С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу (337-бап)



жүктеу 4,68 Mb.
бет25/29
Дата01.01.2018
өлшемі4,68 Mb.
#6444
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу (337-бап)
Қызметі азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткі болған діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты діни негіздегі партия, не шет мемлекет немесе шетел азаматтары, немесе шетелдік не халықаралық ұйымдар қаржыландыратын саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар құру немесе оған басшылық жасау көрсетілген қылмысты істеуге жатады. Қылмыстың тікелей объектісі Қылмыстық Кодекстің 336-бабындағы көрсетілген құраммен бірдей. Объективтік жағынан талданып отырылған құрам белсенді әрекет күйінде: заңсыз діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; шет мемлекет, шетел азаматтары немесе халықаралық ұйымдар қаржыландыратын діни партиялар, саяси партиялар, кәсіподақтар құру және оларға басшылық жасау арқылы жүзеге асырылады. Яғни көрсетілген әрекеттердің барлығы қоғамдық бірлестіктер немесе саяси партиялар туралы заңға қайшы болуы қажет. Осы іс-әрекеттер орын алысымен қылмыс аяқталған деп танылады, өйткені ол материалдық-формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы, заңсыз қоғамдық бірлестіктер құрған немесе оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.


Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап)
Басқа мемлекеттердің саяси партияларын немесе кәсіптік одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлік беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқса, кінәлы адам қылмыстық жауаптылыққа Қылмыстық Кодекстің 338-бабы бойынша тартылады. Қылмыстың тікелей объектісі шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетудің заңда белгіленген ережелерін бұзу болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан мынандай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің саяси партияларын, кәсіподақтарын қаржыландыруға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем (жиылыстар өткізуге, жарғысын дайындауға, оларға қажетті ақпараттық мәліметтер, жабдықтар мен құралдар беру т.с.с.) көрсету. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі, оның зардабы-азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетуге болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.
Он алтыншы тарау. Сот төрелігіне және жазаларды

орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы

қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдауына байланысты бұрыңғы Кодекс бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрыңғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды. Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп-осы міндеттерді жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық топтың объектісі-сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады. Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек қана Қылмыстық Кодекстің 357-бабында көрсетілген-хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан алғанда бұл тараудағы қылмыстар тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат көптеген қылмыс құрамы үшін қажетті элемент болып саналмайды. Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.

Қылмыстың субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа бөлінеді:

1.Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап). Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап). Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-бап). Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап). Қинау (347-1 бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап).

2.Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары, көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап). Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап). Куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап).Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап). Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап).

3.Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап). Қылмыстық- атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбай (360-бап). Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап).

4. Сот әділгіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап). Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап). Сотты құрметтемеу (342-бап). Суңдьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу (343-бап). Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап). Сот үкімін, сот шешімін өзге де сот актісін орындамау (362-бап). Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-бап). Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (356-бап). Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары.


Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)
Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық мүддесіне, жәбірленушінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты қиянат келтіре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады. Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және басқа да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект жәбірленушінің заңды мүдделері (жеке бостандығы, ар-намысы, адамгершілігі, қызметтік немесе мүліктік, мүдделері). Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту әрекетін жүзеге асыру арқылы сипатталады. Қылмыстық жауаптылыққа кінәсыз тарту деп-кінәсыз адамды айыпкер ретінде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығаруды айтамыз. Қылмыстық құқық принципі бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізгі-істелген іс-әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілерінің болуы (Қылмыстық Кодекстің 3-бабы) шарт. Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады (ҚІЖК-нің 206-бабының 1-тармағы) Заңның осы талаптарын сақтамай адамды қылмыстық жауапқа тарту заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылады. Көрінеу кінәсыздықтың түсінігі кінәсыздық презумпциясымен тікелей байланысты. Кінәсыздық презумпциясына сәйкес әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлылығы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденген және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсыз деп танылады. Ешкімде өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес. Айыпкердің кінәлылығы жөніндегі күдік оның пайдасына шешіледі. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпкердің пайдасына шешілуі тиіс. Сонымен заңда көрсетілген қылмысты істемен кінәсыз адамды негізсіз жауапқа тарту осы қылмыстың объективтік жағының басты белгісі болып табылады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол кінәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулы шығарған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту деп тура көрсетіліп отыр. Кінәлы адамның көрінеу кінәсыз екенін біле тұра өзінің қызмет өкілдігін пайдалана отырып, оны қылмыстық жауапқа тартатынын сезеді және соны тілеп істейді. Қылмыстық ниеттің сан алуан болуы қылмыстың ашылу пайызын көрсетуі (айыпкерді жаңылыстырып, оған ашылмай қалған қылмысты тану, кек алу, қызғаныш, өзге де қара ниет ойлар т.с.с.) мүмкін. Заңсыз қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Мұндай ретте кінәлы адам лауазымды қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Егер сот немесе тергеудің қатесі бойынша адамды қылмыстық жауапқа, оның көрінеу кінәсіз екендігі анықталмаған жағдайда жауапқа тарту, көрсетілген қылмыс құрамын түзбейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік теріс қылық немесе салақтық болып табылады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы судья, прокурор, тергеуші және анықтама органдарының қызметкерлері.
Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап)
Бұл норма Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жеке құрам ретінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрыңғы кодекс бойынша мұндай әрекеттер қызмет бабына қиянат жасау ретінде сараланатын еді. Бұл тұрғыдағы қылмыстың қоғамға қауіптілігі орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезімін туғызумен бірге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесірін тигізеді, құқық қорғау органы қызметкерлеріне іріткі салып, олардың беделін аяққа басады. Қылмыстың тікелей объектісі-прокуратура, тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің мүддесі. Қылмыс объективтік жағынан алғанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізетін адамның сезікті немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатуы арқылы сипатталады.Бұл қылмыс тек әрекет арқылы-қылмыстық істі қорғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы тиісті құжат қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс осы уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Сезік деп-қылмыс жасады деп күмән келтіріліп, соған байланысты қылмыстық іс қозғалған немесе ұсталған не айып тағылғанға дейін бұлтарпау шарасы қолданылған адамды айтамыз, ал айыпталған адам деп-Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен өзіне қатысты айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтаушы органның бастығы айыптау хаттамасын жасап, бекіткен адамды айтамыз. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінде көрсетілген заң нормаларының шарттарын бұзып, қылмыстық жауаптылықтан негізсіз босатуды заңсыз босату деп айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар тұжырымдалған (37-бап). Осы көрсетілген жағдайлардан басқа негізде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту заңсыз деп танылады. Бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңсыз босату туралы қаулы шығару орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат сан алуан болуы мүмкін: танысына жәрдем ету, туыстарының өтінішін орындау, аяушылық бүлдіру т.с.с. Егер қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату заңсыз сыйақы алуға байланысты болса, онда кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы (311, 345-баптар) бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы. Ол заңда тізбектеліп көрсетілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін (прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам).


Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау

(346-бап)
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс:

  1. көрінеу заңсыз ұстау;

  2. көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық белгіленген. Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сол Қазақстан Республикасының конституциясында көзделген әркімнің жеке басының бостандығына құқығын өрескел аяққа басады. Азаматты ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс. Қылмыстың тікелей объектісі-әділсоттылықтың мүддесі, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің жеке бостандығы, азаматтардың басқадай (мүліктік, тұрғын үй, ар-намысы) мүдделері. Қылмыстың объективтік жағы көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Заңсыз ұстау деп-Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша адамды еркінен айырып, шара қолдануды айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына көрінеу қайшы түрде бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды заңсыз қамау деп түсінген жөн. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаса да, оны босатудың орнына оны одан әрі тұтқында ұстауды заңсыз тұтқында ұстау деп түсінеміз. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс заңсыз ұстау, қамау немесе тұтқында ұстау әрекеттері орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңда көрсетілген көрінеу деген сөздің өзі осы іс-әрекеттің тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалатынын білдіреді. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыстың субъектісі-адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқында ұстауға құзыреті бар адамдар. Олар-прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам, сондай-ақ босатылуға жататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын орнының бастығы. Қылмыстық Кодекстің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар болуы, өлуі немесе өзін-өзі өлтіруі, т.с.с.) әкеліәп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.


Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті (1966ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы алдын ала тергеу және анықтама жүргізу сатысында күш қолдануға мүлдем тыйым салады. Мұндай әрекеттерді қолданудың өзі қылмыс. Осы қылмыстың объектісі-тергеу немесе алдын ала анықтаушы органның бірқалыпты дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объекті-азаматтардың жеке басына қол сұғушылық. Қылмыс объективтік жағынан алғанда тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның тарапынан күдіктіні, айыпталған адамды, жәбірленушіні, куәгерді жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беруге қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр етуі арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың жәбірленушісі күдікті адам, айыптаушы, жәбірленуші, куә, сарапшы болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық, ол заңда көрсетілген «әрекеттерді істеген сәттен, кінәлының алға қойған мақсатқа жеткеніне не жетпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады. Мәжбүр ету-өтірік жауап беруге немесе шындықты айтуға я болмаса сарапшыдан кінәлыға қолайлы қорытынды беруді талап ету арқылы істелуі мүмкін. Олар заңда көрсетілген көптеген тәсілдерді: қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану жолымен жүзеге асырылады. Жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын қамайтын, күш қолданып жанын қинаймын, жағдайын қиындатып, қылмыстық жауапқа тартамын, жақын туыстарыңмен кездестіруге тыйым саламын, тағы сол сияқты әрекеттер қорқыту деп танылады. Жәбірленушінің өзін немесе жақын туыстары жөнінде масқаралайтын мәліметтерді жариялау немесе олардың отбасының құпиясын (мысалы бала асырап алғаны туралы) жұртқа жаямын деген әрекеттерді істеу бопсалау деп танылады. Өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жауап алудың арандатушылық тәсілдерін қолдану, жалған дәлелдемелерді ұсыну, жақындарымен кездестіруге жалған уәде беру, тұтқыннан босатамын деп өтірік уәде айту, гипноз, наркотикалық нәрселерді қолдану арқылы жауап алу сияқты амалдар жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісіне жатпайды, олар әр түрлі болуы (кек алу, пайдакүнемдік, қараниеттік т.с.с.) мүмкін. Қылмыстың субъектісі-арнаулы заңда ол тергеуші немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адам деп дәл көрсетіліп отыр.
Қинау (347-1-бап)
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1984 жылғы арнаулы Конвенциясында жауап алуда азаптау тәсілдерін қолдануға тыйым салынған. Қазақстан Республикасы қол қойған азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулардың түрлеріне қарсы конвенцияның орындалуы үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде адамды қинап жауап алу амалдарын қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кодекстің 347-1-бабы бойынша: тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасады немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі қинау деп танылады. Қылмыстың объектісі тергеу, анықтама органдарының бірқалыпты, заңды, дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект-жекелеген азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілік қасиеттері. Қылмыс объективтік жағынан алғанда тергеушінің, алдын ала анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе өзге адамнан қинау арқылы жауап, мәліметтер алуы, оларға тән азабын және психикалық зардаптар шектіру арқылы сипатталады. Қылмыстық кодекстің 347-1- бабының ескертуінде лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылады. Яғни қинаудың өзі екі түрлі іс-әрекеттің: тән зардабы және психикалық зардаптардың жиынтығы болып табылады. Тән зардабына әртүрлі жарақаттар келтіру жатады. Оларға жәбірленушіні немесе үшінші адамды ұрып-соғып, жеңіл, орта дәрежелі жарақаттар келтіру арқылы олардан мәліметтер алу немесе оларды мойындату немесе басқа бір адамдар жөнінде деректер жинау. Егер күш қолданудан жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілсе немесе ол қағазға ұшыраса, онда мұндай әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Тән зардабын келтірудің тағы бір тәсілдері: жәбірленушінің денесін күйдіру, электр тоғын пайдаланып жауап алу, дене мүшелерін ауырту, саусағына ине тығу, ұзақ уақыт сусыз, тамақ бермей ұстау, ұйқы бермеу болып табылады. Психикалық зардап келтіруге жәбірленушілерді өзі туралы, туыстары туралы жалған немесе өмірде одан алған келеңсіз мәліметтер тарату, отбасылық, жеке өмірі ткуралы құпияларды таратамыз деп қорқыту, сондай-ақ олардан қажетті жауап, мәліметтер алу үшін оларға қарсы наркотикалық нәрселерді, басқа да дәрі-дәрмектерді олардың денесіне егу, гипноз қолдану, бопсалау әрекеттері жатады. Қылмыс туралы формальдық-материалдық. Дене жарақатын келтірумен ұштасқан әрекеттер материалдыққа, ал психикалық зардап келтірумен байланысты іс-әрекеттер формальдық құрамға жатады. Қинау әрекеттері тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, өзге лауазымды адамның заңды қызмет құзыретіне байланысты жүзеге асырылады. Қинау тәсілдері заңда былай деп көрсетілген: қиналушы немесе үшінші адамнан тән немесе психикалық зардабын келтіру арқылы өзіне немесе өзге қарсы мәліметтер алуға мәжбүрлеу, істемеген іс-әрекетті мойындату; немесе істеген іс-әрекетті басқа адам істеді деп жала жаптыру; жәбірленушінің шын мәніндегі істеген қылмысын қинау тәсілі арқылы мойындату және т.б. Қинау арқылы жауап алынған адам-осы қылмыстың жәбірленушісі болып табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі емес, олар әртүрлі болуы мүмкін (қылмысты істі жылдам ашу, ашылмайтын қылмыстың болмайтындығын дәлелдеу, жасалған қылмысты іс-әрекетті басқаға қарсы бұру т.с.с.). Қылмыстық субъектісі-арнаулы заңда ол тергеуші, анықтауды жүргізуші адам немесе өзге лауазымды адам деп көрсетілген. Өзге лауазым адамдарына тергеу, анықтама органдарының бастықтары, оперативтік қызметкерлері және т.б. жатады.


Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап)
Қылмыстың объектісі-сот жүйелерінің бір қалыпты қызметі, әділсоттылық мүддесі, оның беделі. Қосымша тікелей объект-жәбірленушінің, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары. Қылмыстың затына-сот үкімі, шешімі немесе өзге де сот актісі (қаулы, қорытынды) жатады. Объективтік жағынан бұл қылмыс тек әрекет арқылы істеледі. Құрылысы жөнінен қылмыс формальдық құрамға жатады және ол судьяның (судьялардың) көрінеу әділетсіз сот өкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Істің жағдайларына және материалдық немесе іс жүргізу заң талаптарына көрінеу қайшы шығарылған сот актілерін әділетсіз үкім, шешім немесе өзге де сот актісін шығару деп түсінген жөн. Бұлар қылмыстық іс бойынша сот үкімінің жиналған дәлелдемелерге сай емес жағдайда шығарылуы, қылмысты дұрыс сараламау, әділетсіз жаза шараларын белгілеу, істі сотталушының сыртынан қарау, оны қорғану құқығынан айыру, заңсыз сот құрамымен істі қарау т.с.с. арқылы, ал азаматтық істер бойынша талапты негізсіз қанағаттандырмау немесе дәлелдемелері жоқ талапты қанағаттандыру, істі заңсыз өндірістен қысқарту немесе оны қарамай тастау, келтірілген зиянның мөлшерін орынсыз ұлғайту немесе азайту, негізсіз жұмысқа қайта орналастырудан бас тарту арқылы көрініс береді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істер бойынша да әділетсіз сот актілері орын алуы (мысалы азаматтардан салық түрін заңсыз өндіру, әкімшілік орындарының немесе лауазымды адамдардың теріс әрекеттері туралы азаматтардың шығынын қанағаттандырмай тастау т.с.с.) мүмкін. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Мұның өзі заңның мазмұнынан тікелей туындап отыр. Онда «көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін, өзгедей сот актісін шығару» деп тура көрсетілген. Қылмыстық ниет (пайдакүнемдік, кек қайтару, өзара қатынастардың қайшылығы, қара ниеттік т.с.с.) болуы мүмкін. Пара алған жағдайда әділетсіз үкім шығару-қылмыстардың жиынтығын құрайды. Заңсыз үкім, шешім немесе өзгедей сот актілері судьяның көрінеу кәсіптік біліктілігінің жеткіліксіздігінен дәлелдемелерді дұрыс бағаламаудан, іске салақтықпен қарау салдарынан, яғни сот қателігіне жол берілуіне байланысты орын алса, онда істің нақты мән-жайларына қарай кінәлы адам тәртіптік жазаға немесе қылмыстық салақтық үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі арнаулы-көрінеу заңсыз үкім, шешім немесе өзгедей сот актісін шығарған барлық сот инстанцияларының судьясы.
Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем

беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары.

Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)
Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.

Бұл әдіс 1937-1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды, нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа шекті. Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы т.с.с.) болады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады. Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала анықтама жүргізуші органдар) істелгені жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге асырылады. Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың негізгі шарты-шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген «көрінеу жалған сөз жеткізу» дегеннің өзі кінәлының хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс қозғау мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын біледі және соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Жасанды айыптау айғақтарына-жалған құрал-жабдықтар, қарулар, жалған құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әр түрлі жасанды іздер, өтірік куәгерлер жатады. Пайдакүнемдік ниетке-жалған сөз жеткізу арқылы бейкүнә адамды жауапқа және жазаға тартқызып, оның меншігіне немесе басқадай табыстарына ие болу немесе осы әдіс арқылы оған берешек борышынан құтылу т.с.с. әрекеттер жатады.


жүктеу 4,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау