Сабақтың тақырыбы : «Өзендер» Оразақын Асқар
« Бас әріппен жазылатын сөздер.»
Мақсаты:
Білімділік :
Қазақстан жерінің өзендері туралы мағлұмат беру. Бас әріппен жазылатын сөздер туралы ұғымдарын кеңейту. Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отыра, өздіктерінен жұмыс істеуге, нәтижесін қорытындылап айтуға, өз пікірін дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру. Тілдерін дамыту. Сөз қорларын молайту. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Пәнаралық байланыс : дүниетану, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, демонстрациялау, зерттеу, проблемалық жағдаяттар, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ҚР бейнеленген үлестірмелі геологиялық карталар, глобус, балалардың суреттері.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
(слайд №1)
-Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Өйткені, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға сәлем берейік!
2.Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгінгі сабаққа қандай көңіл-күймен келдіңдер? Көңіл-күйіміз бұдан да жақсы болу үшін мына кейіпкерлермен бірге көңілді би билейік. (Видео №1)
Міне, енді барлығын мына күнге ұқсап кеттіңдер. (слайд №2)
3.Үй жұмысын тексеру. ( слайд №3)
-Балалар, сендер үйге берілген тапсырманы орындадыңдар ма ?
Кезекпен ортаға шығып, өздерінің ең сүйікті жануарларының салған суреттерінді көрсетіп, ол туралы әңгімелеп беріңдер. Жануарлардың аттарын атап, ережені қайталап жіберейік.
(Балалардың суреттерін магниттік тақтаға ілу.)
-Балалар, сендердің достарың бүгінгі сабақта бізбен бірге болады.. Сендер үшін қуанады.
4.Дәптермен жұмыс : (Слайд №3)
Дәптерлерді ашайық,
Қоға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемілеп жазайық - дей отыра дәптерге бүгінгі күнді жазайық.
Ал бүгінгі сабақта қандай әріпті әдемі жазамыз екен ?
Оны пошта жәшігіне келген хаттан білеміз.
(Бір оқушы барып жәшіктегі әріпті анықтайды.)
Ө қандай дыбыс ? (Дауысты, жіңішке дыбыс)
5. Көркем жазу. Өө әріптерін жазу.
Ең әдемі жазылған әріптің астын сызу.
6. Сөздік жұмыс:
-Балалар, ө дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер ?
Сол сөздерді атап, тақтаға және дәптерге жазайық. (Әрбір сөзге сұрақ қою. Ережені қайталау).
-Балалар, егерде кітапты көп оқысаңдар сендер өте көп сөздерді білетің боласыңдар.
Ал, кейбір кітаптардың ішінде қызықты сөзжұмбақтар боларды.Сендер сөзжұмбақ шеше аласыңдар ма ?
І. Қызығушылықты ояту. (слайд №4)
Тақтада жасырылған жұмбақтарды шешейік.
Аппақ –аппақ ақ мамық
Жерде жатыр тапталып (қар)
Көлдің үстінде бір айна жатыр. Ол айна қыста шығады, көктемде сынады. (мұз )
3.Шәйнек қайнады пу-пу-пу
Ауызынан шығады..... (бу)
Жаңа сабақ
Ой қозғау.
-Қар, мұз, бу неден жасалған ?
1 стақан суды көрсету.
Жұптық жұмыс.
1-жұп: 1 стақан су. Су туралы не білесіңдер ? (Су түссіз, иіссіз, сұйық, мөлдір)
2-жұп: Глобус. Жер бетінде су қайда кездеседі ? (Мұхиттарда, көлдерде, теңіздерде, өзендерде...)
3- жұп. Сурет. Адам суды қалай пайдаланады ? (слайд №5)
Ойлану үшін 1 минут уақыт беріледі. Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалар, егерде Жер бетінен су мүлдем жойылып кетсе не болады ?
Балалардың пікірлерін тыңдау.
Қорытынды жасау: Су-тіршілік көзі (слайд № 6)
Мақалды дәптерге жазу.
Сергіту сәті. (слайд №7)
Балық болып жүзейік,
Құс болып ұшайық,
Бала болып секіріп,
Орнымызға отырайық.
ІІ. Мағынаны ашу.
Музыканы тыңдау. Балалар, ненің дыбысы естіледі? (видео №2)
(Су ағып жатыр. Өзен ағып жатыр )
Өзен деген не ? Балалардың пікірлерін тыңдап, өзен туралы ұғым беру.
-Қазақстан жерінде ағатын қандай өзендерді білесіңдер? Мүмкін өз көзімен көргенсіңдер шығар?
Қазақстанның байтақ жерінде ағып жатқан өзендер өте көп.Оларды сендер өздерін картадан тауып аласыңдар. (Карталар тарату) (слайд № 8)
-Өзендер картада көк түсті сызықтармен бейнеленген. Олардың аттары сол сызықтардың жанында көк түспен жазылған.
Балалар картадан көрген өзендерді атайды.
Оқулықпен жұмыс: (слайд № 9)
Балалар, өзендер туралы көптеген өлендер жазылған. Солардың бірі Оразақын Асқардың «Өзендер» өлені.
Оразақын Асқар туралы мәліметтер беру. (слайд № 10)
1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.
Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы "Білім жұрты" деп аталатын гимназияда оқыған.
1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін, "Шыңжаң газеті" редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және "Шұғыла" журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
"Жалын" баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964; Мейі-рім. Өлеңдер. А., "Жазушы ", 1975; Ләйлә. Өлеңдер. А., "Жалын ", 1977; Көкорай. Өлеңдер. А., "Жалын", 1979; Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы", 1981; Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы ", 1984; Таудай бол! Өлеңдер. А., "Жалын", 1984; Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жалын", 1985; Расти большим. А., "Жалын", 1985; Өркеш. Таңдамалы, А., "Жалын", 1987; Баркөрнеу. Таңдамалы, А., "Жалын", 1992; Керімтал. А., "Жазушы", 1994; Жарапазан. А., "Балауса", 1995; Суретті әліппе. А., "Өнер", 1996; Әріптер әлеміне саяхат. А., "Интерпечать", 1999. Өрбұлақ.
Өлеңдер. А., "Ануар", 2000; Тәуелсіздік тартулары. А., "Өнер", 2001.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқу барысында балалар өздеріне таныс емес сөздерді түртіп отырады.
Сөздік жұмыс: (слайд №11)
Сай – сала – су жүретін жыра, ойысты жерлер
Есіліп – созылып, баяу
Сылаң қақса – мөлдіреп, сылдырап ағады
Атой – шарқ ұру, қатты ағып әртүрлі дыбыстар шығару
Каналга – су қоймасы, теңізге құяды
Бұқтырма нұр боп шұлғиды – тосқауылдардан өтіп ағу
Иіріліп –дөңгелене ағу
Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту
Өлеңді іштен оқыту.
Дәптермен жұмыс: (слайдтар№12-21)
-Балалар, осы өленде айтылған өзендердің аттарын дәптерге жазып алайық.
(Слайдттар арқылы әрбір өзеннің суретін көрсету. Өзен туралы қысқаша айтып кету.)
Сурет астындағы өзендердің аттарын қатесіз көшірейік.
-Өзендердің аттары қандай әріппен жазылған ?
Ереже құрастыру. (слайд №22)
Өлеңді 2-3 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Жұптық жұмыс: Картадан өзенді тауып , сол өзен жағалауында қандай қалалар , елдер орналасқанын айту
1-жұп. Сырдария
2-жұп: Ертіс
3-жұп: Есіл
Балалардың жауаптарын тыңдау.
-Балалар, неліктен қалалар, елдер өзен жағалауына салынады? Қалай ойлайсыңдар ?
1. Үлкен қалалар суды көп мөлшерде пайдаланады. (слайд №23)
2. Ірі өзендер-қатынас жолы. (слайд №24)
3. Өзен суларымен егістіктер, бау-бақшалар суарылады. (слайд №25)
4. Өзендерге гидроэлектростанциялар салынады. Электр қуаты өндіріледі. (слайд №26)
ІІІ. Ой толғаныс
Мақалдармен жұмыс: (слайд №27)
Сулы жер-нулы жер.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Судың да сұрауы бар.
Әрбір мақалдың мағынасын ашу. Қорыта келе, адамның өзендерге, көлдерге келтіретін зияны туралы айту.
Каспий теңізі, Арал теңізінің суреттерін көрсету. (слайд №28)
Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы теңіздер осындай болып қалды ?
Осындай жағдайға біздің өзендерімізді жеткізбеу үшін не істеу керек ?
Слайд ( № 29)
Суды үнемдеп пайдалану
Өзен, көлдерді ластамау
Жағалауларда қоқыс лақтырмау
Табиғатты аялап, қорғау керек
(Слайд №30) «Су ішкен құдыққа түкірме» деген мақалмен келісесіңдер ме ? Неліктен ?
Үй жұмысы: (слайд № 31)
«Су-тіршілік көзі» ессе жазу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Өзеннің суретін салу.
Оқушыларды бағалау (слайд № 32)
Достарыңызбен бөлісу: |