С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  XVII ТАРАУ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет201/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

323 
XVII ТАРАУ 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК 
ӘРЕКЕТІ 
Балалар 
еңбегі 
әрекетінің 
барлық 
құрылымдық 
компоненттерінің бар болуына қарамастан, әлі де 
даму 
сатысында
және 
ересектің көмегі
және қатысуын міндетті 
түрде талап етуімен ерекшеленеді. 
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар еңбекте 
мақсатты
өз 
бетінше қоя алмайды. Себебі мектепке дейінгі кіші жастағы 
балалар әлі еңбектің тұтас үдерісі мен нәтижесін есінде сақтау 
дағдысына ие емес. Олардың әрекеттері мақсатты емес, 
процессуалдық сипатқа ие: белгілі бір мақсатты көздемей әрекет 
бірнеше рет қайталана алады.Баланы нәтиже емес, әрекеттің өзі 
қызықтырады. Мақсатты әрекеттерді дамыту еліктеу және 
заттық-бағдарлау қызметінің дамуымен тығыз байланысты, 
себебі дәл осы кезде бала заттың міндетін ұғынады және оны 
қолдану амалын игереді. Бала еліктеу арқылы әрекет ету 
тәсілдерін меңгере отырып, қарапайым әрекеттерде нәтижелерге 
қол жеткізе бастайды (ілгішке сүлгіні іледі, түймені салады және 
т.б.). Осылайша өзінің әрекеттерінің мақсатын, нәтиже және 
мақсат байланысын бірте-бірте түсінеді. Мұндай ұғыну –өзі 
үшін өзінің мүмкіндіктерін ашу – өз бетімен әрекет етуге түрткі 
болады: «Мен өзім». Қабілеттерін дамыту үшін еңбекте мақсат 
қою білу, мақсатты түсіну, нәтижелерін көре білу дағдысын, 
әрекет ету тәсілдерін, машықтарын игеру маңызды. Мектепке 
дейінгі кіші жастағы балаларда бұның барлығы тек бастапқы 
кезеңде ғана болады. Сондықтан балалардың алдына мақсат 
қоятын және оны жүзеге асыруға көмектесетін ересектің рөлі 
үлкен. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйреншікті 
жағдайларда өздері мақсат қояды. Олар мұны материалдық 
нәтижеге қол жеткізетін жағдайларда ғана табысты түрде істей 
алады: ойыншықтарды қолдан жасау, тазалау, өзіне-өзі қызмет 
көрсету және т.б. Бұл жастағы балалар алшақтанған 


324 
мақсаттарды да түсіне алады (егін егу). Педагог алшақтанған 
мақсаттарды қоя алады. Кейде алшақтанған мақсаттарды 
балалардың 
кезең-кезеңімен 
түсінуі 
де 
қажет 
болуы 
мүмкін.Мысалы, күрделі жұмыс күтіп тұрғанда бала мақсатын 
есте сақтай алмайды, оны ұмытады.Ересектің балаға 
көмектесетіні сол – ол барлық еңбек үдерісін қысқа бөліктерге 
бөледі және әрбір бөлікте балалар алдында мақсат қояды. 
Сонымен мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметінің бұл 
компонентінің 
ерекшелігі 
сол 
– 
оны 
іске 
асыруда 
ересектіңқатысуы міндетті болып табылады. Балалардың 
дербестігі және олардың мақсатты ұғынуы қатыстық байланыста 
ғана болады. 
Мақсатты еңбек қызметін қалыптастыруда баланың не және 
қалай істейтіні ғана емес, сондай-ақ неліктен және не үшін еңбек 
ететіні де маңызды. 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау