемелік кешенде белгіленген). Орындалатын тапсырмалардың нысаны:



  • дәріс сұрақтары бойынша пысықтау сұрақтарына жауап беру;

  • белгілі бір тақырыпта кесте құру;

  • басқа әдебиет көздерінен қосымша тезистер жазып келу;

  • еңбек қатынасы саласындағы нормативтік актілермен танысып, конспект жазу;

  • баяндамалар мен рефераттар жазу;

  • іс-құжаттарды толтыру және т.б.


«ҚР Еңбек құқығы» курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген ОЖСӨЖ тапсырмалары:

Еңбек құқығы пәніне қатысты библиографиялық материалдармен танысу.

Лекция және семинар тақырыптары бойынша есеп беру

Лекция материалдарын пысықтау



Практикум бойынша есептер шығару

ОЖСӨЖ баяндама, реферат, кесте, сөзжұмбақ құрау, пікір алмасу нысандарында жүргізіледі.

Тақырыптар:

  1. Еңбек – материалдық және рухани құндылықтар көзі ретінде

  2. Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы.

  3. Еңбек құқығының салалық және салааралық қағидалары

  4. «Еңбек құқығының құқық жүйесіндегі алатын орны»

  5. Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек құқығының субъектілері ретінде

  6. Еңбек қатынастарының субъектілері

  7. ҚР Еңбек заңнамасының РФ Еңбек заңнамасынан ерекшелігі

  8. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  9. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер

  10. ҚР Еңбек заңнамасы бойынша еңбек құқығы субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері

  11. Еңбек құқығының негізгі субъектілері

  12. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат

  13. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

  14. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау.

  15. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ, оның нәтижесі

  16. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу

  17. Маусымдық қызметкерлердің, үй қызметшілерінің, үйінде жұмыс істейтін қызметкерлердің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі.

  18. ЕШ-ның тараптары, мерзімі, мазмұны.

  19. Еңбек шартының басқа азаматтық-құқықтық шарттардан ерекшелігі

  20. Жұмыстан шығару және шеттету.

  21. Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.

  22. Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.

  23. Мерзімінен тыс жұмыстарды шектеу.

  24. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.

  25. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.

  26. Жалақыны реттеу әдістері.

  27. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.

  28. Қызметкерге жарақаттардан не өзге де денсаулығы зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу.

  29. Материалдық жауапкершілік ұғымы.

  30. Еңбектегі табыстары үшін көтермелеу.

  31. Жазалау шаралары

  32. Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарауҰжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері

  33. Ұжымдық шарттың ерекшеліктері

  34. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері

  35. Қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері.

  36. Жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі

  37. Азаматтық ықзметшілерге берілетін демалыс. Азаматтық қызметщілерді көтермелеу.

  38. Еңбекті қоғамдық бақылау.

  39. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.

  40. Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық

  41. Еңбек қатынастарындағы коллизиялық мәселелер

  42. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау

  43. Шетелдіктерді әлеуметтік қамсыздандыру.

  44. Өндірістегі қауіпсіздіктің жалпы ережелері

  45. Өндірістік санитария және гигиена.


Баяндамаға қойылатын талаптар:

- тақырыбы ОӘК сай келуі тиіс;

- 3 беттен кем болмауы тиіс;

- жоспар құрылуы қажет;

- қолданылған әдебиеттер көрсетілуі қажет.

Рефератты орындау бойынша нұсқаулар:


  • реферат студентке бекітілген тақырыпқа сәйкес орындалуы тиіс;

  • тапсырма силлабуста белгіленген мерзімге дейін тапсырылуы тиіс;

  • рефераттың көлемі 10-13 бет болуы тиіс;

  • рефератта 3 әдебиеттен кем емес қолданылуы тиіс;

  • рефераттың соңғы бетінде тақырып бойынша схема берілуі тиіс.

Кесте, сөзжұмбақтар А4 бетке жазылуы тиіс.


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау