контроллердің басты және реверсивтік тұтқасы өз араларында блокталған.
Механикалық блоктау былай орналасқан: реверсивтік тұтқа «алға» немесе
«артқа» қалпында болғанда ғана, басты тұтқаны жұмыс қалпына ауыстыруға
мүмкіндік береді. Өз кезегінде реверсивтік тұтқаны басты тұтқа нөлдік
қалыпта (бос жүріс) тұрған жағдайда ғана, «алға» немесе «артқа» қалпына
бұруға болады.
Реверсордың көмегімен тепловоз қозғалысының бағытын өзгертеді. Бұл
кезде тартымдық электр қозғалтқыштардың қоздыру орамаларында ток
қозғалысының бағытын, ал осыдан, олардың якорьлерінің айналу бағытын
өзгертеді. Реверсор конструкциялы орындалған және электровоз реверсоры-
на ұқсас түрде жұмыс істейді. Алты қырлы білікте жез сегменттер
бұрандамалармен бекітілген. Параллель білікте қозғалмайтын алты қырлы
тағандарда жез саусақ ұстағыштар бекітілген. Сегменттер де, саусақ
ұстағыштар да отырғызу орындарынан оқшауланған, ал қосарланған сег-
мент-тер бір-бірінен де оқшауланған. Мыс саусақтар токтан ажырата оты-
рып, сегменттерге серіппелермен қысылады. Біліктің «алға» немесе «артқа»
қалпына
бұрылуы
электрпневматикалық
шұрамен
басқарылатын,
диафрагмалық типті ауа жетегімен жүзеге асырылады.
Реверсор жоғары
вольтты камерада орналастырылады.
Тепловозды басқару пультінің негізгі құрамды бөлігі батырмалы
ажыратқыштар болып табылады,
олар контроллер сияқты, бірқатар басқару
мен жарықтандыру тізбектерін құрайды.
Түйістіргіштер – аралық басқарылатын аппараттар – күштік электр
тізбектерін тұйықтау және ажырату үшін тағайындалған. Тепловоздарда
қолданылатын түйістіргіштерді жетегінің құрылғысы бойынша екі топқа
бөледі: электрпневматикалық және электрмагниттік. Электрпневматикалық
түйістіргіштерді
тартымдық
электр
қозғалтқыштарды
тартымдық
генераторға қосу тізбектерінде орнатады. Ауа арқылы әрекетке келтіріледі.
Электрмагниттік шұра жетек цилиндріне ауаны кіргізеді және шығарады.
Электр магниттік түйістіргіштер дизельді іске қосу, тартымдық электр
қозғалтқыштарды толық магниттік өрістен әлсіз өріске ауыстырып қосу
кезінде, шоғырлағыш батареяны тартымдық генераторға қосу үшін
тағайындалады. Бұл түйістіргіш-терді сондай-ақ қоздырғыштың, тартымдық
генератордың
және
т.б.
қоздыру
тізбектерінде
орнатады.
Электрпневматикалық түйістіргіштер де, электрмаг-ниттік түйістіргіштер де
мына бөліктерден тұрады: асбоцементті тақтайда жұмыстық түйіспелер,
электр доғасын сөндіруге арналған құрылғы және жетектік механизм
бекітіледі. Түйістіргіштер электровоздық түйістіргіштер сияқты құрылған
және соларға ұқсас түрде жұмыс істейді.
Реле басқару мен қорғаудың электр тізбектерін автоматтық қосу мен
ажыратуды қамтамасыз етеді. Реле токтың, кернеудің, температураның,
қысымның және т.б. қандай да бір параметрінің әсерімен іске қосылады.
Тағайындалуына байланысты реле басқару релелері және қорғау релелері
деп бөлінеді. Біріншілері әр түрлі машиналарды, аппараттарды және басқа
21