С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Дисперсті жүйелерді тұрақтандыру



жүктеу 5,89 Mb.
бет10/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
treatise128700

Дисперсті жүйелерді тұрақтандыру. Дисперстік бөлшектердің жалпы беттік ауданы үлкен болғандықтан, оларда беттік бос энергияның көп мөлшері шоғырланады. Осының нәтижесінде дисперсті жүйелер термодинамикалық тұрақсыз болып келеді. Сондықтан оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырудың негізгі мақсаты – дисперстік бөлшектердің түрі мен өлшемдерін сақтау және олардың бір бірімен әрекеттесіп бірігуіне кедерге жасау.
Коллоидтық химияда қолданылатын тұрақтандыру тәсілдері келесі қағидаларға негізделеді:

  1. аттас зарядталған бөлшектердің электрстатикалық тебісуін қамтамасыз ету; бұл әдісті, көбінесе, аэрозольдер мен коллоидтық ерітінділерді тұрақтандыру үшін қолданады;

  2. дисперстік бөлшектердің беттерінде жұқа қорғаушы қабаттарын құру, олар бөлшектер броундық қозғалыс кезінде бір біріне жақындағанда бұзылмайды да, соның арқасында бөлшектердің бірігуі мен іріленуіне кедергі жасайды. Мұндай қорғанды беттік-активті заттардың адсорбциялық қабаттары түзе алады. Бұл әдісті эмульсиялар мен көбіктерді тұрақтандыру үшін жиі қолданады.

Дисперсті жүйелерді тазарту. Дисперсті жүйелерді алғаннан кейін оларды қоспалардан тазарту керек. Ол үшін жартылай өткізгіш мембраналардан сүзу – диализ тәсілін пайдаланады. Диализ кезінде кіші молекулалар мембранадан өтіп, ал дисперстік бөлшектер одан өтпей сүзіледі. Көбінесе, диализ үшін целлюлоза нитраты ерітіндісінен алынған мембраналарды қолданады. Дисперсті жүйелердің тиімді тазарту әдісі – мембраналық бөлу. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемі мен физика-химиялық қасиеттерінде айырмашылықтар болуы мүмкін, сондықтан оларды бөлу үшін әртүрлі мембраналық тәсілдерді пайдаланады. Өлшемдері 0,1-10 мкм ірі бөлшектерді (бактерияларды, коллоидтық бөлшектерді, эмульсиялардағы тамшыларды) бөлу үшін микросүзуді қолданады. Кеуекті мембраналар (кеуектердің өлшемдері 0,05-10 мкм) арқылы тазартылатын ерітіндіге аз қысымда (200 кПа) әсер көрсетіледі.
Ұсақ бөлшектердің (1-500 нм) дисперсияларын ультрасүзу арқылы тазартады. Кеуекті мембраналар (1-100 нм) арқылы тазартылатын ерітіндіге қатысты қозғаушы күш қызметін 100 кПа-1МПа қысымы атқарады. Ультрасүзудің объектілері – суда еріген полимерлердің молекулалары, сонымен қатар фармацевтикалық заттар.
Қарастырылған үрдістерге қысым тән болғандықтан, оларды баромембраналық әдістер деп атайды.
Баромембраналық әдістерге кері осмос үрдісі де жатады, оны теңіз суларын тұзсыздандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен электрдиализді де қолданады, мұнда қозғаушы күш ретінде электр өрісінің градиенті алынады.
Көптеген мембраналар келтірілген жіктелуге сай келмейді. Диализ процестері сыртқы қысымсыз концентрация градиенті әсерінен жүреді. Бөлінетін орталар мен материалдың табиғатына қарай кеуекті және кеуексіз мембраналар қолданылады.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау