Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


-тапсырма. Берілген суретті салып шық. Үйге тапсырма : Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Күні:26.11.13



жүктеу 4,71 Mb.
бет9/17
Дата05.03.2018
өлшемі4,71 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
2-тапсырма.

Берілген суретті салып шық.

Үйге тапсырма :
Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!



Күні:26.11.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақ мақсаты: а) Графикалық редактормен таныстыру.
Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Paint графиктік редакторы терезесі.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру, тапсырмалар орындату.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау



Сурет салу кезеңдері.


  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті



Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады.



Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.



Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады



Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.



Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған



Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.



Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.



Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.



Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.



Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.



Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.



Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.



Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.



Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.



Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсрін таңдап алуға болады.



Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.




  1. Сызық қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін таңдау.

Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағында аймақта жасауға болады. Сызықтың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуағ болады және кистің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  1. Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

  1. Фонның түсін таңдау.

Фон түсін атңдау үшін палитрадағы қажетті түске маустың оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.(тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)

  1. Ал енді сурет сала беруге болады.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

    1. Сурет салатын құралға маус нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

    2. Палитрадан қажетті түсті таңдаңдар.

    3. Нұсқағышты сурет салатын орынға апарыңдар.

    4. Маус батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағыта жылжытыңдар.

    5. Суретті салып болған соң маус батырмасын босатыңдар.


МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады. Оның әр пункті созылған бағыныңқа менюлерден тұрады.Меню арқылы, терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтауға немесе қалпына келтіруге, масштабты өзгертуге, суреттің бір бөлігін кшіруге және оны алмастыру буферіне сақтауға болады.


Тапсырма: Компьютерде графикалық редакторды қосып, құралдармен танысу.

Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, радкциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке-жеке толық танысаывн боламыз. Сендер әрине компьютерлері барларың мұны білетін де боларсыңдар, бірақ кейбір әдіс-тәсілдерді білмеулерің мүмкін. Сондықтан біз білеміз демей мұқият сабақты тыңдап, араласып отырыңдар.

Біздің бірінші қарстыратын құралымыз

Түзу сызықты салу құралы.

Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.



  1. Линия батырмасын шерту

  2. Сызықтың қалыңдығын таңдау

  3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.


Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.

  1. Прямоугольник батырмасын шерту

  2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші оялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.

  3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Ал шаршы салу үшін тап осы алгоримтді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.

Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.

Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.


Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Элиипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.


Сонымен біз бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының кейбір құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға кімдер жауап береді. Қане кім сабақты жақсы түсінді екен.

  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Элипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?

Сабақты бекітуге арналған практикалық жұмыстар

Компьютермен жұмыс

Сонымен бірге мына суреттерді копьютерде салып қойып, оқушыларға салуға ұсынамын.




  1. Тік төртбұрыш, эллипс, сызық құралдарын қолданып, үй сал.

  2. Заливка құралымен үйді боя.

  3. Горизонт сыз. (экранды көлденеңінен екіге бөл.)

  4. Суреттің жоғары бөлігі - аспанды көгілдір түспен, ал төменгі бөлігі – шөпті жасыл түспен боя.

  5. Жоғары сол жақтағы бұрышқа күннің суретін сал.

  6. Бүріккіш көмегімен бұлттарды ақ түспен сал.

Үйге тапсырма :


Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!



жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау