рекуперативтік тежеу, ал төмен жылдамдықтары аймағында реостаттық те-
жеу пайдаланылады.
Басқару
тәсіліне
байланысты
тежегіштер
қолмен
тежелетін,
пневматикалық, электрпневматикалық, электрлік және магнитті-рельстік бо-
луы мүмкін.
Барлық локомотивтер, жолаушылар вагондары және жүк вагондарының
бір бөлігі қолмен тежейтін тежегіштермен жабдықталған. Оларды негізінде
жылжымалы құрамды орнында ұстап қалу үшін қолданады.
Пневматикалық тежегіш негізгі болып табылады, ол барлық жылжыма-
лы құрамда пайдаланылады. Оның құрылғысын қарастырайық.
Локомотивтердің тежегіш жабдықтарына пневматикалық жүйе мен
рычагтық беріліс жатады. Пневматикалық жүйеге тежегішті қысылған ауа-
мен қоректендіру, тежегіштерді басқару, тежеу аспаптары, манометрлер,
сондай-қ арматурасы бар ауа құбыры кіреді. Барлық локомотивтердің
тежегіш жабдықтардың принциптік пневматикалық сұлбалары шамамен
бірдей. Мысал үшін ВЛ80
К
электровозы тежегіштерінің сұлбасын
қарастырамыз (1.3-сурет).
Сығымдағыш - 9 ауаны бас резервуарларға – 7 айдайды және оларда
(7,5–9,0)
⋅10
5
Па қысымды ұстап тұрады. Ауа сүзгіш – 13 арқылы сорылады.
Тепловоздарда сығымдағыштар
- дизельдің иінді білігінен, электровоздарда
жеке электр қозғалтқыштарынан жұмыс істейді. Тепловоздарда негізінде -
1KT, KT6, KT7, K2; электровоздарда Э-500, КТ6-ЭЛ сығымдағыштарын
қолданады.
Бас резервуарларда ауаның қысымы 7,5
⋅10
5
Па төмен төмендеген кезде
сығымдағыштарды іске қосу және оларда қысым 9,0
⋅10
5
Па жеткен кезде
ажырату қысым реттегіштермен - 8 жүргізіледі, олар электровоздардағы
сығымдағыштардың электр қозғалтқыштарын тоқтатады немесе қосады. Те-
пловоздарда сығымдағыштарды жұмыстық немесе бос жүріске ауыстырады.
Поезд тежегіштерін басқару үшін локомотивтік әрбір кабинасында
қысым тұрақтандырғышы бар машинист краны – 4 бар болады.
Машинисттің әрбір кранын ажыратқыш және құрама крандар немесе
тежегіштерді блоктау құрылғысы - 1 арқылы қоректендіру және
тежеу
магистраліне қосады.
Қосымша тежеу кранын сондай-ақ локомотивтің әрбір кабинасында ор-
натады. Ол тек локомотивтің ғана тежегіштерін басқару үшін қызмет
атқарады: оны ажыратқыш крандар арқылы қоректендіру магистраліне, те-
жеу цилиндрлерінің магистраліне және ауа таратқыштың құбырына – 15
қосады.
Тежеу аспаптарына әрбір локомотивте және тежеу вагонында орнала-
стырылатын ауа таратқыштарды жатқызады. Ауа таратқышқа тежеу
магистралі және ажыратқыш кран арқылы қосымша резервуар - 16 және
қосалқы тежегіш кранына - 2 ауа таратқыш қосылған.
Ауа таратқыштар
арқылы жіберу және зарядтау кезінде қосалқы резервуарлар тежеу
магистралінен ауамен толтырылады, ал тежегіш цилиндрлері атмосферамен
29