құрылғыларды басқарады немесе олардың жұмысын бақылайды. Екіншілері
олардың жұмысының қалыпты режимі бұзылған кезде тепловоздың күштік
қондырғыларын сақтайды. Оларға жерлендіру релесі, кері ток релесі, тоқтап
қалу релесі, термореле және май қысымының релесі жатады. Барлық релелер
электровоздың релелеріне ұқсас түрде конструкциялы орындалған.
Тепловоздарда келесі негізгі релелерді орнатады.
Басқару релесі тепловозды іске қосу кезінде күштік аппараттарды
аралық басқару үшін қызмет атқарады. Олардың түйіспелердің санымен
және орналасуымен ерекшеленетін, бірнеше модификациялары бар.
Ауыстыру релесі тартымдық электр қозғалтқыштарды толық өрістен
әлсіз өріске және керісінше ауыстырып қосу, электрмагниттік күштік
түйістіргіштерді қосу және ажырату үшін тағайындалған.
Жерлендіру релесі - қысқа тұйықталу токтары кезінде электр
машиналарының істен шығуын ескерту үшін. Күштік тізбекте оқшаулау
бұзылған кезде реле оның қоздыру орамасын қамтамасыз ете отырып,
тартымдық генератордан жүктемені автоматты түрде алады.
Кері ток релесі шоғырлағыш батареяны зарядтаудың түйістіргішін авто-
мат-ты түрде қосу мен ажыратуды қамтамасыз етеді. Қосымша генератордың
кернеуі шоғырлағыш батареяның кернеуінен 2-3 В артық болғанда, кері ток
релесі батареяны зарядтау түйістіргішін қоректендіру тізбегін тұйықтайды.
Түйістіргіш іске қосылады да, шоғырлағыш батарея қосымша генератордан
зарядталады. Бірақ қосымша генератордың кернеуі шоғырлағыш батареяға
қарағанда азайған соң, кері ток релесі батареяны зарядтау түйістіргішін
кідіріссіз ажыратады, мұнымен шоғырлағыш батареяның қосымша генера-
торға разрядталуын болдырмайды.
Тұрып қалу релесі тепловоздың доңғалақ жұптары тұрып қалған
жағдайда тартымдық генератордан жүктемені жартылай алу үшін қызмет
атқарады. Жүктеме қоздыру түйістіргішінің тізбегін үзу есебінен болады.
Тұрып қалу релесі доңғалақтардың рельстермен ілінісуі бұзылған кезде,
олардың күшті айналуы кезінде тартымдық генератордан жүктеменің бір
бөлігін автоматты түрде алады, бір мезгілде машинистке сигнал беру тізбегі
тұйықталады: зуммермен дыбыстық сигнал беріледі және қысыл шам жана-
ды. Машинист мынадай шаралар қабылдайды: не контроллердің позициясын
ауыстырады, не тепловоз доңғалақтарының астына құм себеді.
Термореле дизельді салқындататын судың қызып кетуін болдырмау
үшін қызмет атқарады. Сондай-ақ бұл реле, тұрып қалу релесі сияқты,
тартымдық генератордан жүктемені жартылай емес, толық алады.
Май қысымының релесі жүйедегі май қысымын төмендету үшін
тағайындалған. Кейбір тепловоздарда екі реле орнатылған: біреуі – дизельді
тоқтату үшін, екіншісі – май жүйесінде қысым рұқсат етілетін нормадан
төмен нормаға төмендеген жағдайда тартымдық генератордан жүктемені алу
үшін орнатылған.
Кернеу реттегіші якорьдің айналу жиілігіне байланыссыз қосымша
генератордың тұрақты кернеуін ұстап тұрады. СРН және ТРН типті
22
реттегіштер кеңінен таралды. Біріншілерін - ТЭ2, ТЭМ1 тепловоздарында, ал
екіншілерін ТЭ3, ТЭП60 тепловоздарында және т.б. қолданады.
Тепловоздағы шоғырлағыш батарея бірінші кезекте дизельдің электрлік
іске қосылуын қамтамасыз етеді. Дизельді жұмысқа қосу үшін, бастапқы
сәтте иінді білікке оны белгілі айналымға дейін бұрауға қабілетті, сыртқы
күшті түсіру қажет. Сыртқы күшті жасауға арналған энергия көзі
шоғырлағыш батарея болып табылады. Батарея тогы тартымдық
генератордың іске қосу орамасын қоректендіреді, және соңғысы, электр
қозғалтқышы режимінде жұмыс істей отырып, дизельдің иінді білігін
бұрайды.
Шоғырлағыш батарея содай-ақ басқару, жарықтандыру және қоздыру
тізбектерін қоректендіреді. Тепловоздарда қышқылдық та (ТЭ3, ТЭМ1),
сілтілік те (ТЭП60, 2ТЭ10Л) шоғырлағыш батареяларын қолданады.
Шоғырлағыш батареяның жұмыс істеу принципі келесідей: егер
шоғырлағыш батареяға қосымша генератордан электр энергиясын келтірсе,
онда ол оны жинақтайды, содан кейін қажеттілігіне қарай тұрақты ток
түрінде беретін болады /2/.
1.7 Электрлік жылжымалы құрам туралы жалпы мәліметтер
Электрлендірілген темір жолдарда пайдаланылатын электрлік жылжы-
малы құрамды келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
- карьерлік электровоздар және тартымдық агрегаттар;
- завод ішіндегі көлікке және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен темір
жол станцияларының кіріс жолдарындағы маневрлі-шығару жұмыста-
рына арналған маневрлі электровоздар;
- магистральді электровоздар;
- арнайы және кеніштік электровоздар.
Карьерлік электровоздардың көпшілігі 1500В кернеумен тұрақты токта
электрлендірілген, кен өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейді. Карьерлерде
түйіспе желісіндегі 3000В кернеумен тек тартымдық агрегаттар ғана пайда-
ланылады. Бұдан басқа, ашық тау-кен жұмыстарында тартымдық агрегаттар-
ды қолдану арқылы 10кВ кернеумен айнымалы ток жүйесі де пайдаланыла-
ды.
Темір жол көлігіндегі маневрлі электровоздар маневрлік, берілістік,
шығару, шаруашылық және технологиялық жұмыстарды орындайды. Қазіргі
уақытта өнеркәсіптік кәсіпорындардың кіріс жолдарында шығару және бе-
ру жұмыстары үшін негізінде - поездық жұмыстан шығарылған магистральді
электровоздарды, ал завод ішіндегі жолдардағы маневрлік, шаруашылық
және технологиялық жұмыстар үшін карьерлік электровоздарды қолданады.
Кен өндіру кәсіпорындарының тар жолтабандық электрлендірілген
темір жолдарында - кернеуі 550 және 1200В тұрақты токты электровоздарды,
ағаш таситын және шымтезек таситын көлікте кернеуі 6 және 10кВ айныма-
лы токты электровоздарды қолданады.
23
Достарыңызбен бөлісу: |