ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Бұталар.
Мақсаты: терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Шаттық шеңбері.
Педагог балаларға терек, үйеңкі,
қайың жапырақтарын көрсетеді.
- Балалар, не көріп отырсыңдар? Жапырақтар қайда өседі? Дұрыс, ағаштың бұталары болады, осы бұталарда жапырақтар өседі.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ақ лақтың қатысқысы келеді. Рұқсат етесіңдер ме? Ол жапырақтарды қалай салатынын сендерден үйренсем деп келіпті. Төрлет, ақ лақ.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып, ашық аспанмен, күнмен, Жер-Анамен, бір-бірімен амандасады.
Педагог балалардың жауаптарын бағалайды және олар өз ойларын толық айтуға талпынады.
|
|
- Балалар, қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шыққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды. (Педагог терек бұтасы үлгісін қағаз бетіне түсіріп, балаларға салу жолын көрсетеді, түсіндіреді).
Терек бұталарын салу үшін қағаз бетіне, ең алдымен, үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып салып аламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентай бұталарды саламыз. Содан кейін терек бұтақтарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әдемілеп, тегістеп бояймыз. (Педагог балалар салып болған суреттерді жинап алып, тақтаға іледі).
- Балалар, ақ лақ түсінді ме екен? Сұрайық. Бәрін мұқият тыңдап алыпты, келесі сабақта әдемі жапырақтар салып әкелемін деп уәде беріп отыр. Онда келесі сабақта сенің суретіңді күтеміз.
|
Балалар педагогтің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.
|
|
Балаларға алдын ала дайындалған терек жапырақтары таратылып беріледі, педагог тақтаға ілінген әр баланың суретін жеке-жеке
көрсетеді, қалған балалар ұнаған суретті көрсеткенде алдарындағы жапырақты көтереді, ең әдемі терек бұталары солай анықталады.
|
Балалар ең әдемі суреттерді таңдап қолдарындағы жапырақтарды көтереді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: терек түрлері жайлы түсініктері молаяды, білімдері жетіледі.
Игереді: терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетінде түсіру ерекшеліктерін игереді.
Меңгереді: қағаз бетіне қарындашпен терек бұталарын сала білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |