С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет75/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

валеология
дамып 
ждатыр. Бұл ғылымның концепциясы өзінің денсаулығына 
белсенді қарауы керек, тіршілікке қажетті пен әлеуметтік 
қажеттіліктердің ішінде денсаулық маңызды екендігін түсінуі 
керек. Өкінішке орай, адам баласы өз денсаулығын сезбейді 
(сырқатты сезінеді), оның организмінің қандай да болсын 
ықпалға қалай әсер ететіндігін білмейді, осыдан көп жағдайда өз 
денсаулығына деген бейжайлық пен елемеу себебі туындайды.
Негізгі валеологиялық принцип – адам өзін түсінуі, өз 
денсаулығына ерекше ұқыпты қарауы қажет. Бірақ мұнда 
адамгершілік тәрбеи беру жүйесімен жойылатын қарама-
қайшылық жатыр. Қарама-қайшылықтың негізі өз денсаулығына 
ұқыпты көңіл бөлгенде ерееск адамдарда, кіші балаларда да 
басқа адамдарға деген немқұрайлылық дамуы мүмкін, 
менмендік қасиеті артады. Сондықтан тәрбиешінің балаларда өз 
дегсаулығына саналы қарауды қалыптастыру бойынша зейін 
салып жұмыс жүргізу және оны адамгершілік тәрбие беру 
міндеттерінің шешімімен үйлестіру маңызды болып табылады. 
(С.А. Козлова, Л.Г. Нисканен, С.Е.Шукшина, О.А.Князева). 
Балаларды әлеуметтік шындықпен таныстыру әдістемесіне 
арналған тарауда балабақшаның әртүрлі топтарында осы 
жұмысты ұйымдастырумен танысасыздар.
Жоғарыда көрсетілген міндеттердің шешіміне бағытталған 
мазмұнының жұмысына балаларда өмір сүру қауіпсіздігі туралы 
ұғымды қалыптастыру енеді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі 
ұйымдардың қарауында тиісті бағдарламалар бар (Р.Б.Стеркина, 
О.Л.Князева, С.А.Козлова и др.). Тәрбиеші осы жұмыстың 
мағыздылығын түсінуі керек және балалардың нені және не 
үшін істеп жүргендіктерін түсіне отыра өз денсаулықтарын 


115 
қорғаудың тәсілдерін меңгерулеріне мол күш жұмсауы қажет. 
Үшінші топтың міндеттері жүзеге асырылатын әдістердің 
арасында маңызды орынды эксперименттеу алады. Оның 
мақсаты – балаға практикада оның ағзасының қызметін тануға 
мүмкіндік беру. Балалар бойында демалыс туралы, оның ағзаға 
деген 
қажеттілігі 
туралы 
түсінік 
қалыптастырғанда 
эксперименттеуді жүргізуге болады (шаршағанға дейін секір, 
жүгір. Неге жүгірмейсің? Шаршадың ба? Демалу керек. 
Кеудеңде қатты соғып тұрған не? Жүрек. Жүгірген соң қалай 
дем аласың? Т.с.с.). Тәрбиеші осы сынды бақылаулардан кейін 
эксперименттеудің нәтижелерін жинақтай, балаларда өздерін 
көбірек тануға қызығушылықтарын тудыра отырып әңгімелесуді 
жүргізеді. Зерттеушілер мен практиктер балалардың өздеріне, өз 
ағзасын тануға үлкен қызығушылық танытатындықтарын 
атайтындықтарын ерекше айту керек. Арнайы сабақтар мен 
күнделікті өмірде тәрбиеші көрнекі құралдар мен кітаптар 
(Г.Юдиннің «Әлемнің басты кереметі») арқылы мектеп жасына 
дейінгі балалардың өз ағзасын тануға деген қажеттіліктерін 
қанағаттандырады.
Баланы өзін жақсы көруге үйрету керек. Бұл жерде де 
қарама-қайшылық туындайды. Э. Фромм: «Бірақ ешкім әртүрлі 
объектілерді жақсы көруге тыйым салмайды. Алайда 
басқаларды жақсы көру – адамгершілікті, өзін жақсы көру – кінә 
дегенді білдіреді деген түсінік қалыптасқан. Өзіңді қаншалықты 
көп жақсы көрсең, басқаларды жақсы көруің бәсеңдейді, өзіңе 
деген махаббат – өзімшілдікпен бірдей деген ой ұйғарылады» - 
деп жазған. Э. Фромм бұл көзқарасқа қарсы пікір білдіреді, өзіңе 
деген махаббат өзіңді қадірлеу сезімін тудыратындығын айтқан.
С. Л. Рубинштейн де өзіңді жақсы көру және құрметтеу 
дамуды жеделдететін оң белгі екендігін айтқан. Алайда қарама-
қайшылық қалады. Егер тәрбиеші балаға өзін жақсы көре отыра 
басқаларды да құрметтеп жақсы көру екендігін дұрыс түсіндіріп, 
қалыптастырса, бұл мәселе шешіледі. Бұл жағдайдан да біз дене 
тәрбиесінің адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты 
екендігін байқаймыз.

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау