С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет120/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

көркем қызметі
саналады. Әрекет етуде баланы тәрбиелеу – тәрбие берудің 
заңдылықтарының бірі екені белгілі. 
Қызмет
өнердің басқа 
түрлерімен, мысалы, театрландырылған ойындар, көркемсөз 
шығармашылығы, музыка ойнау, бейнелеу және декоративтік-
қолданбалы практика, дизайнмен тікелей байланыста болғанда 
ғана 
көркем
болып табылады. 
Көркем қызметінде, әдетте, шығарушы (репродуктивтік) 
және шығармашылық фактор болады. Екеуі де қажет және өзара 
байланысты екенін атап өту керек: бала көрсете білуге, қайта 
қалпына келтіруге үйренбей тұрып, шығармашылықпен 
айналыса алмайды. 
Эстетикалық тәрбие берудің жоғарыда аталған барлық 
құралдары – тұрмыс, табиғат, өнер, қызмет – өз бетінше де, 
өзара байланыста да тиімді болып келеді. Құралдарды таңдау 
барысында тәрбиеші құралдың өзінің ерекшелігіне, оның 
педагогикалық мүмкіндіктеріне сүйенеді, міндеттің сипатын 
ескереді, оны шешу үшін құрал сайланады, және, әрине, 
балалардың дамуының жас және жеке ерекшеліктерін назарға 
алады. Соған қоса, әсер ету құралдарын пайдалану барысында 
шама сезімін ұмытуға болмайды. Алтын ортасын іздеп, табу 
керек. Эмоциялық әрекет етудің жетіспеушілігі сияқты, тым 
асыра кету де даму үшін зиян. 
Түрлі құралдардың табысты үйлесу мысалын келтірейік. 
Сабақ 
Балалар залға келіп, отырады. А.Хачатурянның «Бүгінгі күні 
қыдыруға тыйым салынады» пьесасының фрагменті (орта 


195 
бөлімі) орындалады. Балалар пьесаның қалай аталатынын, 
авторы кім екенін айтады, музыкалық шығарманың сипаты 
туралы баяндайды. 
Пьеса орындалып болғаннан кейін, балалардың назарын 
залдың шетіндегі сурет салуға қажетті барлық нәрсе орналасқан 
үстелдерге аудартады.
Педагог: «Ал енді сендерді қыдыруға жібермеді және сендер 
жалғыздықтан іштерін пысып отыр деп елестетіп көріңдерші. 
Сендер көңілсізсіңдер және сарғайып отырсыңдар. Суретке өз 
көңіл-күйлеріңді білдіріңдер. Сендермен бірге тағы кім суретте 
болуы мүмкін, ойланыңдар. Аспан, жер қай түсті? Жаңбыр 
аяқталып, күннің көзі пайда болуы мүмкін бе? Сендерде тиісті 
көңіл-күй болу үшін, мен пьесаны тағы да ойнаймын. Музыка 
сендерге барлығын еске түсіреді және айтады. Тек қана мұқият 
тыңдаңдаршы: қайталанатын дыбыстар не жайында айтады, ал 
төмен интонация – мотив – терең дем алған сияқты... Ал 
пьесаның соңында музыка қалай «жарқырай бастайды». Көңіл-
күйге сәйкес келетін бояуларды таңдап алуға тырысыңдар»,- 
дейді. 
Музыка ойнайды, балалар сурет салады. Сурет салып 
болғаннан кейін, жұмыстарын стендіге орналастырады. Оларды 
талқылау жүргізіледі. Жұмыстарды талқылау барысында 
картинаның бала пайдаланған көңіліне, реңкіне негізгі назарды 
аударып барып, заттық бейнеленуін бағалау керек. 
Атаулы мысалда келесіні атап өту керек. Қызметтің жетекші 
(доминантты) түрі болып тыңдау-қабылдау саналады. Көркем 
қызметтің басқа түрлері оны белсендіруге көмектеседі. Алайда 
оларды сұрыптап алу кездейсоқ емес, ол педагогикалық 
мақсатқа сай. Мысалы, сурет салу пьесаны тыңдау барысында 
балалардың эмоциялық жағдайын белгілі «түс – көңіл-күй» 
әдістемесі 
бойынша 
түсінуге 
көмектеседі 
(

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау