С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет7/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40

 
 
барлық  жылдамдықтарында  дизель    қуатының  аса  толық  пайдаланылуын 
қамтамасыз  етеді,  оған  беріліске  кіретін  электр  машиналарының  жұмыс 
режимін  өзгерту  жолымен  қол  жеткізіледі.  Электр  берілісі  бір  пульттан 
басқару  үшін  бірнеше  тепловоздарды  (секцияларды)  біріктіруге  мүмкіндік 
береді, яғни көптеген бірліктер жүйесі бойынша  жұмысты қамтамасыз етеді.  
Электр 
берілісі  тартымдық  генератордан,  тартымдық  электр 
қозғалтқыш-тарынан,  қосымша  электр  машиналары  мен  аппараттарынан 
тұрады. 
Тартымдық  генератор  дизельдің  механикалық  энергиясын  тартымдық     
электр қозғалтқыштарды қоректендіру үшін электр энергиясына айналдыра-
ды.  Дизельді қосқан кезде тартымдық генератор стартердің ролін атқарады, 
яғни  білікті  ол  кезде  отын  өздігінен  жанатын,  минимум  айналымға  дейін 
бұрайды.  Конструкция  түрінде  тепловоздардың  электр  машиналары 
стационарлық  машиналардан  едәуір ерекшеленеді.  Бұл  ығыстырылған  габа-
риттерден 
және 
жұмыстың 
ауыспалы 
режимдерден, 
сондай-ақ 
тепловоздардың    қозғалуы  кезіндегі  соққылық  жүктемелерден  болған. 
Сондықтан тартымдық генераторды және басқа электрлік тепловоз машина-
ларын жасау кезінде жоғары сапалы болаттарды және орамалардың жоғары 
температураларға дейін қызуына жол беретін,  жылуға төзімді оқшаулау ма-
териалдарын қолданады.  
Тартымдық  генератордың  тәуелсіз  қоздыруы  болады.  Ол  келесі  негізгі 
бөліктерден: тұғырдан, сегіз бас және сегіз қосымша полюстерден, коллекто-
ры  және  желдету  доңғалақтары  бар  якорьден,  мойынтіректі  қалқаннан, 
кірістік  келте  құбырдан,  мойынтірегі  бар  біліктен,  мойынтірек  қақпағынан, 
тіреу  сақинасынан  тұрады.  Генератордың  цилиндр  пішінді  тұғыры  болат 
қаңылтырдан жасалған және магнит өткізгіш болып табылады. Тұғырға ішкі 
жағынан  бұрандамалармен  бас  және  қосымша  полюстерді  бекітеді.  
Тұғырдың  сыртында  екі  лампа  бар,  олармен  генератор  дизель  астындағы 
рамаға  тіреледі.  Тұғырға    шет  жағынан  мойынтіректі  қалқан  бекітіледі,  ол 
якорьдің бір шетін тіреу үшін қызмет атқарады. Қарама-қарсы шетінен тұғыр 
желдету доңғалағына арналған ұлутаспен жабылған.  
Бас  полюстер  орауыштары  бар  өзекшелерді  білдіреді  және  магниттік 
өрісті жасау үшін қызмет атқарады. Құйынды токтарды азайту үшін бас по-
люс  өзекшелерін  өз  араларында  тойтармалармен  бекітілген,  электр 
техникалық болаттың жеке қаңылтырларынан жинайды. Өзекшеде іске қосу 
және тәуелсіз қоздыру орамалары орналасады.  
Қосымша  полюстер  тартымдық  генератордың  реакциясын  жою  үшін 
қызмет  атқарады.  Олардың  полюстерінің  өзекшелерін  болаттан  жасайды, 
орауыш  тікбұрышты  мыстан  оралған,  ол  өзекшеден  шыны  матамен 
оқшауланады.  Өзекше  мен  тұғыр  арасында  магниттік  ағын  үшін  екінші  ауа 
саңылауы  сияқты  болатын,  магниттік  емес  төсем  қойылады,  бұл  қосымша 
полюстің  магниттік  сипаттамасына  түзу  сызықтылықты  береді.  Мұндай  си-
паттама электр машинасының қалыпты коммутациясын қамтамасыз етеді. 
                                                                   18
                            


 
 
Генератор  якорі  біліктің  бір  шетімен  мойынтіректі  ұяда  орналасқан, 
өздігінен  центрленетін  мойынтірекке  тіреледі,  ал  екінші  ұшымен  дизельдің 
иінді білігінің фланецімен жалғанады. Якорь өзекшесі болат қаңылтырлардан 
жиналған.  Әдеттегідей, өзекше ойықтарына тұзақтық және толқындық жай 
орамалардан  тұратын  орама  төселеді.  Орамалардың  ұштарын  коллектор 
тілімшелеріне шығарады және оларға қосып дәнекерлейді. Коллекторды тра-
пеция түріндегі тілімшелерден жинайды. 
Қарама-қарсы  жағынан  якорьге  жылуды  бұрып  әкеті  үшін  қажетті,  ауа 
айналымын қамтамасыз ететін, желдеткіш доңғалақты бекітеді. Кейбір гене-
раторларда желдету мәжбүрлі болады, онда желдеткіш доңғалақ болмайды. 
Тартымдық  генератор  коллекторынан  токты  бұрып  әкету  үшін, 
мойынтіректі  қалқанда  бекітілген,  щетка  ұстағыштарда  орналасқан  щетка-
ларды  қолданады.  Генератор  үшін  щетка  ұстағыштардың  санын  бас 
полюстердің саны бойынша таңдайды.  
Тартымдық  электр  қозғалтқыш  тісті  беріліс  арқылы  тепловоздың 
доңғалақ  жұптарының  жетегін  жүзеге  асырады.  Тепловоздың  тартымдық 
электр  қозғалтқыштары  конструкциясы  бойынша  электровоздың  конструк-
циясына ұқсас. 
Электр  қозғалтқыштың  сүйеніші  магнит  өткізгіштігі  жақсы  болаттан 
құйылады.  Ол – сегіз  қырлы  пішінді.  Қақпақпен  құрсауланып  жабылған, 
тереңдетілген  арнайы  құймалары  бар.  Құймаларда  қозғалтқышты  доңғалақ 
жұбының  осіне  тіреу  үшін  қола  сыналарды  орнатады.  Сүйеніштің  қарама-
қарсы қырының арбашық рамасының көлденең аралығына тіреу үшін арнайы 
құймалары да бар. Коллектор мен токтан ажыратқыш жабдықтарды тексеру 
үшін люктер көзделген. 
Тартымдық  электр  қозғалтқыштың  төрт  бас  және  төрт  қосымша  полюсі 
бар, олардың конструкциясы электровоздың конструкциясына ұқсас. Электр 
болаттың  қалыптанған  қаңылтырларынан  жасалған  якорь  өзекшесі  якорь 
білігіне жиналған және онда екі қысқыш тығырықтың көмегімен бекітілген. 
Жиналған түрінде коллектар да білікке жаншылады.  Коллектор корпусында 
да,  якорь  темірінде  де  салқындатушы  ауаның  өтуіне  арналған  арналар 
көзделген.  
Якорь  орамасы – теңестірілген  қосылыстары  бар  тұзақтық  орама, 
кесілмеген  үш  секциялы  орауыштан  тұрады,  әрбір  секциясы – бір  орамды. 
Якорь  білігі  мойынтіректі  қалқандарда  орналасқан,  екі  мойынтірекке 
тіреледі.  Мойынтіректер  білікте  тіреу  сақинасымен  бекітілген,  қақпақпен 
жабылған және лабиринттік сақинамен тығыздалған. 
Тартымдық  электр  қозғалтқыштарды  салқындату  тепловоздың  дизель 
орналасқан  жерінде  орнатылған,  арнайы  желдеткіштерден  жүзеге  асырыла-
ды. 
Екі  машиналы  агрегат  қосымша  генератор  мен  қоздырғыштан  тұрады. 
Қосымша  генератор  қоздырғыш  пен  тахогенераторлардың  орамаларын 
қоректендіру, шоғырлағыш батареяны зарядтау, басқару және жарықтандыру 
тізбектерін  қоректендіру  үшін  қызмет  атқарады.  Қоздырғыш    тартымдық 
                                                                   19
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау