тұрмыс эстетикасы
эстетикалық тәрбие беру
құралы
болып шығады. Балалардың сұлулықты өз айналасында
әр
түрлі
көріністерінде
көруі
жеткіліксіз
(жоғарыда
айтылғандай, бұл өте маңызды болса да). Олардың назарын осы
әдемілікке аудару керек: «Біз сенімен тазарту жұмыстарын
аяқтадық. Өте әдемі болды. Мына жерге тағы да гүлдерді
қояйық!»; «Шашымызды ұқыпты тарайық, қыз бала әрдайым
әдемі болуы керек». Осындай сөздер үнемі айтылуы мүмкін.
Олар ақырындап эстетикалық сананы қалыптастырады.
Тұрмыс эстетикалық тәрбие берудің құралы болып ересектер
192
баланы көркемдік үшін талдау жасау және әрекет етуге тарту
кезінде де байқалады: «Айнадағы өзіңе қара, әдемірек болу үшін
нені дұрыстау керек, қалай ойлайсың?»; «Біздің жасыл диванға
қай түс көбірек келеді – сары ма әлде қара ма?». Бұл жерде бала
не деп жауап беретіні маңызды емес, мұнда ересектің оның
назарын түстердің үйлесуі немесе үйлеспеуі мүмкін екендігіне,
бала да әдемілікті жасауға қабілетті екендігіне аударады.
Сонымен, үш ереже:
әдемілікте өмір сүру, әдемілікті
байқау, маңайында әдемілікті қолдау және жасау
– тұрмыс
эстетикасын баланы эстетиалық тәрбиелеудің құралы етеді.
Сөзсіз,
эстетикалық тәрбие берудің
маңызды
құралы
болып
табиғат
саналады. Осыдан үйлесімділікті – сұлулықтың
негізін көруге болады: бояулардың, пішіндердің, дыбыстардың
олардың үйлесуіндегі әртүрлілігі. Өз бетінше табиғат – бұл
баланың жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуы үшін қолайлы
жағдай. Ересек оның «тәрбие беру мүмкіндіктерін» мақсатқа сай
пайдаланып, балаға көрнекі қылып жасағанда ғана ол құралға
айналады. Әдемі саябақта бірнеше рет жүріп, оның сұлулығын
байқамауы мүмкін, ал бір рет қана жүріп өтіп, тоқтап, ондағы
ағаштардың қаншалықты әдемі және ерекше екенін, олардың
жоғарғы ұшы күнмен қалай сәулеленіп тұрғанын, жасыл шөп
аясында қызғалдақтар қандай ашық түсті екенін көруге; құстар
қалай көңілді сайрайтынын естуге болады. Қысқы мерзімде
қардың астындағы ағаштар қалай маңғаз екенін тамашалауға
болады, ал көшедегі шамдардың жарығы барлық айналаны
жұмбак етеді және бізді ертегі әлеміне апарады. Жоғарыда
сипатталғандардың барлығын және басқа көптеген нәрселерді
баламен бірге байқаған өте маңызды. Және осы кезде көп сөздің
де керегі жоқ. Тек поэтикалық қана болмаса.
Есенин сөздері жаныңа тебірене еніп, эстетикалық сезімдерді
тудырады. Және тәрбие беруде табиғат құралдарымен пассивті
түрде қиялға берілу ғана емес, сонымен қатар шынайы бастама
да керек (табиғатт ықорғау, оған көмектесу).
Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып
өнер
табылады: бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, сәулет өнері, театр.
Балаларды нағыз жоғары өнерге ертеден тарту бала жүрегінде
шындықты расында эстетикалық қабылдаудың туындауына
ықпал етеді. Неге екенін білмейміз, бірақ кішкентай бала ұлы
суретшілердің шығармаларын дұрыс түсінбейді, оларға ерекше,
жеңілдетілген «өнер» керек деген пікір бар. Ал 4 жасар қыз бала
193
Третьяков галереясының залдары бойынша өтіп бара жатып, аяқ
астынан өзі, ересектер тарапынан ешқандай көмегінсіз «Князь
қызы Тараканова» атты картинаның қасына тоқтайды. Ол
суреттелгенге таң қалып, көп сұрақтар қояды, суретке қайта-
қайта орала береді. Бұл сонда не болды? К.Д.Флавицкий өз
шығармасын балаларға арнамаған еді ғой. Және бірде-бір
әдістемелік кітапта сіз оны балалармен бірге қарау ұсыныстарын
кездестірмейсіз. Ал әсершіл бала князь қызының келбетінен
қорқыныш пен бейнетті байқады, онымен бірге су мен
көртышқаннан қорқады. Өте күшті әсер. Баланы одан алшақтату
керек пе? Болмас. Өнер күші қыз балада ең жақсы адами
сезімдер – бірге қайғыру мен бірге жанашырлықты оятты.
Әуез әлемі бала үшін өте тартымды. Анасының құрсағында
жатып болашақ адам музыка дыбыстарына еліктейді, және дәл
осы кезеңде музыкаға бейімділігін қалыптастыруға болады
деген пікір бар.Баланың қабылдайтын және оған құлақ
аударатын өнердің алғашқы түрі – бұл музыка екені сөзсіз. Бесік
әндері әуезі, сөйлеу дыбыстары, оның тембрі арқылы сәби өзін
қоршаған әлемді ажыратып, даралап қана қоймай, оны сезіне де
бастайды. Ол біраз уақытқа дейін музыканың осы әсерін сезіне
алмайды, бірақ тиісті түрде жауап береді: мұңды әуезді естіп,
мұңайып қалады, кейде жылап жібереді; көңілді, ритмі бар
әуезге күліп жібереді, қимылдайды.Тұлғаның эмоциялық
тұрпатына музыканың әсер етуісөзсіз, алайда оның әсер ету
механизмі соңына дейін ашылмаған. Біреуі ғана күмән
тудырмайды – балаларды халық және классикалық музканың
үздік үлгілерімен таныстыру қажет. Бұл баланың кішкентай
кезінде танысатын өнердің кез келген түріне қатысты болады.
Кезінде В. Г. Белинский: «Олар үшін (балалар) жаман таңдалған
кітаптарды оқу - ештеңе оқығаннан гөрі нашар және зиянды»», -
деп жазды.
Өнердің әр түрі тұлғаның дамуы үшін құнды. Ғалымдардың
аиап өтуінше, өнердің белгілі бір түрін бала жасының түрлі
кезеңінде әр түрлі қабылдайды. Л. С. Выготский «Балалық
шақтағы қиял мен шығармашылық» атты еңбегінде мектеп
жасына дейінге кезеңде балалар музыканы қабылдауға біршама
бейім, оларға балшықтан фигура сомдау, сурет салу ынтасы тән,
олар сөйлеуге үйренеді. Баланы эстетикалық тәрбиелеу мен
дамытуға арналған біздің бағдарламаларда өнердің әр түрінің
әсер етуі жеке қарастырылады. Ал сол арада кез келген өнер бір
194
міндетті шешу барысында түрлі өнерді гармониялық үйлестіру
мүмкіндіктерін жинақтайды. Бейнелеу өнері шығармаларын
қабылдауға, мысалы, музыка, көркем сөз әсер етуі
мүмкін.Өнердің үйлесуі арқылы ғана «полифониялық қиял»
дами алады (Б.П.Юсов). оқшауланағн емес, өзара байланысқан
өнер негізінде құрылған эстетикалық дамыту бағдарламасы
кішкентай баланың табиғатына біршама сәйкес келеді
(Н.А.Ветлугина, Е.А.Дубровская).
Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып
мектеп
жасына
дейінгі
балалардың
тәрбиешімен
ұйымдастырылған, сондай-ақ, өзіндік
Достарыңызбен бөлісу: |