Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



жүктеу 6,54 Mb.
бет12/24
Дата28.11.2017
өлшемі6,54 Mb.
#2158
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

ІҮ. Қортыту.Алған білімдерін қайталап отырып, қорыту

Ү. Бағалау
55.

Күні: 12.12.15ж

Классы: 2

Пәні: Әдебиеттіу оқу

Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: 1.Қ.Аманжолавтың «Қазақстан» өлеңінің мазмұнын таныстыру, түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру

2. Білімін, ой-өрісін сөйлеу тілін дамыту

3.Елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Амандасу

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру

1. Он алтыншы желтоқсан – оқыту.



ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі :

1. Сұрақ-жауап:

- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке?

- Қ.Рысқұлбеков кім?

- Ол туралы басқа не білесің?

2. Қорытындылау



ІҮ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Ү. Жаңа білімді түсіндіру:

1. Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беріп өту

2. «Қазақстан» - оқып, талдау.

3. Сергіту сәті



ҮІ. Жаңа білімді меңгертіп, тексеру:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей

2. Сөздікпен жұмыс.

3. Сұрақтарға жауап алу: «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

Ақын неге қуанып, неге шаттанады?

Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы .

4. Тапсырманы орындау

ҮІІ Бекіту кезеңі.

Сұрақ жауап арқылы оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру



ҮІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.97-98 беттерді мәнерлеп оқу. 2.Бағалау

Күні: 04.12.15ж

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Шығарма « Алғыс »

Сабақтың мақсаты: 1. «Алғыс» тақырыбына шығарма жазу.2. Жазбаша түрде оқушылардың тіл байлығын және сөздік қорларын дамыту. 3. Оқушыларды таза сауатты, әдемі жазуға төселдіру

Сабақтың түрі; пысықтау

Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе әңгіме жүргізу:

Балалар алғыс деген сөздің мағынасы қандай?

Кімдерге алғыс білдіресіңдер?

Алғыс сөзін жие естисіңдерма?

Дәптермен жұмыс.



ІІІ.Сабақты қорыту: Бағалау

57. Түйе мен тышқан. (моңғол ертегісі)



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен танытыра отырып, ертегі мазмұнымен таныстырып түсіндіру2. оқушылардың ой-өрісін есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Сабырлыққа, зеректікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: жыл басының суретері

Сабақтың барысы:І .Ұйымдастыру кезең.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Қазақстан өлеңін мәнерлете оқыту

ІІ. Жаңа сабақ: Балалар, бүгін біз сендермен Жыл басы неге тышқан болғанын білеміз. Яғни «Түйе мен тышқан» ертегісін өтеміз. Кім маған Жыл басын атап береді?Оқулықпен жұмыс.Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, тізбектете оқытуБұл ертегіде қай жануардың ісі дұрыс екен? Сонымен Түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?

ІІІ.Суретпен жұмыс:Суретке зер салып Жыл атарын не артық екенін айтып бер?Қанша жыл басы бар екен?

ІҮ.Кел ойнайық:«Балық» ойынын ойнайық. Балықтың денесіне қазақтың жыл атуын ретімен жазып шық.Қане, кім жылдам екен?Бойына сенбе, ... сен - аяқта.

ҮІ .Қорыту

ҮІІ. Бағалау
58. Шырша жыры

Мақсаты: 1. Оқушыларды «Шырша жыры» өлеңімен таныстыру, мәнерлеп, әуенімен айтуға жаттықтыру 2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.3.Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Арнайы суреттер, шырша.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі- Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.1. Сөзжұмбақты шешу.Оқулықпен жұмыс.а/ «Шырша жыры» өлеңін оқып, таныстыру.ә/ Әнін тыңдатып, қосылып айту.б/ Сөздік жұмыс.

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу. Жаңа жыл қандай мереке? Жаңа жылға дайындығың қандай?Жаңа жылдан не күтесің?Жаңа жылға басқа қандай ән-жырлар білесіңдер?б/ Тапсырмаларды орындау в/ Өлеңді тағы да оқып оқу.1. хормен оқу 2 .жеке-жеке оқу 3. тізбектей оқу.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік? Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді жаттау, әнімен қосып айту. 2. Бағала
59. М. Төрежанов. Өз ізі

Мақсаты: 1.М.Төрежановтың «Өз ізі» әңгімесімен таныстыру, түсініп оқуға дағдыландыру.2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту .3.Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Арнайы суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Шырша жыры» өлеңін жатқа сұрау.Әуенімен орындату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ.1.Жаңылтпашпен жұмыс.2. Сурет бойынша әңгімелету.Оқулықпен жұмыс.а/ «Өз ізі» мәтінін оқып, таныстыру. ә/ Сөздік жұмыс.3.Сергіту сәтін өткізу

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу.

Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың? Қарға қатысты айтылған көркем сөзді дәптеріңе жазып ал.Соңғы сөйлемдегі тілекті қалай түсінесің?Бір-біріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер?б/ Тапсырмаларды орындау.



Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:1.103-беттегі мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.2. Бағалау
60.

Күні: 19.12.15ж

Класы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Алдар көсе мен салт атты.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту2. оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілеттерін дамыту. 3. оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: тон ішіктің суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу

құрал-жабдықтарын түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Өз ізі» мәтінінің мазмұнын сұрау.

Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Киген тоны, Оңды тон. Өнді тон.

2. Үш кісі ішік пішті

Бес кісі ішік пішті

Қанша кісі ішік пішті?

Жаңылтпашты жаңылмай, тез айтуға үйрету.

Жаңылтпаштағы киім атауларын ата.

Бұл киімдерді қай кезде киеді?

Не үшін киеді?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

Оқушыларға Алдар көсе мен салт атты тақырыбын түсіндіріп, тізбектете оқыту.

Балалар, бұл аңызда Алдар көсе байды қалай алдап кетіпті?

Ү. Суретпен жұмыс:

Суретке зер сал.

Жерде тұрған кісі қалай киінген?

Ат үстіндегі кісі ше?

Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?

ҮІ. Бекіту:Алған білімдерін қайталап, сұрақтарға жауап бере отырып, қорыту

ҮІІ. Үйге тапсырма беру; Оқу, мазмұнын айту.

Бағалау: Жетістігі мен кемшілігін ескере отырып бағалау


61.

Күні: 22.12.15ж

Класы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ





Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:




I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

- Үйге не берілді?

- Аңыз дегеніміз не?

- Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті?

- Аңызды кім әңгімелеп береді?

Сергіту.


- Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады?

- Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік?

- Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?


III. Жаңа сабақ

Кіріспе :



- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»

а) суретпен жұмыс

(сұрақ-жауап) 1.

2.

- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Ол не үшін керек?

- Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

- Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік.

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

- Неге?


- Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал - өлеңін түсініп оқып көрелік.













Оқулықпен жұмыс. Мысал - өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту.


- Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

- Осы сөздермен сөйлем құра.

- Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

- Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Күні: 23.12.15ж

Класы: 2


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға

дағдыландыру. Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі. Аралас

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.

Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.



Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.



ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін

сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

1. Кіріспе (осылай жаңа сабақтың кіріспе әңгімесі ретінде байланыстырып кету.)

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым, Зулап түсіп төменге

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы ) Шықпас менсіз төбеге. ( Шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

3. Оқулықпен жұмыс. - (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. 1.жұмбақты жатқа жазу.



Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.



Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Күні: 25.12.15ж

Класы: 2

Пән: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли.

Мақсаты: 1. Байлық әңгімесін оқи отырып, бірінші байлық денсаулық екенін, жұмыстың жылуы өлеңін оқып, еңбек жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ. Мырза Әли.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

а/ Байлық әңгімесін оқып, мазмұынын ашу. Бірінші байлық денсаулық екенін түсіндіру.

ә/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып, жұмыспен айналысқан адамның денесі қызып, жылы жүретінін түсіндіру

.б/ Сөздік жұмыс.

ІҮ. Білімдерін тексеру:

іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ә/ Сұрақтарға жауап алу.

Жігіт ұстазын не деп мұңын шақты?

Ұстазы жігітке қандай сауалдар қойды?

Жігіт қалай жауап берді?

б/ Тапсырмаларды орындау.

в/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып оқу.

1.хормен оқу

2.жеке-жеке оқу

3.тізбектей оқу.

Ү. Қорыту.

Бүгін не өттік?

Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:1.әңгіме мен өлеңді мәнерлеп. 2.бағалау

Күні: 26.12.15ж

Класы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу



Сабақтың тақырыбы. « Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест

Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

- Үйге не берілді?

- Жатқа айту, әндету.

- Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

- « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.
1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?

2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім

көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп түсініп оқып көрелік.

3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
65. Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ. Мазмұндама «Камалдың қатесі»1. Мәтінді оқып талдау, мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.

Камалдың қатесі

Камал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Көше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалған еді. Камал аттап өте алмады. Камал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Камал суға күмп етіп түсіп кетті.

2. Тірек сөздерАрық нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.3. Жоспар құру1. Жолдағы арық 2. Іске аспаған әрекет



ІІІ.. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:Қорытынды саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған

ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.


ІІ. Қорытындылау сабақ.

1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?

- Кәне, кім айтады?

2. Пысықтау жұмысы.


  • Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.

Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.

  • Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.

- Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.

(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)

Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.

-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?

( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)

Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.

-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.

-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?



Сабақты қорыту.

1. - Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанамен барайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.

Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.

Әйтпесе, бізді қатырып қояр.

- Қысқы ойын түрлерін атаңдар.


  • Қысқы мейрамдарды атаңдар.

  • Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?

2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
67. Тақырыбы: Ата ақылы

Мақсаты:1. С.Көбеевтың ата ақылы, атасы мен немересі жайлы түсінік беру. 2.Дұрыс оқу,түснігін айтуға дағдыландыру 3.Үлкенді құрметтеуге баулу

Көрнекілігі: суреттер,сызба

Түрі: жаңа сабақ

Сөздік қормен жұмыс:ақыл,аяқ,ұялу,қартаю



Сабақтың жоспары:

ІІ. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе 2.Мүғалімнің түсіндірмесі

Пысықтау қорыту. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Өткенді қайталау.

Қазір қай жыл мезгілі? Қыста қандай өзгерістер болады? Қысқы еңбектер жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ

а/кіріспе жазушы ұстаз С.Көбеев Қостанай облысында туған.сОл кім екенін білесің бе?

Б) Мұғалімнің түсіндірмесі. Сызбамен жұмыс.Пысықтау

1.Кітаппен жұмыс ә/ Өлеңдерді оқу, талдау. б/ Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу. Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?



ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ .Үйге тапсырма

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, бағалау

68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі.

Атасы мен немересі.
Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға

үйрету.


2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап

жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.



Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе.

а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.

-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?

-Кәне жаттап көрелік.

ә). Балалар, мына нақыл сөзге көңіл бөліп көрелік: « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы-Спандияр Көбеев

- Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?

3. Оқулықпен жұмыс. - ( жалғастырып, түсініп, шапшаң оқу)

Рөлмен оқу. Теріп оқу.

4. Сөздік жұмыс. (дәптерге жазу)

- Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер

- « Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайл оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.

2. Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.

3. Жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.



ІҮ. Қорыту.

- Қандай бөлімді оқыдық?

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?



Ү.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға

үйрету.


2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап

жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сөзжұмбақ, тыйым сөз.

Сабақтың барысы.


I. Ұйымдастыру кезеңі: .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе.

-Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімінің Шал мен балалар мәтінін оқимыз.

-Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

- Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау)

Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?

- Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

- Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу.

- Балалар неліктен ұялды?

Жаңа сабақты бекіту

1. Дәптермен жұмыс.

- Мына тыйым сөздерді оқып көрелік « Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.» оны қалай түсінесің?

2. Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай?

3. Мәтінге басқаша ат қой.



Қорыту.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

- Ойланып жауап бер.

Асқар дастарқан басында шешесіне:

- Сен шайды көп ішесің, - деп кінә тақты.

- « Сен » деме, « сіз» деп сөйле, -деді оған әкесі.

- Менің досым Сергей әке- шешесіне « сен » деп сөйлейді ғой. «сен» деп сөйлейді ғой.

« Сен » деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе ?- деді Асқар.

Кімнің пікірі дұрыс? Сен ата- анаңа не дейсің?



Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

жеткізуге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.



Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе.

-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс

шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.

Мысықтан қорқады,

Түнде жортады. ( тышқан )

Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған. ( мысық )

- Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.

3. Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.

Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?

4. Дәптермен жұмыс. - жұмбақты жатқа жазу.

Жаңа сабақты бекіту. - Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.

- Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

Қорыту.

Суретпен жұмыс.

Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?



Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.


71.Сабақтың тақырыбы:


Айтшы, әжетай. Жақан Смақов

Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:


Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар.

Сабақтың барысы:




I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы?

- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?

- Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?

- « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?


III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе :

- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»

- Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?



2. Мұғалімнің түсіндіруі:


-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.

Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

- Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.

- Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.



Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.



Сөздік жұмыс

Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?



Ақтабан – жылқының атауы.

Қаракөл қой – қойдың түрі.

Бекіту.

Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.




Туыстық атауы




Мамандығы

Атасы




тәрбиеші

Нағашысы




Монтер

Жеңгесі




жылқышы

Ағасы




сауыншы

Жиен ағасы




құрылысшы

Апасы




Егінші

Жездесі




Қойшы


2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:

а) өлеңге сүйеніп; ( класта)

б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)



Әке жағынан туыс

Шеше жағынан туыс





































3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?

4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»

- Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?



Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
72. Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.

Мақсаты: Бұл кім? Апаның тілін алса егер өлеңдерін оқып түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке тірбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ғылым таппай мақтанба» жатқа сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау. б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің?Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?

ҮІІ. Қорыту.Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.өлеңдерді мәнерлеп оқу.2. Бағалау
73. Сабақтың тақырыбы: Ата әжеме хат

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету.2. Оқығанын түсіндіріп айтуға, ойын жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: хат, конверт, суреттер

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Туыстық, атауларды ата? Өзіңе алған әсеріңді айт.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Жұмбақты түсініп оқып шеш. «Хат»б) Мұғалімнің түсіндіруі Хат жазуға өнер. Оны жазу үшін алдымен: 1. Хаттың басталуы 2. Назардың оқуы 3. Назарға айтқан атасының ақылы. 4. Хаттың аяқталуы.

ІҮ.Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс Түсініп, дұрыс оқу. 2. Хат жазу 3. Хатты жазып отырған кім? Ол хат кімге арналған? 4. Хатты бөлікке бөліп оқы

Ү.Қорыту:1.Сызбамен ауызша жұмыс. 2. Өзің хат жаза аласың ба?

ҮІ. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сендер де алыстағы достарыңа, туыстарыңа хат жазып жіберіңдер. Олардың қалай қуанатынын білесіңдер ғой?

Ү. Үйге тапсырма беру:1.125-126 беттерді түсініп оқу.2. Бағалау.
74. Тақырыбы: Ұшқан ұя.

Мақсаты: Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру.Танымдық қабылеттерін дамытуПатриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексер:уБалғын суретші.Тізбектей оқыту.Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Бала өзендегі тастарға неге қызықты?Ол бұл тастардан қандай заттар жасайтын еді?Тау жартасы туралы не айтылған?Әңгіме қай суретші жайында?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұшқан ұя.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ Ұшқан ұя әңгімесін оқи отырып, Б.Момышұлы туралы түсінік беру.ә/ сөздік жұмысын жүргізуата-тегі арғы аталары баппен- асықпай араз-тату емес.Тақырыпты оқыту.Іштей оқуТізбектей оқу.Дәптермен жұмысСергіту сәті.

жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау