ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, ұлттық қауіпсіздік органдарының анықтама, тергеу және жедел іздестіру қызметінің заңдылығына жоғарғы қадағалауды ҚР Бас Прокуроры мен ол уәкілдік берген прокурорлар жүзеге асырады («ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 ҚРЗ 25-бап)
|
ПРОМЕЖУТОЧНАЯ АТТЕСТАЦИЯ ОБУЧАЮЩИХСЯ - процедура, проводимая с целью оценки качества усвоения содержания части или всего объема одной учебной дисциплины после завершения ее изучения (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ - бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОМЕЖУТОЧНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - один из видов независимого от организаций образования контроля за качеством образования (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
АРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОМЕЖУТОЧНЫЙ ЖИЛИЩНЫЙ ЗАЕМ - целевой заем, предоставляемый жилищным строительным сберегательным банком вкладчику с целью улучшения жилищных условий, при условии накопления не менее пятидесяти процентов от договорной суммы, остаток по которому погашается за счет договорной суммы по договору о жилищных строительных сбережениях в соответствии с Законом РК «О жилищных строительных сбережениях в РК», внутренней кредитной политикой банка и условиями отдельного договора банковского займа (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110-II)
|
АРАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ЗАЕМЫ - тұрғын үй құрылысы жинақ банкі «ҚР Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» ҚР Заңға, банктің ішкі кредиттік саясатына және банк заемының бөлек шартының талаптарына сәйкес салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ол бойынша қалдық тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебінен өтелетін шарттық соманың кемінде елу процентін жинақтаған кезде беретін нысаналы заем («ҚР Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II ҚРЗ 2-бап)
|
ПРОМЫСЛОВАЯ ОХОТА - добывание видов животных, являющихся объектом охоты, в целях предпринимательской деятельности (ст. 32 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
КӘСІПШІЛІК АҢ АУЛАУ - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 32-бап)
|
ПРОМЫСЛОВОЕ РЫБОЛОВСТВО - лов рыбы и добывание других водных животных, являющихся объектом рыболовства, в целях предпринимательской деятельности (ст. 34 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
КӘСІПШІЛІК БАЛЫҚ АУЛАУ - балықты және балық аулау объектісі болып табылатын басқа да су жануарларын кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ34-бап)
|
ПРОМЫШЛЕННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние защищенности физических и юридических лиц, окружающей среды от аварий на опасных производственных объектах и последствий указанных аварий (ст. 1 ЗРК «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» от 3 апреля 2002 года № 314)
|
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйі («Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОПАГАНДА ЗДОРОВОГО ОБРАЗА ЖИЗНИ - вид оказания медицинской деятельности и включает в себя формирование здорового образа жизни, профилактику заболеваний и укрепление здоровья населения путем информационного обеспечения, гигиенического обучения и воспитания населения в вопросах предупреждения болезней, связанных с образом жизни граждан (ст. 32-1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ - медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады және салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және азаматтардың салауатты өмірімен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 32-1-бап)
|
ПРОПУСК ТРАФИКА - осуществление процесса установления соединения и передачи информации между пользователями связи (сетями телекоммуникаций) (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ТРАФИКТІ ӨТКІЗУ - байланысты пайдаланушылар (телекоммуникация желілерін) арасында жалғауды жолға қою мен ақпарат беру процесін жүзеге асыру («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 мамырдағы № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
ПРОСЕКА - освобожденная от древесной и кустарниковой растительности полоса, проложенная для обозначения границ лесных кварталов или иных целей (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
ОРМАН СОҚПАҒЫ - орман шаршыларының шекараларын белгілеу немесе өзге мақсаттар үшін ағаш және бұта өсімдіктерінен тазартылып жасалған белдеу (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-II ҚР ОК 4-бап)
|
ПРОСПЕКТ ВЫПУСКА ЭМИССИОННЫХ ЦЕННЫХ БУМАГ - документ, содержащий сведения об эмитенте, его финансовом состоянии, предполагаемых к продаже эмиссионных ценных бумагах, объеме выпуска, количестве ценных бумаг в выпуске, процедуре и порядке их выпуска, размещения, обращения, выплаты дивидендов (вознаграждения), погашения и другую информацию, которая может повлиять на решение инвестора о покупке ценных бумаг (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ШЫҒАРУ ПРОСПЕКТІСІ - эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОСТОЕ ТОВАРИЩЕСТВО - простое товарищество образуется на основе договора о совместной деятельности. По договору о совместной деятельности (договору простого товарищества) стороны обязуются совместно действовать для получения доходов или достижения иной не противоречащей закону цели. Простое товарищество не является юридическим лицом (ст. 228 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК - жай серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді. Жай серіктестік заңды тұлға болмайды (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 228-бап)
|
ПРОСТОЙ - временная приостановка работы по причинам экономического, технологического, организационного, иного производственного или природного характера (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
БОС ТҰРЫП ҚАЛУ - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ПРОСТОЙ ВЕКСЕЛЬ - содержит: наименование «вексель», включенное в самый текст и выраженное на том языке, на котором этот документ составлен; ничем не обусловленное обещание уплатить определенную сумму денег; указание срока платежа; указание места, в котором должен быть совершен платеж; наименование того, кому или приказу кого платеж должен быть совершен; указание даты и места составления векселя; подпись того, кто выдает документ (векселедателя) (ст. 74 ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)
|
ЖАЙ ВЕКСЕЛЬ - мәтіннің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілдегі «вексель» атауы; белгілі бір ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уәде; төлем мерзімінің көрсетілуі; төлем жасалуы тиіс орынның көрсетілуі; кімге немесе кімнің бұйрығымен төлем жасалуы тиіс тұлғаның атауы; вексельдің жасалған күні мен орнының көрсетілуі; құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы («ҚР Вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ 74-бап)
|
ПРОСТОЙ ВЕКСЕЛЬ (СОЛО) - вексель, содержащий ничем не обусловленное обязательство векселедателя уплатить по требованию или в определенное время в будущем обозначенную в векселе сумму денег векселедержателю (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)
|
ЖАЙ ВЕКСЕЛЬ (СОЛО) - вексель берушінің вексель ұстаушыға талап ету бойынша немесе алдағы белгілі бір уақытта төлейтін вексельде көрсетілген ақша сомасының ешнәрсеге негізделмеген міндеттемесі жазылған вексель («ҚР Вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ПРОТЕЗНО-ОРТОПЕДИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ - специализированный вид медико-технической помощи по обеспечению инвалидов протезно-ортопедическими средствами и обучение пользованию ими (ст.1 ЗРК «0 социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)
|
ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК - мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОТЕЗНО-ОРТОПЕДИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА - средства, замещающие отсутствующие конечности или другие части тела, компенсирующие нарушенные или утраченные функции организма вследствие заболевания или повреждения здоровья (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)
|
ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР - кем аяқ-қолды немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОТЕСТ ВЕКСЕЛЯ - письменный акт, удостоверяющий не датирование акцепта либо отказ в акцепте или платеже (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)
|
ВЕКСЕЛЬ НАРАЗЫЛЫҒЫ - акцептің күні көрсетілмегенін не акцептен немесе төлем төлеуден бас тартуды куәландыратын жазбаша акт («ҚР Вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ о.з.ц.у.)
|
ПРОТИВОДЕЙСТВИЕ ЭКСТРЕМИЗМУ - деятельность государственных органов, направленная на защиту прав и свобод человека и гражданина, основ конституционного строя, обеспечение целостности и национальной безопасности РК от экстремизма, предупреждение, выявление, пресечение экстремизма и ликвидацию его последствий, а также выявление и устранение причин и условий, способствующих осуществлению экстремизма (ст. 1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31)
|
ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ - мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, ҚР конституциялық құрылыс негіздерін экстремизмнен қорғауға, тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экстремизмді болғызбауға, анықтауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремизмді жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметі («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОТИВОПОЖАРНАЯ СЛУЖБА - совокупность созданных в установленном порядке органов управления, сил и средств органа пожаротушения и его филиалов в областях (городе республиканского значения, столице), в том числе противопожарных формирований, предназначенных для организации предупреждения пожаров и их тушения, проведения связанных с ними первоочередных аварийно-спасательных работ (ст. 1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48)
|
ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОТИВОПОЖАРНЫЙ РЕЖИМ - установленные правила поведения граждан, порядок организации производственной и хозяйственной деятельности, условия содержания сооружений, зданий, помещений (территорий), производственного и специального оборудования, обеспечивающие предупреждение нарушений требований пожарной безопасности и тушение пожаров (ст. 1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48)
|
ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР РЕЖИМІ - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОТОКОЛ - процессуальный документ, в котором фиксируется процессуальное действие, совершаемое органом, ведущим уголовный процесс (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ХАТТАМА - қылмыстық процесті жүргізуші орган жасаған іс жүргізу әрекеті көрсетілетін іс жүргізу құжаты (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
ПРОТЯЖЕННОСТЬ АВТОМОБИЛЬНОЙ ДОРОГИ - фактическая длина дороги между объектами или населенными пунктами, указанная в натуре (на местности) по километровым знакам (ст. 1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ - километрлік белгілер бойынша нақты (жергілікті жерде) көрсетілген, объектілердің немесе елді мекендердің арасындағы жолдың нақты ұзындығы («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДИАГНОСТИКА - определение потенциальных возможностей детей к усвоению и выполнению навыков трудовой деятельности или про-фессии с учетом имеющегося психического и (или) физического недостатка (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
КӘСІБИ ДИАГНОСТИКА - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ОРИЕНТАЦИЯ - система мер, направленных на оказание помощи инвалиду в выборе видов трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)
|
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ - мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ШКОЛА - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и обеспечивающее подготовку работников квалифицированного труда по различным направлениям трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
КӘСІПТІК МЕКТЕП - жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ - хроническое или острое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных и (или) опасных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)
|
КӘСІПТІК АУРУ - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ - хроническое или острое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
КӘСІПТІК АУРУ - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ СПИД - заражение ВИЧ медицинских и фармацевтических работников организаций здравоохранения, работающих с материалом, зараженным ВИЧ, при исполнении служебных и профессиональных обязанностей относится к профессиональным заболеваниям (ст. 12 ЗРК «О профилактике и лечении ВИЧ-инфекции и СПИД» от 5 октября 1994 года № 176)
|
ЖҚТБ-МЕН КӘСІБИ АУРУ - АҚТҚ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қызметтік және кәсіби міндеттерін орындау кезінде АҚТҚ жұқтыруы кәсіби ауруларға жатады («АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алумен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы № 176-XIII ҚРЗ 12-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ И ИНЫЕ ПРАЗДНИКИ - праздники, не наделенные статусом национальных и государственных праздников, отмечаемые отдельными категориями граждан (ст. 1 ЗРК «О праздниках в РК» от 13 декабря 2001 года № 267)
|
КӘСІБИ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер («ҚР мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СОЮЗЫ В РК - самостоятельные с фиксированным индивидуальным членством общественные объединения, добровольно создаваемые гражданами на основе общности их профессиональных интересов для представления и защиты трудовых, атакже других социально-экономических прав и интересов своих членов, охраны и улучшения условий труда (ст. 1 ЗРК «О профессиональных союзах» от 9 апреля 1993 года)
|
ҚР КӘСІПТІК ОДАҚТАР - дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады («Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ УЧАСТНИКИ СТРАХОВОГО РЫНКА - страховая (перестраховочная) организация, страховой брокер, актуарий, осуществляющие свою деятельность на основании соответствующих лицензий уполномоченного органа (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)
|
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 ҚРЗ 3-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ БУХГАЛТЕР - физическое лицо, имеющее сертификат профессионального бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
КӘСІБИ БУХГАЛТЕР - кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ЛИЦЕЙ - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и осуществляющее подготовку рабочих кадров повышенного уровня квалификации (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ - жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СПОРТ - разновидность спортивно-предпринимательской деятельности, главной целью которой является получение доходов путем организации спортивнозрелищных мероприятий и участия в них (ст. 1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490-І)
|
КӘСІПҚОЙЛЫҚ СПОРТ - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсіпкерлік қызметтің бір түрі («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І ҚРЗ 1-бап)
|
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ УЧАСТНИК РЫНКА ЦЕННЫХ БУМАГ - юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензии либо в соответствии с законодательными актами и функционирующее в организационно-правовой форме акционерного общества (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
|