VI.Жаңа материалды пысықтау:Шағын тестжүргізу.Өйткені заттың атын білдіретін сөздер туралы соңғы сабақ болғандықтан тест арқылы білімдерін тексеру.
VII.Бекіту кезеңі:Қосымша тапсырмалар орындату
VIII.Үйге тапсырма, бағалау: «Апама» өлеңін жаттау 93-жаттығу Аналар мерекесіне құттықтау жасау.
№58 Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білідретін сөздер.
Көмірдің кереметтері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған
білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) табиғатты сүюге , оның пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, көмір, микроскоп
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-балалар кім, не деген сұрақтар заттың несін білдіреді?-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын қашан қоямыз?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Ендеше осы анықтамалды бір еске түсірейікші- Кім айтады?
V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 97 –жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.1Сөйлем соңына тыныс белгісін қойыңдар.
Сара, көмектесті, апасына; жуды, қол орамалдарды: сыпырды,еденді: көмекші , ол кішкентай.2.Неше сөйлем жаздыңдар?3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
VI.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп оқу Көмірдің кереметі.2.Көмірдің қандай пайдасы бар екен?3. тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?
VII.Бекіту кезеңі: №9 өзіндік жұмыс
1-нұсқа Сөйлемдерден кім?кімдер? не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.
2-нұсқа
1.Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді жаз.
2. Сол сөздерге сұрақ қой.
3-нұсқа
1. мамандықты білдіретін сөздер
2. туыстықты білдіретін сөздер
3. Жануарлар
4. Заттар.
Жазған сөздерге сұрақ қою.
VIII. Үйге тапсырма, бағалауМәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.
№60 Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Жер-Ана
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы
түсінік беру. ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Адам, жер-су аттарының бас әріптен басталып жазылатыны туралы біле отырып оны дұрыспайдалануға үйрету , табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Ереже жазылған плакат.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II Мақсат қою кезеңі:-Балалар, заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
Кім сұрағы және не? сұрағы қай кезде қойылады?- Кім айтады?
III. Жаңа сабақКісінің аты-жөні, бас әріптен басталып жазыладыОқулықпен жұмыс 98 жаттығуМәтінді оқу.Менің атым-Қожа.Кісінің аты-жөнінің бірінші әрпі қандай әріппен жазылғанын айтыңдар.99-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар- Сенің атың кім- Менің атым-... Сенің аты-жөнің кім- Менің аты-жөнім2. жазған кісі аттарын атаңдар.3. Сөйлемнің соңына тыныс белгісін қойыңдар
IV.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу.Жер-Ана.
V.Бекіту кезеңі: 2. Қария Бейбітке не айтты?3. Бейбіт неге таңғалды?4.Анасы оған не айтты?5. «Жер-анамыз» дейтін себебіміз неліктен?
VI. Үйге тапсырма, бағалау:Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.100-жаттығу
№61 сабақ Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Екі соқа.
Сабақтың мақсаты: а) Бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай отырып ,
жұмыс барысында пайдалануға баулу. ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) еңбек етуге талпындыру, сыныпта бір-біріне көмектесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын неге қоямыз?-бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Кім маған анықтаманы толық , мыас келтіріп айтып береді?
V. Жаңа сабақ:-Балалар, тек адам аты ғана емес сонымен қатар жер су аттары да бас әріптен басталып жазылады екен.Қазақстан, Каспий теңізі, Нұра, т.б.Оқулықпен жұмыс 101 –жаттығу (ауызша)Ертіс» сөзінің бас әріптен басталып жазылуын түсіндір
Ертіс
Ырыс боп алабы,
Ертісім ағады
Қақ жарып даланы
Шалқиды каналы
102-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, жер-су аттарын атаңдар.
Серік Алматыда тұрады.жазғы демалыста ол Оралға барды.оған, әсіресе Жайық ұнады. Жайық-арнасы кең, суы мол өзен.кісі, жер-су аттары қалай жазылған?
VI.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп , түсініп оқу Екі соқа.
VII.Бекіту кезеңі: Екі соқаны салыстырыңдар.Көктемгі еңбек жайында әңгімелеңдер
Мақал:Ердің атын еңбек шағарады.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.Екі соқа суретін салып келу.103-жаттығу
№62 Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты: а) Бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай отырып ,
жұмыс барысында пайдалануға баулу. ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Еңбек етуге талпындыру, сыныпта бір-біріне көмектесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет Ы.Алтынсарин суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын неге қоямыз?-Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Кім маған анықтаманы толық , мыcал келтіріп айтып береді?
V. Жаңа сабақ:-Балалар, тек адам аты ғана емес сонымен қатар жер су аттары да бас әріптен басталып жазылады екен.Қазақстан, Каспий теңізі, Нұра, т.б.Оқулықпен жұмыс
104-жаттығу мәтінді оқыңдар2. Кісі, жер-су аттарын білдіретін сөздерді атаңдар.Парыз Арал,Жәдігер, Мәтінді оқып талдау.105-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.
2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер-су аттарын теріп жазыңдар.Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау,Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, айдар, Алакөл. Т.б
VI.Жаңа материалды пысықтау:Әңгімені мәнерлеп , түсініп оқу Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш2. Атасы немересіне нелерді көрсетті?3. Немересі көргендері жайлы не айтты?4. Атасы немересіне нені үлгі етті?5. басқа да жәндіктердің , құстардың тіршілігін бақылаңдар?.
VII.Бекіту кезеңі :106-жаттығуМәтінді көшіріп жазыңдар.2. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?Құлагер-жүйрік ат. Ол маған үйір.мен оған күнде қант беремін.Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?ЕРЕЖЕ: Үй жануарларына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады.Мыс: Таймас, Құлагер, Ұшар, Тайбурыл107-жаттығу мәтінді көшіріп жазу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Әңгімені түсініп оқып, мазмұндап келу.Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш суреттерін салып келу. 108-жаттығу
№63 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ақын тілегі.№10 өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет М.Әуезов суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы анықтаманы кім айтып береді?-Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?-Мысал келтірейік.
IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бүгінгі өтетін тақырып заттың қимылын білдіретін сөздер туралы болмақ-Мен не істедім?-Кітап алдым, кітапты орнына қойдым-Осы қимылға не деп сұрақ қоямыз?
V. Жаңа сабақ-Осыдан келіп қандай анықтама шығады?Өзіміз құрастырып көрелік:заттың қимылын білдіретін сөздерге қайтты, не қылды? Қайтті?Оқулықпен жұмыс 1. Әңгімені түсініп оқыңдар.Ақын тілегі2. Абайдың ауылына келген кімдер еді?
3. Абай ақындардан не үйренді?4. Абайға Барлас қандай тілек айтты?5. Абай өскенде кім болды?Мақал . Сұрақтарға жауап беріңдер а) Адам туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ә)Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады? Б) Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?
VI.Жаңа материалды пысықтау: 109-жаттығу 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңдер.Шешесі жұмысқа кетті.Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды.Сонан соң тамақ пісірді.Шешесі жұмыстан оралды.Ол қызының ісіне қуанды. 2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? ЕРЕЖЕ
VII.Бекіту кезеңі -Бүгін қандай тақырып өттік, не істеді, қайтті? Не қылды? Сұрақтары қай кезде қойылады? Қимылды білдіретін сөздердің сұрақтары қандай?
№10өзіндік жұмыс Кісі аттары: Жер-су аттары: Үй жануарларының аттары: VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 110-жаттығу
№64 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін
пысықтауә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтай отырып, наурыз, жыл санау , жыл аттарын білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:жыл аттарының күн тізбесі суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
-Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз?
-Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.
IV. Мақсат қою кезеңі -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.
V. Жаңа сабақ -1. Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз- жыл басы
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма , именіп ділмардан. С.Мұқанов
2. Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.
3. жыл аттарын көшіріп жазыңдар. Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. А) Биыл қай жыл? Ә) Сен қай жылы туғансың?
VI.Жаңа материалды пысықтау:
VII.Бекіту кезеңі Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
№65 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ұлыстың ұлы күнінде
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін
пысықтай отырып, наурыз мерекесінің тойлануы туралы үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз? -Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.
IV. Мақсат қою кезеңі: -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 111-жаттығу. 1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.1. тақтайды, кесті, Ержан.
2. Нұржан, сүргіледі, тақтайды. Шеге, қақты, Мақсұт 2. заттың атын білдіретін сөздер менқимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар. Өлеңді түсініп оқыңдар:
Ұлыстың ұлы күнінде «Оң болсын,-деп,ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер
Мәтіндегі тілек сөздерді жаттап алыңдар.
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
VI.Жаңа материалды пысықтау:112-жаттығу. 1. мәтінді түсініп оқыңдар. Немере
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерді атаңдар.3. Әжесі жайында жазылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
VII.Бекіту кезеңі: Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
№66 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін
пысықтау, Наурыз көженің тарихы туралы түсінік беру ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық тәрбиелерін қалыптастыру, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:жыл аттарының күн тізбесі суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден бастап тойланады?
-Үлкен кісілер қандай бата береді?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже
IV. Мақсат қою кезеңі : -Балалар, Наурыз мерекесінде жасалатын Наурыз көженің құрамында не болады? -Кім айтады?
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 113-жаттығу 1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ит үрді.қасқыр ұлыды.Қозы маңырады. 2.заттың атын білдіретін сөздің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздің астын екі рет сызыңдар. 3. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойыңдар. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар:
Наурыз көже
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін,жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары. О.Асқар.
2. Наурыз көжені қалай жасайтынын білесіңдер ме?
VI.Жаңа материалды пысықтау: 114-жаттығу. 1. сұрақтың орнына керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұста қашаумен (не істеді?). сылақшы қалақпен (не істеді?). Кранмен жүкті ( не істеді?) Керекті сөздер: қашады, сылады, көтерді. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
VII.Бекіту кезеңі :Наурыз мерекесі, наурыз көже туралы білімдерін пысықтауда қосымша сұрақтар
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
№67. Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы
Сабақтың мақсаты: а) Наурыз мерекесі , оның тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың наурыз мерекесі тақырыбы барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, паш етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден тойланады? -Наурыз мерекесінде ел-жұрт бір-бірімен қалай амандасады? -Қандай ақ тілектер айтылады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже
IV. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
-Басқа мерекелерден ерекшелігі неде?
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 115-жаттығу
1. Сөздерді оқыңдар. Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы
2. Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазыңдар.
Үлгі: не істеді? Не істейді?
Жасады Жасайды
Өлеңді жаттап алыңдар.
Наурыз тойы
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді Ә.Табылдиев.
Наурызда қандай игі істер атқарылады? Наурыз тойы туралы әңгімелеңдер.
VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу. 1Өлеңді түсініп оқыңдар.
Көкорайға қонғанда,
Қозылар ойнар дүркіреп.
Жаздың күні болғанда,
Жаңбыр жауар күркіреп. Шәкәрім.
2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар. Керекті сөздер: ойнақтайды, жауды.
VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.
№68 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Атаның ақ батасы.
Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,
бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік келдік пе№ - Кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Жақсы, бәріміз өлеңді жаттап айтып бердік -Ендігі сұрақ сендерге мынадай -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -мысал келтіреміз - бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?
IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз
V. Жаңа сабақ :Оқулықпен жұмыс 117-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт.. . Кеме жүзд... . аю ақ...рды.Қорадағы мал үр... кті. 2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер
VI.Жаңа материалды пысықтау: 118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады. 2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. 119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.
VII.Бекіту кезеңі : Атаның ақ батасын жаттап алыңдар
Атаның ақ батасы
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың қарындай
Бастарыңа бақ қонсын
Шаштарыңның санындай
Тыныш болсын даламыз
Түгел болсын нуымыз
Таза болсын ауамыз
Тұнық болсын суымыз О.Асқаров
Атаның ақ батасын таладап, тізбектей оқытып, мазмұнын ашу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 120-жаттығу «Наурыз» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
№69 Сабақтың тақырыбы: №11 өзіндік жұмыс. Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрену, таза жазуға, түйінді сөздер жазуға үйрету.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Мақсат қою кезеңі: Балалар, бүгін біз сендермен №11 өзіндік жұмыс дәптерімізбен жұмыс жасаймыз. Өткен тақырыптардан алған білімізді тексереміз? Яғни сендердің сол тақырыптарды түсінгендеріңді көреміз? 1-нұсқа Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
2-нұсқа: көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздерді жазыңдар
3-нұсқа: Сөздерге қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Ақ- Кең-
Жарық- 2. Не істеді? Не істейді?
Келді келеді
Достарыңызбен бөлісу: |