С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 5,89 Mb.
бет59/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
treatise128700

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. БАЗ мицеллаларын бейнелеңіз. Қандай мицеллалар тура, қандайы – кері деп аталады,

  2. Мицелла түзудің критикалық концентрациясына анықтама беріңіз.

  3. Мицелла түзудің критикалық концентрациясына БАЗ табиғаты қалай әсер етеді?

  4. Крафт нүктесінің физикалық-химиялық мәнін түсіндіріңіз. Крафт нүктесі аз болатын БАЗ-дарды қандай жолдармен алуға болады?

  5. Тура және кері мицеллалардың құрылымын сипаттаңыз.

  6. Қандай жағдайларда БАЗ мицеллаларының түрі өзгереді?

  7. Мицелла түзудің квазихимиялық теориясының негізгі қағидаларын атаңыз.

  8. Мицелла түзу термодинамикасының теңдеулерін келтіріңіз.

  9. Солюбилизация құбылысының мәні неде?

  10. Аралас мицеллалардың МТКК мәнін және компоненттердің үлесін қалай есептеуге болады?

  11. БАЗ мицеллаларының солюбилизациялық сыйымдылығына анықтама беріңіз.

  12. Гидрофобтық әрекеттесулерге сипаттама беріңіз, олардың табиғатын түсіндіріңіз.

  13. Мицеллалардың өсуіне қандай факторлар әсер етеді?

12. ҚАТТЫ БЕТТЕГІ ГАЗДАРДЫҢ
АДСОРБЦИЯСЫ

Газ бен буды тазарту, бағалы қоспаларды бөлу, гетерогенді катализ, қоспалардың хроматографиялық анализі және т.б. қатты денелердің бетінде жүретін адсорбциялық үрдістер халық шаруашылығының әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады.


Бетінде адсорбция жүретін қатты дене адсорбент деп, адсорбцияланатын зат – адсорбтив деп, адсорбцияланған зат – адсорбат деп аталады.
Жиі қолданылатын адсорбенттер: капиллярлы-кеуекті денелер, ксерогельдер, меншікті беттік ауданы жоғары дисперсті ұнтақтар.
Сұйық-газ шекарасына қарағанда қатты дененің бетіндегі қарқынды күштік өріс қарастыруды күрделілендіреді, сонымен қатар, параметрлері белгілі кристалдық тордың реттілігі мұндай жүйенің сипаттамасын жеңілдетеді.
s0 мәнінің белгісіз болғаны көптеген қиыншылықтар туғызады. Сондықтан адсорбция адсорбент массасының бірлігінде (г) адсорбцияланған газ мөлшерімен (моль) анықталады (моль/г):

немесе қалыпты жағдайға келтірілген көлем арқылы: υ = x.22400 см3/г.


Бұл шамаларды (х немесе υ) практикада өлшеуге болады, себебі көп жағдайда беттік аудан өте үлкен. Гиббс теңдеуінің қолданылуы қатты беттің беттік керілуін өлшеуінің қиындығымен шектеледі. Бірақ эксперимент арқылы басқа энергиялық параметрді – адсорбция жылулығын qa анықталады.
Яғни тәжірибеден адсорбцияны сипаттайтын екі көрсеткішті – х және qa шамаларын алуға болады.
Адсорбциялық процесс х=x(p,T) тік бұрышты координаталардағы бет арқылы бейнеленеді. Мономолекулалық адсорбцияның қарапайым жағдайында бұл беттің үш кескіні: изотерма (Т = const), изобара (р = const) және изостера (х = const) 29-суретте келтірілген.

Әсер ететін күштердің табиғаты бойынша, физикалық адсорбцияны және хемосорбцияны ажыратады. Хемосорбция – беттік қабаттың көлемінде жүретін екі өлшемді химиялық реакция, мысалы, Fe+O2, Al+Cl2 әрекеттесулері. Мұндай жағдайда өнімдер реакцияға түсетін газды өткізбейтін қабыршық түзеді.


Физикалық және химиялық адсорбцияның арасында термодинамикалық тұрғыдан айырмашылығы жоқ, бірақ олар qa дифференциалды мольдік адсорбция жылуының шамалары бойынша әртүрлі болады. Физикалық адсорбция үшін qa = 4 ÷ 40 кДж/моль (1 ÷ 10 ккал/моль), хемосорбция үшін qa = 40 ÷ 400 кДж/моль (10 ÷ 100 ккал/моль).
Адсорбциямен қатар буды (газды) қатты дене көлемімен жұтуы мүмкін. Мұндай құбылысты абсорбция деп атайды. Абсорбция коллоидтық-химиялық процестерге жатпайды, бірақ адсорбциялық тәжірибелерде көптеген жағдайда екі процесті ажыратып бөлуге мүмкін емес. Сондықтан процесс механизмі белгісіз болғанда немесе бір уақытта әртүрлі процестер жүргенде, сорбция деген терминді қолданады.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау