|
Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша-интернет көздерінен: кітапханалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, авторлар, белгілі адамдар, табиғат құбылыстары т.б. туралы;
-
|
бет | 121/149 | Дата | 06.10.2023 | өлшемі | 449,02 Kb. | | #43680 |
| multi-823 x986873926-интернет көздерінен: кітапханалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, авторлар, белгілі адамдар, табиғат құбылыстары т.б. туралы;
-электронды оқыту бағдарламалары, электронды кітапханалар, сөздіктер, анықтамалар, бейне және DVD фильмдер;
-кітаптар (әдеби шығармалар, өмірбаяндар, очерктер, мақалалар);
-музыкалық және бейнелеу өнері шығармалары.
Оқытудың компьютерлік технологияларының қатарына интернет-технологияларды, электрондық пошта технологиясын, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, оқыту видеокурстарын жатқызуға болады.
Электрондық пошта технологиясы білім меңгеру процесіндегі қарым-қатынасты виртуалды кеңістікке ауыстырады. Мұнда пән мұғалімі мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен жасайтын оқу байланыстары ғаламтор арқылы өтеді. Бұл әдіс соңғы кезде жоғарғы мектепте кең өріс алып келе жатқан қашықтықтан оқыту технологиясының негізгі құралы ретінде танылады.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары оқытуды екі негізгі режимде жүргізу мүмкіншілігін береді: ақпараттық-анықтамалық және бақылау жасау арқылы оқыту. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының ішінде гипермәтіндік, мультимедиалық және интеллектуалдық (мәселен, «Виртуалды түрде жұмысқа тұру») бағдарламаларды атауға болады.
Бағдарламалық оқытудың басты ерекшелігі ретінде ұсынылған материалдың құрамдас бөліктерге бөлініп, оны игерудің әр қадамын бағалауды атауға болады. Бағдарламалық оқытуда ақпарат шағын мөлшердегі бөліктермен қағазға басылған түрде немесе компьютердің мониторында беріледі. Әрбір бөлік бойынша жұмыс жасағаннан кейін, үйренуші өзіне берілген материалды қандай деңгейде игергендігін көрсететін тапсырмаларды орындауы керек.
Бағдарламалық оқытудың тағы да бір артықшылығы: үйренуші оқу материалымен жұмыс жасағанда өзіне қолайлы жылдамдықпен алға жылжып отырады. Өйткені оқу материалының келесі бөлігіне ауысу тек алдыңғы бөлік игерілгенде ғана жасалады. Бағдарламалық оқытудың бір түріне компьютерлік оқыту жатады. Компьютер үйренушілердің жауаптарын бағалап, келесі материалдың қандай болғандығын өзі анықтайды. Компьютерлік оқытудың тағы да бір ерекшелігі кері байланыстың компьютерлік ойындардағыдай ашық және реңді бояулармен айшықталатындығында.
Зерттеулер компьютерлік оқытуда үйренушілер ұсынылған оқу материалын тез игеретіндігін анықтаған, алайда бұл әдістің нәтижелері үйренудің басқа белсенді тәсілдерін қолдану нәтижелерінен артық емес екен. Компьютерлік оқытуда әсіресе ұжымды басқаруға, жарнамалық кампанияларды өткізуге, келіссөздер жүргізуге үйрететін әртүрлі іскерлік ойындар кең етек алған.
Интернет-технологиялар (оның ішінде web-технологиялар) оқу курстарын Интернет желісі арқылы дайындау мен үйренушіге жеткізу үшін қолайлы. Бұл технология ақпараттық ресурстарды бірлесе қолдану үшін жинақталған оқыту материалдарын ұсынады. Мұнымен қатар Интернет арқылы қашықтықта жұмыс жасауға қолайлы әрі тиімді. Оқыту видеокурстары оқытуды электрондық оқулықтар негізінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Мұнда аудио-, видео- және графикалық материалдар кешенді түрде компьютер арқылы оқушыларға ұсынылады. Практикалық сабақта компьютерлік техниканы қолданғанда оның тиімділігі күрт өсетіндігі мәлім. Компьютер оқушыға ақпаратты игеру тұрғысында өз басының жеке біліктері мен дағдыларын дамыту мүмкіншілігін береді.
Компьютерді әдебиет сабағында қолданғанда оқушыларға келесі тапсырмалар берген орынды:
1. Қарастырылатын мәселе бойынша ғаламтаордан қосымша материалдар іздеу және оларды таңдап, бір жүйеге келтіру (классификациялау): ол үшін оқушы ақпаратты бөлімдер немесе тақырыптар бойынша жіктеуі керек. Бұл тапсырманы ұсынғанда мұғалім оқушыға сайттардың адрестерін немесе тізімін алдын-ала бергені дұрыс. Оқушы тапсырманы орындау барысында ЕХСЕL бағдарламасын қолдана отырып, берілген ақпараттың базасын дайындап, оларды белгілі бір жүйе бойынша бөледі.
2. Компьютерлік оқу бағдарламалары немесе оқулықтарды қолдана отырып, берілген проблема бойынша қандай да бір тапсырма орындау.Мәселен, оқушы «Шетел әдебиетін оқыту әдістемесі» электрондық оқулығынан алынған кейбір әдістемелік идеяларды қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне орай қолданады.
3. Интернеттен алынған қосымша материалдарды сабақ тақырыбы бойынша лекцияда ұсынылған теориялық тұжырымдарымен салыстырады, оларға баға береді. Мысалы, ақпараттың екі көзі (лекция және Интернет) берген статистикалық мәліметтерді салыстырып, олардың әлеуметтік дамудағы (саясатта, экономикада, демографияда, мәдениетте, қоғамдық пікірде, т.б.) қандай тенденцияларды меңзейтіндігі жайлы талдау жұмысын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|