Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна



жүктеу 4,71 Mb.
бет5/17
Дата05.03.2018
өлшемі4,71 Mb.
#11372
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Тест жұмысы

1.Компьютер кұрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

А) процессор

В) принте

c)дискжетек

д) жедел жады

2.CD-R компакт дискі сыйымдылығы қандай?

А)510

В) 700

c) 400

Д) 300

3.Ақпарат өлшембірліктеріната?

А) килобайт ,мегабайт

В)мб,гб,байт,бит

С)бит,байт,мб,гб,кб,тб

Д)мб,гб,байт,бит,кб
4.1 кбайт неге тең?

А) 1024мб

В) 1024гб

С) 1024байт

Д) 1024кб
5.Компакт-дискі оқу құрылғысы?

А)DVD-RW

В)CD-ROM

С)CD-V

Д)DV-R

VIII Бағалау. “Бейнеттүбі-зейнет”

.IXҮйге тапсырма беру.

Күні:22.10.13

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары

Сабақтың мақсаты:

Біліми. Оқушылар алгоритм, программа ұғымдарымен танысады. Алгоритмнің орындалуы, алгоритм қасиеттері туралы түсінік алады. Оқушылар тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.

Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.

Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.



Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)

  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)

  4. Тапсырмаларды орындау (15-минут)

  5. Сабақты бекіту (6-минут)

  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)

  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

Проблеманы айқындау кезеңі:

Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Проблеманың шешімін табу:

Алгоритм, программа ұғымдары

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.



Сонымен: алгоитм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритмнің орындалу

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:



  1. Мектепті тәмамдау.

  2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

  3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

  4. Конкурстан өту.

Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау

Алгоритмді орындаушының ролін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот атқарады. Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.

Алгоритм қасиеттері:

  1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, анықталған болу керек.

  2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үгкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.

  3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.

  4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.

  5. Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындаушы өз әрекеттерінің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып, белгілі бір нәтиже алады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?


Үйге тапсырма.

  1. Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі бірнеше алгоритмдерден мысал келтіріңдер.

  2. Берілген формула бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар:

y= (5х2-4)(х2+7).
Күні:26.10.13

Сыныбы: 6

Тақырып: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

  3. Жаңа сабақты түсіндіру


Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.





Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1





Алгоритм басы

2





Алгоритм соңы

3





Есептеуіш әрекет

4





Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5


жоқ иә

Шартты тексеру


6





Циклдың басы

7





Көмекші алгоритмді шақыру

8





Байланыс бағытын көрсету

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.



Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.

Сабақты бекіту сұрақтары

      • Алгоритм дегеніміз не?

      • Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер жатады?

  • Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?

Үйге тапсырма:
Күні:26.10.13

Сыныбы: 6

Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

10 мин

Сұрақ-жауап.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм тіл дегеніміз не?

  3. Программа дегеніміз не?

  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

  5. Алгоритм тілі дегеніміз не?




Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі – бұл

алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.



ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.


10 мин

Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.


жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау