Сабақ жоспары : Қазақ тілі 4 – сынып



жүктеу 0,97 Mb.
бет3/6
Дата04.12.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2873
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, шығ-қ диктант, ережемен жұмыс, жатқа жазу, сөздік диктант.


Көрнекілігі: Кеспе парақшалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: - жаттығу

Дәптер бойынша және ауызша талдап тексеру.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Кеспе парақшалармен жұмыс. Ережені пысықтау, жатқа сұрау.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркемжазу минуты: Нн

Оқылған жұмбақты шешу, жауабын көркем, сауатты жазу:

Әуеден күбі түсті, Үсті тас, асты тас,

Күбінің түбі түсті. (Найзағай) Ортасында піскен ас. (Нан)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

86-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерге көптік жалғауын жалғап айт. Көптік жалғаудың сөздерге әр түрлі жалғану себебін түсіндір.

Аққу-лар, киік-тер, көл-дер, құс-тар, құлын-дар, әнші-лер, қыз-дар, үй-лер.

87-жаттығу. Шығармашылық диктант. Оқылған сөз тіркестеріне сұрақтарына сәйкес келетін тиісті жалғауларды жалғап жаз:

Кімнің ? Ненің ? Кімге ? Неге ? Кімнен ? Неден ?

Ауыл... маңы Қырман... бару Жұмыс... келу

Бала... ойыншығы мектеп... келу үлкендер... үйрену

Көкек... даусы қуыршақ... кигізу мата... тігу

Кеме... міну жүн... тоқу

Тапсырма: Түбір сөздің соңындағы дыбыстың, қосымшадағы бірінші дыбыстың астын сыз.

Олар қандай дыбыстар? Не байқадың? Қандай қортынды жасууға болады?

Ережемен жұмыс: 27-беттегі ережені іштей түсініп оқу, жаттау, ереже дәптерге көшіру.

88-жаттығу. Жатқа жазу. Өлеңді жатқа жазып, қарамен жазылған сөздің түбірін тап, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Ерте(к)гі-ні, көкіре(к)гі

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

89-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерді 3 жақта тәуелдеп айт. Түбір сөздер қандай өзгеріске ұшырады?

Бұлақ-бұлағы, тауық-тауығы, терек-терегі,көлік-көлігі,доп-добы, талап-талабы, өрнек-өрнегі.

6. Сабақты бекіту:

90 жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді дұрыс жаз, айтылуы мен жазылуын есте сақта:

Басшы,Сарыарқа, Досжан, теңізші, жазса, түнгі, ашса, сөзсіз, сөнбеді, жанбады.

Сөздердің айтылуымен жазылуын салыстырып оқытып тексеру.

7. Үйге тапсырма: 91-жаттығу 28-бет

8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркестері арасындағы дыбыс үндестігінің заңдылықтары туралы түсінік беру және жалпы үндестік заңы жайлы алған білімдерін пысықтау,бекіту, тиянақтауға жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін , ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорлары мен сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Сауатты, көркем,таза жазуға үйретуде әдептілікке тірбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Бекіту, тиянақтау

Әдіс тәсілдері:

Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 91-жаттығу 28-бет

Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Жазылуын есте сақта.


  1. Дәптер бойынша тексеру.

  2. Оқыту арқылы талдап тексеру.

  3. Айтылуда өзгеру себебін түсіндіру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: ңң

Оқылған жаңылтпашты қатесіз,көркемдеп жатқа жазу:

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,

Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең-

«ң» нан сөз жоқ басталған-

«ң» үлестен бос қалған.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағыныны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

92-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді сауатты,көркем жаз:

Ақ жаулық, ай қабақ, әр қилы, дөңгелек үстел, көк аспан.

Тапсырма: Айтылудағы сөздердің арасындағы көршілес екі дыбыстың өзгеру себебі неде ?

93- жаттығу. Ауызша талдау. Сөзтіркестері арасындағы көршілес дыбыстардың өзгеру себебі неде?

Оқыту, талдау.

94- жаттығу. Есте сақтау диктанты. Жаңылтпашты жатқа жаз, сөздердің аралығындағы дыбыс үндестігін тап:

Асқат қасқа ат мінді,

Мақсат басқа ат мінді.

4. Материалды түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма, топтық жұмыс.

1топ 2-топ 3-топ

БУЫН ДЫБЫС Талдау жұмысы:

Түбір мен қосымша түбір сөз бен қосымша

Сөз тіркестері

5. Сабақты бекіту:

96- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқып, алғашқы сөйлемді көшіріп жаз:

Төртіншіні бітірген Сәлім нағашысы Жарболдікіне қонаққа барды.

Тапсырма: Буын үндестігіне сай жазылған және сай жазылмаған сөзді тап:

Сай: Бітір-ген, нағашы-сы, қонақ-қа, бар-ды

Сай емес: Жарбол-дікіне

6. Үйге тапсырма: 95-жаттығу 29-бет

7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: Мәтін, мәтіннің тақырыбы , бөліктері, негізні ойы жайлы түсінк беру. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы білім-білік дағыларын, ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты оқуға, көркем, таза жазуға және дәптерді ұқыпты ұстауға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс –тәсілдері: Ой қозғау, топтық тапсырма, көру диктанты, шығ-қ тапсырма, өзіндік ж.

Көрнекілігі: Сызба, тірек сөздер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назаларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 95-жаттығу 29- бет

Көп нүктенің орныныа н,ң дыбыстарының тиістісін қойып көшіріп жаз.

А) Дәптер бойынша тексеру.

Ә) Оқытып,ауызша талдап тексеру.

3. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: О о

Тізбек сөздерді көркемдеп бір жолға көшіру: Отан-Ана, Отан-жер, Отан- дана, Отан-ел.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен маөсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс.

Әр топқа берілген тақырыптар бойынша әңгіме жазу тапсырылады:

1-топ 2-топ 3-топ

«Біздің сынып» «Менің Қазақстаным!» «Табиғат- тал бесік»

Топ бойынша оқыту, тексеру, тапсырмалар орындату.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Әңгіме неден құралған?

  2. Сөйлем неден тұрады?

  3. Әр әңгімедегі ой не туралы?

  4. Әңгімедегі ой мен тақырып сай келе ме?

  5. Әңгімені мәтін деуге бола ма?

Сызбамен ойды қорыту: МӘТІН

Тақырып Негізгі ой Автор

Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

97-жаттығу. Көру диктанты. Мәтінді оқып шығып, көшіріп жаз:

«Су құстары»

Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап бер: 1.Мәтінде не туралы айтылған?

2. Су құстарына нелер жатады?

3. Оларды неліктен су құстары деп атайды?

4. Су құстарының суға батпау себебі неде?

5. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы сай келе ме?

Ережемен жұмыс: 29,30-беттегі ережені іштей оқыту, жаттау, ереже дәптерге жазу.

98- жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді дауыстап, тізбектей оқыту.

2.Түсінгендері бойынша әңгімелету, негізгі ойды анықтау.

3. Мәтінтмазмұнына сай үш сұрақ қою, пысықтау,жауап жаздыру:

1.Атасы шілдеде қалай киінеді екен?

2. Ол кітап оқығанда неге кейіді?

3. Оның мінезіндегі өзгерііс неден пайда болды?

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

100-жаттығу. Танымдық тапсырма. Берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша әңгіме құра:

Тақырып: «Ас атасы-нан».

Тірек сөздер: егін, қырман, диірмен, еңбек, диқан, наубайхана, нанды қадірлеу.

Оқыту, ауызша талдау.

5. Сабақты бекіту:

101-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқыту. Тақырыбын анықтау себебін түсіндіру. Түсінгендерін әңгімелету. Алғашқы екі сөйлемге дыбыстық талдау жасату.

6. Үйге тапсырма: 99-жаттығу 30-бет. 7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің бастапқы, негізгі, соңғы бөлімдерін табуды және түрлерін ажыратуды жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы түсіндіру.

Білім-білік дағдыларын, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.

Адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ой ашар, өзіндік жұмыс, шығ-қ, топтық, танымдық тапсырма, сызбамен жұмыс

Көрнекілігі: Сызба, сурет

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 99-жаттығу 30-бет

«Менің туған ауылым» тақырыбына әңгіме құрап жаз.

Дәптер бойынша және ауызша оқытып тексеру, талдау.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Сұрақ-жауап: 1. Мәтін деген не?

2. Мәтіннің тақырыбы деген не?

3. Автордың басты пікірі не деп аталады?

4. Тақырып пен негізігі ой бір-бірімен неге тығыз байланыста болады?

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты:Өө

Оқылған мақалды жатқа қатесіз, көркем жазу: Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой ашар! Сызбамен жұмыс. Сызба бойынша жаңа сабақтың негізін ашу, түсіндіру:

МӘТІН


Бөліктері Түрлері

Бастапқы Негізгі Соңғы Хабарлау Сипаттау Пайымдау

Жаттығулар орындату:

102-жаттығу.Өзіндік жұмыс.

1. Іштей түсініп оқыту.

2. Сөйлемдерді өз орнына қойдыру , әңгіме құратып жаздыру.

3. Мәтіннің бастапқы, негізгі, соңғы бөлігін тапқызу, әр бөлікке ат қою:

(Бастапқы бөлік: «Көгершіндергі қосылу», негізгі бөлік « Бөтен құс», соңғы бөлік «Жалғыздық»)

4. Мәтінге ат қою. («Таған»)

5. Негізгі ойды анықтау.

103-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. Ауызша жұмыс.

Берілген жоспар бойынша әңгіме құра:

Тақырыбы: «Кездесу.» Жоспары: 1. Оқушылардың батыр атаны жиынға шақыруы.

2. Атаның әнгімесі.

3. Әңгіменің балаларға әсері.

104-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқып, алғашқы бөлігін көшіріп жаз.

Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Сипаттау мәтіні не үшін қажет?

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма. Әр топ берілген сурет бойынша мәтін құрастырып, тақырып қояды, бөліктерін тауып ат қою. 1-топ: Әңгімелеу. 2-топ: Сипаттау. 3-топ: Пайымдау.

6. Сабақты бекіту:

106-жаттығу. Танымдық тапсырма. Мәтінді оқып, Боданбек пен Шоғанбекті суреттеген сөйлемдерді көшіріп жаз. Өзіңе ұнаған балаға мінездеме бер.

7. Үйге тапсырма: 105-жаттығу 32-бет

8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні

Сабақтың мақсаты: Сипттау мәтіні және оның құрылымы салыстыру арқылы берілетінін ұғындыру.

Логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін және тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты, көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызш талдау, өзіндік жұмыс, шығ-қ жұмыс

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 105-жаттығу 32-бет

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдап тексеру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Пп

Ойна да, ойла! Пластилиннен жасалатын «П» әрпінен басталатын сөздер тауып жазу:

Піл, пияз, помидор, парашют, пышақ, парта.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

107-жаттығу. Суретпен жұмыс. Ауызша сипаттау.

Тапсырма: 1. Суретте қандай құстар бейнеленген?

2. Ұзақ пен қарғаның бір-бірінен қандай өзгешелігі бар?

3. Қандай ұқсастықтары бар?

108-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып,ат қой, екінші шумағын көшіріп жаз.

4. Материалды меңгергендерін тексеру:

Шығармашылық жұмыс. Сипаттау бойынша жұмбақ құрастыру.Оқыту, шешу,талдау.

5. Сабақты бекіту:

110-жаттығу. Ауызша талдау.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.

Мәтіннің қай түріне жататынын анықтау.

Ақбөкенді сипаттаған сөздерді табу.

6. Үйге тапсырма:

109-жаттығу 34-бет.

7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеу және пайымдау мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге жаттығулр мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жазу каллиграфиясын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау жұмыстары, шығ-қ, топтық, суретпен жұмыстар

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру:109-жаттығу

Дәптер бойынша және оқытып ауызша тексеру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Рр

Сөздік диктант: Оқылған сөздерді сауатты , көркем жазу:

Ракета, рауғаш, радио, ризалық, рақымет, рақымшылық, ребус.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

111-жаттығу. Ауызша орындау. Мәтінді оқыту. Өз ойларын сұрақтарға сүйеніп дәлелдеу:

1. Жолбарыс неге күшті аң? Ол қандай аң?

2. Адам оны қалай бағындырады?

3. Адамның жолбарыстан қорықпайтын себебі не?

4. Жолбарысқа адам қандай қамқорлық жасайды?

5. Жолбарысты қайдан көрдің?

112-жаттығу.Ауызша орындау. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі ойды «біріншіден, екіншіден, үшіншіден, ақырында» деген сөздерді пайдаланып дәлелде.

113-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. «Мейірімді аңшы» тақырыбына шығарма жаз. Аңшының мейірімділігін дәлелде.

4. Материалды меңгергендерін тексеру:

114-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді көшіріп жазып, қай түріне жататынын айт:

Қосымша тапсырма: Бақа неге қосмекендіге жатады? Бақаның қандай түрлерін білесің?

5. Сабақты бекіту:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Әртоп сурет бойнша жыл мезгілдерін суреттеп мәтін құрастырады:

ЖАЗ КҮЗ ҚЫС КӨКТЕМ

Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау Сипаттау

Жазған мәтіндерін оқытып,ауызша тексеру.

6. Үйге тапсырма: 116-жаттығу 36-бет

7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты:Сөз тіркесі, сөз тіркесіндегі сөздердің мағыналық байланысы және беретін мағынасы мен құрамы жайлы ұғымдарды тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында түсіндіру.

Жаңа білімді жан-жақты меңгеруді, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Сауатты оқуға, көрекм, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, ауызша талдау, өзіндік жұмыс, сөздік диктант,

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Сс

«С» дыбысынан басталатын адам аттарын тауып көркем жазу.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту.Ой қозғау! Дидактикалық ойын: «Кім алғыр?»

Суретпен жұмыс. Суреттегі заттар мен атауларға байланысты тірке ойлап табу:

Мысалы: қоян.... жүрек

Мысық... көз

Аяқ ..... алыс, асты

Мысалдармен қортындылау , ой түйіндеу.

Жаттығулар орындату:

117-жаттығу. Ауызша талдау.

- Әр жұп сөзді қосып оқыту

-Олардың мағыналық жағынан бір-бірімен байланыста екеніне назар аудару.

-Мағынасын түсіндіру.

-Сөз жұптарының байланысын сұрақ қою арқылы анықтау

Мысалы: Ағаш қасық, тез оқу, менің орным, көк шөп, мектепке келу, біз оқушымыз.

118-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқы, мағыналарын сұрақ қою арқылы түсіндір. Осыған ұқсас бес сөз тіркесін жаз.

Емен ағашы – емен шырыны, қайың ағашы. Темір күрек – мыс темір, ағаш күрек.

119-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерге зат есім сөзден тіркес тауып жаз:

Қызық (кітап), жиырма (оқушы), әдепті (қыз), мөлдір (бұлақ), жасыл (қарындаш).

Тапсырма: Жазған сөз тіркестерін өзгертпей етістік қосып сөйлем құрап жаз және байланыстарын сызбамен көрсет: Жасыл қарындаш алдым.

3.Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

120-жаттығу. Ауызша талдау. Сөз тіркестерін оқып, қсндай сөз таптарынан жасалғанын анықта:

Биік (қандай?) тау, мөлдір (қандай?) бұлақ, кең (қандай?) өріс;

4. Сабақты бекіту:

122-жаттығу.өзіндік жұмыс. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрап жазып етістік қосып сөйлем құрап жаз, байланыстарын сызбамен көрсет:

Төрт парақ оқыдым. Сегіз қарындаш алдым. Бір жабағы көрді. Екінші нөмір берді.Сегізінші жыл толды.

5. Үйге тапсырма:

121-жаттығу 37-бет.

6. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесінің есімді тіркес түрін сұрақ қою арқылы ажырата білуге үйреті, білімдарін нақтылау.

Алған білімдерін, сөздік қорларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстаүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Терме диктант, өзіндік жұмыс, топтық тапсырма, суретпен жұмыс

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

121-жаттығу. Сөздерді оқып, сынесім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін құрап жаз. Құраған сөз тіркестеріне етістік қосып сөйлем құрап жаз.

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдау,тексеру.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Топтық тапсырма. Бір сөзге бірнеше тіркес ойлап табу: Мысалы:

1-топ 2-топ 3-топ

Озат қауын бота

Жақсы алма қой

Оқушы тәтті көз

Нашар шырын қара

4. Материалды меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Тт

«Т» дыбысынан басталатын жануарлар атауларын тауып сауатты, көркем жазу:

Түйе, тасбақа, түлкі, тау теке, тышқан, торпақ, тана.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

123-жаттығу. Терме диктант. Оқылған өлең жолдарындағы сөз тіркестерін теріп жазу:

Ақ киімді, ақ сақалды, соқыр мылқау, тірі жанды, ақ қырау, басқан жері.

Күн жүзді, үміт жұлдызды.

Сөзтаптарына талдау, оқу.

Қосымша тапсырма: Бірінші сыңары түбір сөзден, екінші сыңары тәуелдік жалғауымен келген сөз тіркестерін жасап, оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз. Керекті сөздер:

Мектеп дүкені Мысалы: Ана тілі. Ана тілі сабағы маған ұнайды.

Жазу тілі

Егіс үйі

Шаруа малы

Кітап даласы

Ана дәптері

124- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді жатқа жаз. Қарамен жазылған өлең жолындағы сөз тіркестерін тауып сызбамен көрсет: Қалың ағаш жапырағы - қалың ағаш, ағаш жапырағы

126-жаттығу. Топтық тапсырма. Берілген тіркестерді үш түрлі өзгертіп жаңа тіркес жасап, етістік қосып сөйлем құрап жаз: Мысалы: Мұз ою- мұз айдын- мұз тау. Мұз оюға барамыз.

1-топ 2-топ 3-топ

Тақпақ жаттау отын жару ән салу

5. Материалды меңгергендерін тексеру:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма. Берілген суреттердегі заттар мен атауларды қатыстырып сөз тіркестерін құра, оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз:

Мысалы: Үй – ағаш үй. Аулыға жаңадан ағаш үйлер салып жатыр.

1-топ 2-топ 3-топ
6. Сабақты бекіту:

127-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқып, олардан үлгі бойынша жаңа сөз тіркестерін құрап жаз: Үлгі: Тез оқу- тез оқы- тез оқыды.

7. Үйге тапсырма: 125-жаттығу 38-бет. 8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (3-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі және сөз тіркестерінің есімді, етістікті түрлерін бір-бірінен ажырата білу, мағыналарын түсіне білу.

Өтілген материалды жүйелеу, нақтылау, пысқтау арқылы білім-біліктерін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сауатты, көркем жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Танымдық тапсырма, өзіндік жұмыс, жатқа жазу

Көрнекілігі: Оқулық, тақта

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 125-жаттығу 38-бет.

Өлеңді оқыту.

Қарамен жазылған сөз тіркестерін табу.

Тіркесті сөз құрамына талдау.

Сенің тауларың, туған жер, кең өлкенің қырларын.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Танымдық тапсырма: Бір сыңары Кімнің? Ненің?, екінші сыңарытәуелдік жалғауымен келген сөз тіркестерінен сөйлем құрап жаз. Керекті сөз тіркестері:

Сыныптың тазалығы, өзеннің мұзы, ошақтың жылуы, сенің жауабың, Серіктің жазуы, малшының үйі, атаның өсиеті.

4. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Уу

Сөздік диктант: Оқылған сөздерді сауатты, көркем жаз: Уылдырық, уақыт, уық , уыз, уәде, умаждау.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:
128-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқы, бірінші сыңарына сұрақ қой, мағынасын түсіндір.

Өзің қалаған бес тіркесті қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Мысалы: Жұмысқа (қайда?) бару. Арман кешікпей жұмысқа баруды ойлайды.
130-жаттығу. Танымдық тапсырма. Сөз тіркестерін оқы, бірінші сыңарларына сұрақ қой.

Қалаған бес тіркестің екінші сыңарын өзгертіп жаңа сөз тіркесін жасап жаз:

Мысалы: Күрекпен қазу-қазба-қазды.
131-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Ел жасымен көрікті, (жасымен көрікті)

Тау тасымен көрікті, (тасымен көрікті)

Асымен көрікті. (асымен көрікті)

5. Сабақты бекіту:

Қосымша тапсырма. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін сөз тіркестерін тауып жаз:

Мысалы: ұстазбен амандасу доппен ойнау

6. Үйге тапсырма:

129-жаттығу 40-бет.

7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (4-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі тарауынан алған білімдерін бекіту, пысықтау барысында жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін, сөздік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жазу каллиграфиясын жақсарту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Бекіту, тиянақтау

Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс, ауызша талдау, мәтінмен жұмыс, қосымша тапсырма
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 129-жаттығу

Сөз тіркестерін оқыту.

Бірінші сыңарына сұрақ қойып мағынасын анықтау.

Сөз тіркестерін қатыстырып құраған сөйлемдерін оқыту.

3. Сабақтың жүргізілу кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Ұұ

Жаңылтпашты жатқа жаздыру: Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:
132-жаттығу. Өзіндік жұмыс.Оқы, бірінші сыңарларына сұрақ қой.Бес тіркесті үлгі бойынша өзгертіп жаз: Далада жүру – далада жүр- далада жүрді.

Жазған тіркестеріңе сөйлем құрап жаз.


133-жаттығу.Ауызша талдау.Сөйлемдерді оқып, сөз тіркестерін тап, байланысын анықта:

Он жетінші пәтерде тұрады. (он жетінші, жетінші пәтер, пәтерде тұрады).


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау