11.2. Мицелла түзудің критикалық концентрациясына әсер ететін факторлар
БАЗ табиғатының әсері. МТКК мәндері алдымен БАЗ табиғатына тәуелді. Көптеген БАЗ-дар үшін МТКК мәндері 10-4-10-1 моль/л аралығында өзгереді.
МТКК-ның БАЗ молекулаларының құрамы мен құрылымына тәуелділігінің заңдылықтары эксперименттік түрде анық-талды.
1. БАЗ-дардың гомологтық қатарында көмірсутекті радикалдың ұзаруымен МТКК мәндері азайып, көптеген БАЗ-дар үшін келесі тәуелділік орындалады:
, (11.1)
мұндағы nC – көмірсутекті тізбектегі көміртек атомдарының саны; А – көмірсутекті тізбектегі гидрофильді топтардың саны мен табиғатына тәуелді тұрақты шама, оны nC мәндері әртүрлі гомологтар үшін бірдей деп алуға болады; B ≈ lg2.
2. Иондық БАЗ-дарға қарағанда ионогенді емес БАЗ-дардың МТКК мәндері айтарлықтай (екі еселікке дейін) аз.
3. Анионды БАЗ-дардың МТКК мәндеріне қарағанда катионды БАЗ-дардың МТКК мәндері жоғары. Ионсыз емес оксиэтиленген БАЗ-дардағы полярлы топ өлшемінің артуымен МТКК мәндері өседі.
4. МТКК мәндері қарсы ионның валенттілігіне айтарлықтай тәуелді. Бейорганикалық бір валентті қарсы иондарға қарағанда екі валентті қарсы иондар БАЗ-дың МТКК мәнін әлдеқайда кемітеді. Ал бейорганикалық қарсы иондарға қарағанда органикалық қарсы иондардың МТКК мәндеріне әсері күштірек. Органикалық қарсы ионның полярсыз бөлігінің өлшемі өскен сайын бұл эффект күшейе түседі.
5. БАЗ молекуласындағы ароматтық топтар, қос байланыстар МТКК мәндерінің айтарлықтай өзгеруіне әкеледі. Әсіресе алкилді тізбектің фторлануы БАЗ-дың МТКК мәнін ондаған, жүздеген есе кемітеді.
Электролиттің әсері. БАЗ ерітіндісіндегі қоспалар, әсіресе электролиттер МТКК мәндеріне айтарлықтай әсер етеді.
БАЗ ерітіндісіне электролит енгізу келесі нәтижелерге әкеледі:
электролит қосқанда МТКК күрт (ондаған есе) азаяды;
мицелла түзгіш БАЗ-дың көмірсутекті тізбегі ұзарған сайын оның МТКК мәніне электролиттің тигізетін әсері күшейеді;
ионсыз БАЗ-дардың МТКК мәндеріне электролиттер айтарлықтай әсер етпейді.
БАЗ-дардың МТКК мәндерін спирттер елеулі азайтады. Суға қарағанда спирттің полярлығы төмен болғандықтан олар ерітіндімен мицеллалардың арасында таралады. Спирт молекуласындағы көмірсутекті радикал неғұрлым ұзын болса, соғұрлым оның мицелла құрамына кіру қабілеті арта түседі. Осының салдарынан мицелла түзуіне жеткілікті БАЗ молекулаларының (иондарының) саны (агрегаттық саны), яғни МТКК мәні азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |