С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Дисперсті жүйелердің жіктелуі



жүктеу 5,89 Mb.
бет8/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
treatise128700

2.2. Дисперсті жүйелердің жіктелуі

Жоғарыда айтылғандай, коллоидтық химияда қарастырылатын дисперсті жүйелер гетерогенді болғандықтан, олар кем дегенде екі фазадан тұрады: біреуі біркелкі, дисперсиялық орта; екіншісі ұсақталып, дисперсиялық ортада таралған дисперстік фаза.


Дисперсті жүйелердің қасиеттері алуан түрлі болғандықтан оларды жіктеу үшін бірнеше көрсеткішті қолдану керек.
Дисперстілік бойынша жіктелу.
10-7÷10-5см (1÷100 нм) – жоғары дисперсті, ультрамикрогетерогенді жүйелер.
10-5÷10-3см (0,1÷10 мкм) – микрогетерогенді жүйелер.
10-3÷10-2см – дөрекі (төмен) дисперсті жүйелер.
Жоғары дисперсті жүйелерге зольдер жатады, дисперсиялық ортаның агрегаттық күйіне қарай оларды креозольдер (дисперсиялық орта – қатты), лиозольдер (дисперсиялық орта – сұйық) және аэрозольдер (дисперсиялық орта – газ) деп бөледі. Жоғары дисперсті жүйелер қарапайым сүзгілерден өтіп, ал ультрафильтрлерден өтпей, оптикалық микроскоптан көрінбейді. Микрогетерогенді жүйелерге суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер және ұнтақтар жатады. Мұндай жүйелердің өндірісте, әсіресе, химиялық технологияда маңызы зор. Олар қарапайым фильтрлерден өтпейді, қарапайым микроскоптан көрінеді.
Агрегаттық күйі бойынша жіктелу. Дисперсті жүйелер тоғыз топқа бөлінеді, олар 2-кестеде келтірілген


2-кесте
Дисперсті жүйелердің агрегаттық күйі бойынша жіктелуі





Дисперстік фаза

Дисперсиялық орта

Дисперсті жүйе

Жүйенің түрі

Мысалдар

1

Қатты

Сұйық

Қ/С

Зольдер, суспензиялар

Табиғи сулардағы дисперсиялар, металдардың зольдері, бактериялар

2

Сұйық

Сұйық

С/С

Эмульсиялар

Сүт, мұнай,

3

Газ тәрізді

Сұйық

Г/С

Газды эмульсиялар, көбіктер

Сабын көбігі

4

Қатты

Қатты

Қ/Қ

Қатты коллоидтық ерітінділер

Минералдар, шойын, болат, кейбір асыл тастар

5

Сұйық

Қатты

С/Қ

Кеуекті денелер, капиллярлық жүйелер, гельдер

Адсорбенттер, топырақтар, минералдар (опал, інжу, маржан)

6

Газ тәрізді

Қатты

Г/Қ

Кеуекті және капиллярлық жүйелер, ксерогельдер

Пемза, силикагель, активтелген көмірлер

7

Қатты

Газ тәрізді

Қ/Г

Аэрозольдер
(шаң-тозаң, түтін)

Түтін, көмірдің тозаңы, ұнтақтар

8

Сұйық

Газ тәрізді

С/Г

Аэрозольдер (тұмандар)

Тұмандар, бұлттар

9

Газ тәрізді

Газ тәрізді

Г/Г

Мұндай дисперсті жүйе болмайды




жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау