Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Күнделікті сабақ жоспары
6 сынып
Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна
2014-2015 оқу жылы
«Тексерілді»:
Оқу ісінің меңгерушісі:
«___________» ________20 ж
Күні: 4.09.13
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өтілгенді пысықтау
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Жалпы
ДК-де жұмысты бастау алдында
Жұмыс істеу кезінде
Авариялық жағдайларда
Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (винилин);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
Сергіту сәті.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1-жаттығу
Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Көздерінді талдырмандар.
Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
IV. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
«Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру» кроссвордын шешу.
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Көз талғанда жасайтын жаттығуларды орындау.
VI.Бақылау кезеңі
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
Үйге тапсырма:
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
«Тексерілді»:
Оқу ісінің меңгерушісі:
«___________» ________20 ж
Күні: 5.09.14
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.Ақпараттардың алуан түрлілілгі және оларды өңдедің тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өтілгенді пысықтау
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың , жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Мәтіндік ақпарат
|
Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар
|
Сандық
|
Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп.
|
Графикалық апарат
|
Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер.
|
Музыкалық апарат
|
Дыбыстар,музыка,сөз.
|
Бейне апарат
|
Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.
|
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды
Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады.
Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
Ақпаратты өңдеу - оның бастапқы түрден басқа түрге айналуы немесе ақпарат мазмұның өзгеруі.
Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:
Мәтіндік
Сандық
Графикалық
Дыбыстық.
Ақпаратты өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:
Ақпаратты жинау;
Ақпаратты қалыптастыру;
Ақпаратты сүзгілеу;
Ақпаратты сұрыптау;
Ақпаратты топтастыру;
Ақпаратты архивтеу;
Ақпаратты қорғау;
Ақпаратты тасымалдау;
Ақпаратты түрлендіру.
Ақпаратты ұсыну формалары:
1. Символдық – әріптер, сандар таңбалар, т.б.
2. Мәтіндік – әріптер, сандар, таңбалар, т.б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады.
3. Графикалық – суреттер, сызбалар, схемалар, фото – суреттер және т.б.
Тапсырма:
Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтау.
|
Ақпаратты енгізу
|
Ақпаратты өңдеу мен сақтау
|
Ақпаратты шығару
|
Адам
|
|
|
|
Компьютер
|
|
|
|
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау.
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
VI.Бақылау кезеңі
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма:
«Тексерілді»:
Оқу ісінің меңгерушісі:
«___________» ________20 ж
Күні: 11.09.14
Сынып : 6
Тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қанадй мән берілетінімен таныстыру.
Б) Ақпаратты бағалай алу мен оның көлемін есептеуге үйрету. Ақпараттың өлшем бірліктерін үйрету.
В) Ойларын ашық айту мен ақпаратты бағалай білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Өлшем бірліктері жазылған плакаттар
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру.
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі жаңа сабағымыз Ақпарат көлемі және оның өлшем бірліктері.
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз.
Арақашықтығы сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б. өлшеу қабылданған. Ал самақты –граммен және килограммен, т.б. өлшейміз.
? Ақпаратты қалай өлшеуге болады?
Компьютер-электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео
сигналдар тілінде аударылады. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1 –дің көмегімен белгілеу қабылданған. (10- сурет) 24 бет.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
«Ақпарат » сөзін байтпен есептейді, ал мұнда 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады,. Символ- ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын. (11- сурет, 25 бет).
Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сндағы сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең.
Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.
1 байт 8 бит
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт
1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт
Мектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.
Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар.
Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығы
Бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек
өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.
Сергіту сәті.
Тақырыпты бекіту сұрақтары:
Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге болады?
Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
Ақпараттың көлемі деп нені айтады?
Ақпарат көлемінің өлшем бірліктері қандай?
Ақпараттың берілу жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?
Оқу жылдамдығын анықттауға тапсырма. Бір оқушы тақтаға шығып, мәтінді оқиды. Бір минутта оқыған ақпараттың көлемі есептеледі. Сол арқылы оның оқу жылдамдығы, бит/сек, байт/сек-пен өрнектеледі.
Үйге тапсырма :
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
«Тексерілді»:
Оқу ісінің меңгерушісі:
«___________» ________20 ж
Күні: 19.09.13
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері «0»- дік бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад.
Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер.
Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |