Интернет-технологиялар (оның ішінде web-технологиялар) оқу курстарын Интернет желісі арқылы дайындау мен үйренушіге жеткізу үшін қолайлы. Бұл технология ақпараттық ресурстарды бірлесе қолдану үшін жинақталған оқыту материалдарын ұсынады. Мұнымен қатар Интернет арқылы қашықтықта жұмыс жасауға қолайлы әрі тиімді.
Оқыту видеокурстары оқу/оқытуды электрондық оқулықтар негізінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Мұнда аудио-, видео- және графикалық материалдар кешенді түрде компьютер арқылы студенттерге ұсынылады.
Қазіргі компьютерлер қуатты құрал екені даусыз, ал осындай компьютерлік ортақ бір желіге біріктірілгенде, оның мүмкіндігі еселей түспек, ресурстарды (ақпараттық та, бағдарламалық та) ортақ пайдалану, кез келген қажетті ақпаратқа қолжетімділік-мұның бәрі білім беру ісінде орасан зор жетістіктерге жетуге жол ашады. Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары ұйымдастырған электрондық оқыту (e-leaming) жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат-білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең мүмкіндікте қол жеткізуін қамтамасыз ету болмақ. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыру енгізуге жағдай жасау қажет.
E-leaming (Electronic leaming қысқартылған)-электрондық оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі. ЮНЕСКО мамандары «E-leaming» ұғымына «Интернет пен мультимедия көмегімен оқу» деген анықтама берген.
Ол бірнеше мағынаға ие:
-жеке компьютерді, ұялы телефонды,теледидарды пайдалану арқылы электрондық мәліметтермен жұмыс;
-жеке әдіскерден ақыл-кеңес алу, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін пайдалану;
-ортақ қызметтес пайдаланушылардан тұратын анықталған ұйым құру;
-заман талабына сай электрондық мәліметтерді үзіліссіз пайдалану;
-ақпараттық технологияларды меңгеру және топ меңгерушілерінің ақпараттық мәдениетін арттыру және қалыптастыру;
Жаңа мыңжылдық – бұл өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуына негізінен жастардың білімі мен мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.
Қазіргі оқу орны шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушыны қажет етеді. Ол педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сондықтан, оқытушылар жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін қолданып, оқыту құралы ретінде пайдалануы керек.
Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-қоғамның алдында ең басты міндет.
Ақпараттық орта кең ауқымды әрі өте бай. Қазіргі заманда ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |