5 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жоспарлау
5.1 Ашық сабақтар мен өзара сабақтар оқу үрдісі сапасын жетілдіру бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады және оқытушының жеке жоспарының оқу-әдістемелік жұмыс бөліміне енгізіледі.
5.2 Кафедра меңгерушілеріне жыл сайын қыркүйек пен қаңтар айларында ПОҚ сабағына қатысу кестесі жасалынып, факультет деканымен бекітіледі(Ү ҚТ ШҚМУ 007-13-02, Ү ҚТ ШҚМУ 007-13-03). Сабақ кестесі ашық сабақтарға қатысу журналына толтырылады.
5.3 Кафедра меңгерушісі ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды бөлген кезде бакалавриат пен магистратура арасында олардың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді.
5.4 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды қыркүйекке және каникулдан кейінгі семестрдің бірінші апталарына жоспарлау мақсатқа сай емес (бейімделу кезеңі).
5.5 Бекітілген сабақ жүргізу кестесін кафедра әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөліміне тапсырады (әрбір семестрдің басындағы апта ішінде).
Кафедралар тапсырған кесте бойынша әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі семестрге кафедралардың ашық сабақтар жүргізу жинақ кестесін жасайды
5.6 Кафедра бойынша оқу жылына ұсынылатын ашық сабақтар саны әрбір оқытушы үшін 1 сабақтан болу керек (оның нақты жүктемесін есепке алғанда).
Әрбір оқытушыға бір семестрге өзара сабаққа қатысуға ұсынылатын сабақтар саны -2 рет.
5.7 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу оқу жылы көлемінде оқытудың барлық түрі бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқытушының қалауы бойынша сабақтың кез-келген түріне беруі мүмкін, соның ішінде: дәріс, семинар және практикалық сабақтар, іскерлік ойын, жекелей немесе топтық кеңес беру, сынақ немесе емтихан және сабақтың т.б. түрлері.
5.8 Ашық сабақ жүргізудің міндетті шарты әдістемелік жасалымның бар болуы болып табылады. Ол оқытушы үшін дербес әдістерімен әдістемелік нұсқаулық түрінде, немесе жүргізілетін ашық сабақтың кең түрдегі жоспары түрінде берілуі мүмкін.
5.9 Ашық сабаққа кафедра ұжымы және барлық қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Келушілер сабақтың болатындығы туралы басталуына бір апта қалғанға дейін ақпарат алады. Сол себепті кафедрада және деканатта сабақтың өткізілу орны, уақыты туралы хабарландыру ілінуі керек. Хабарландыру сабақтың аңдатпасын, тақырыбы мен оны ашудың негізгі әдістерін көрсете отырып, мазмұндалу керек. Сонымен бірге, алдын –ала болатын ашық сабақтар мен шақырылу туралы ақпарат университет сайтында орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |