БАГАЖ - имущество весом не более двухсот килограммов, принятое к перевозке в пассажирском или почтово-багажном поезде(ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
БАГАЖ - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
БАГАЖ - имущество пассажира, упакованное и перевозимое в багажном отделении автобуса, микроавтобуса или в багажном автомобиле, сопровождающем автобус, микроавтобус, в пределах норм, установленных Правилами перевозки пассажиров и багажа, а также в такси на основании дополнительного соглашения с перевозчиком (cт.1 3PK «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)
|
БАГАЖ - жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерінде белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі (Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚР 31-бап)
|
БАЗА ДАННЫХ - совокупность данных (статей, расчетов, фактов и других), представляющих по подбору и (или) расположению материалов результат творческого труда, систематизирована таким образом, чтобы эти данные могли быть найдены и обработаны с помощью ЭВМ. Понятие базы данных не распространяется на программу для ЭВМ, с помощью которой может осуществляться электронный доступ к материалам базы данных (ст.2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)
|
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ - деректер ЭEM көмегімен табылатындай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардың іріктелуі мен (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық кіруді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға деректер базасы ұғымы қолданылмайды («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)
|
БАЗА ДАННЫХ КРЕДИТНЫХ ИСТОРИЙ - информационные ресурсы кредитного бюро, основанные на информационных системах и информационных процессах, соответствующих требованиям, установленным законодательством РК (ст.1 ЗРК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» от 6 июля 2004 года № 573)
|
КРЕДИТТІК ТАРИХТЫҢ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ - ҚР заңнамасына белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпарат процестеріне негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары («ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 ҚРЗ 1-бап)
|
БАЗА НЕФТЕПРОДУКТОВ - товарный склад, предназначенный для хранения и реализации нефтепродуктов (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)
|
МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ БАЗАСЫ - мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚР3 1-бап)
|
БАЗОВАЯ СТАВКА ПЛАТЫ - нормативная цена земельного участка для определения его кадастровой (оценочной) стоимости при предоставлении государством права частной собственности на земельный участок или продаже права временного возмездного землепользования (ст.12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ТӨЛЕМАҚЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ СТАВКАСЫ - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)
|
БАЗОВЫЙ АКТИВ - стандартизованные партии товаров, ценные бумаги, валюта, финансовые инструменты и иные показатели, определенные внутренними документами организатора торгов (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
БАЗАЛЫҚ АКТИВ - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
БАЗОВЫЙ АКТИВ - финансовый инструмент, показатель или товар, к цене которых привязана стоимость производного финансового инструмента (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
БАЗАЛЫҚ АКТИВ - бағасына туынды қаржы құралының құны тәуелді қаржы құралы, көрсеткіш немесе тауар («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
БАКАЛАВР, МАГИСТР - академические степени присуждаемые лицам, освоившим соответствующие образовательные программы высшего профессионального образования (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
БАКАЛАВР, МАГИСТР - жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
БАЛАНСИРУЮЩАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ - электрическая энергия, используемая для устранения возникающих дисбалансов при реализации утвержденного системным оператором почасового суточного графика производства потребления электрической энергии (cт.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ТЕҢГЕРІМДЕУШІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ - электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
БАЛАНСИРУЮЩИЙ РЫНОК ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ - система взаимоотношений между системным оператором и энергопроизводящими, энергоснабжающими организациями, оптовыми потребителями, иными организациями, осуществляющими деятельность на оптовом рынке электрической энергии, складывающаяся в результате физического и последующего финансового урегулирования системным оператором возникающих в режиме реального времени дисбалансов между договорными и фактическими величинами производства и (или) потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе РК в текущие операционные сутки (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ НАРЫҒЫ - ағымдағы операциялық тәуліктерде ҚР біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме тұтынушылар, өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастар жүйесі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
БАЛК-ПРОДУКТ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТҒВА - дозированное лекарственное средство, прошедшее все стадии технологического процесса изготовления лекарственного препарата, кроме окончательной упаковки (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ БАЛК-ӨНІМІ - соңғы ораудан басқа, дәрілік препарат дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатысынан өткен мөлшерленген дәрілік зат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
БАНДИТИЗМ - создание устойчивой вооруженной группы (банды) в целях нападения на граждан или организации, а равно руководство такой группой (бандой) (ст. 237 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
БАНДИТИЗМ - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 237-бап)
|
БАНК - юридическое лицо, являющееся коммерческой организацией, которое в соответствии с Законом РК «О банках и банковской деятельности в РК» правомочно осуществлять банковскую деятельность (ст.1 ЗРК «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)
|
БАНК - «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 1-бап)
|
БАНК-АГЕНТ - банк или организация, осуществляющая отдельные виды банковских операций, оказывающие услуги по осуществлению гарантийных выплат кредиторам на основе агентского соглашения с Фондом гарантирования страховых выплат (ст.1 ЗРК «О Фонде гарантирования страховых выплат» от 3 июня 2003 года № 423)
|
АГЕНТ-БАНК - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423-II ҚРЗ 1-бап)
|
БАНК-АГЕНТ - банк, являющийся участником системы обязательного гарантирования депозитов и выполняющий процедуры по выплате гарантийного возмещения депозиторам на основании соглашения, заключенного с организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов (ст. 1 ЗРК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» от 7 июля 2006 года № 169)
|
БАНК-АГЕНТ - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келісімнің негізінде депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеу жөніндегі рәсімдерді орындайтын банк («ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 ҚРЗ 1-бап)
|
БАНК БЕНЕФИЦИАРА - банк, которому согласно условиям договора с отправителем и (или) указанию отправителя надлежит принять деньги, поступающие в пользу бенефициара и (или) выполнить иные действия, предусмотренные указанием, либо договором с отправителем (ст.3 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)
|
БЕНЕФИЦИАР БАНКІ - жөнелтушімен жасалған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушінің нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түскен ақшаны қабылдауға және (немесе)нұсқауда не жөнелтушімен жасалған шартта көзделген өзге де іс-қимылдарды орындауға тиісті банк («Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚР 33-бап)
|
БАНК-КАСТОДИАН - банк, осуществляющий деятельность по фиксации и учету прав по ценным бумагам, хранению документарных ценных бумаг и учету денег клиента (ст.1 ЗРК «0 пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)
|
КАСТОДИАН БАНК - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚР 31-бап)
|
БАНК-ПОЛУЧАТЕЛЬ - банк, которому адресуется указание о переводе денег, либо выплате денег (ст. 3 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года №237)
|
АЛУШЫ БАНК - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк («Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚР 33-бап)
|
БАНК-ПОСРЕДНИК - любой банк-участник перевода денег, не являющийся банком отправителя денег и банком бенефициара (ст.3 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)
|
ДЕЛДАЛ БАНК - ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициар банкі болып табылмайтын ақша аударымына қатысушы кез-келген банк («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 3-бап)
|
БАНК РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА - акционерное общество со стопроцентным участием государства (ст.1 ЗРК «О Банке развития Казахстана» от 25 апреля 2001 года № 178)
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ - мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын акционерлік қоғам («Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-II ҚРЗ 1-бап)
|
БАНК-УЧАСТНИК - банк, являющийся участником системы обязательного гарантирования депозитов, обязательства которого по возврату привлеченных депозитов гарантируются в соответствии с Законом РК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» (ст.1 ЗРК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» от 7 июля 2006 года № 169)
|
ҚАТЫСУШЫ БАНК - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне «ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк («ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 ҚРЗ 1-бап)
|
БАНКОВСКИЙ ДЕПОЗИТАРНЫЙ СЕРТИФИКАТ - именная неэмиссионная ценная бумага, удостоверяющая права ее держателя на получение по истечении установленного для нее условиями выпуска срока обращения либо до его истечения ее номинальной стоимости, а также вознаграждения в размере, установленном условиями выпуска (ст.139-1 ГК РК от 27 декабря 1994 года)
|
БАНКТІК ДЕПОЗИТ СЕРТИФИКАТЫ - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгіленген айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін не ол аяқталғанға дейін номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгіленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 139-1-бап)
|
БАНКОВСКИЙ КОНГЛОМЕРАТ - группа юридических лиц, состоящая из родительской организации и ее дочерних организаций, а также организаций, в которых родительская организация и (или) ее дочерние организации имеют значительное участие в капитале, и которая соответствует одному из следующих условий: банк является родительской организацией или одна из дочерних организаций является банком; банк не является родительской организацией, но деятельность группы в основном сосредоточена в банковском секторе, то есть отношение совокупных активов банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, группы к совокупным активам группы составляет сорок и более процентов; банк не является родительской организацией, но в группе имеются один банк и иная финансовая организация. Группа юридических лиц, в которой национальная управляющая компания или национальный холдинг являетсяродительской организацией, шотносится к банковскому конгломерату. Если в группе юридических лиц присутствует родительская организация - банк-нерезидент РК, то банковским конгломератом признается дочерний банк-резидент РК и его дочерние организации, а также организации, в которых дочерний банк и его дочерние организации имеют значительное участие в капитале (ст.2 ЗРК «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)
|
БАНК КОНГЛОМЕРАТЫ - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы: банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады; банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің, топтың жиынтық активтеріне топтың қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды; банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым бар. Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды. Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - ҚР резиденті емес банк болатын болса, онда ҚР резиденті еншілес банк және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк және оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады (ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚР3 2-бап)
|
БАНКОВСКИЙ ЛИЗИНГ - банковский лизинг - разновидность лизинга, в котором в качестве лизингодателя выступает банк (ст. 3 ЗРК «О финансовом лизинге» от 5 июля 2000 года № 78)
|
БАНК ЛИЗИНГІ - лизингтің бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып табылады («Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78 ҚРЗ 3-бап)
|
БАНКОВСКИЙ СЧЕТ - способ отражения договорных отношений между банком и клиентом по приему денег и (или) банковскому обслуживанию клиента (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)
|
БАНК ШОТЫ - банк пен клиент арасында ақша қабыл-дау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсілі («Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚР3 6-бап)
|
БАНКОВСКИЙ ХОЛДИНГ - юридическое лицо (за исключением случаев, когда таким владельцем является государство или национальный холдинг либо национальная управляющая компания), которое в соответствии с письменным согласием уполномоченного органа может владеть прямо или косвенно двадцатью пятью или более процентами размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных банком) акций банка или иметь возможность: голосовать прямо или косвенно двадцатью пятью или более процентами акций банка; определять решения, принимаемые банком, в силу договора либо иным образом или иметь контроль (ст. 2 ЗРК «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)
|
БАНК ХОЛДИНГІ - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе: банк акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 2-бап)
|
БАНКРОТ - должник, несостоятельность которого установлена судом (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67-І)
|
БАНКРОТ - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І ҚР 31-бап)
|
БАНКРОТСТВО - признанная решением суда несостоятельность должника, являющаяся основанием для его ликвидации (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67-І)
|
БАНКРОТТЫҚ - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І ҚРЗ 1-бап)
|
БАНКРОТСТВО - признанная решением суда несостоятельность должника, являющаяся основанием для его ликвидации (ст.52 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
БАНКРОТТЫҚ - борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 52-бап)
|
БАР - объект общественного питания и отдыха, предлагающий потребителям закуски, десерты и кондитерские изделия, а также алкогольную продукцию (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
БАР - тұтынушыларға тіскебасар, десерт және кондитерлік тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
|
БАССЕЙН ВОДНОГО ОБЪЕКТА- территория, включающая водосбросные площади гидравлический связанных водоемов и водотоков (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ОБЪЕКТІСІНІҢ БАССЕЙНІ - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
БАССЕЙН ПОДЗЕМНЫХ ВОД - совокупность водоносных горизонтов, расположенных в недрах (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫНЫҢ БАССЕЙНІ - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
БАССЕЙНОВЫЙ ПРИНЦИП ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ РЫБНЫМИ РЕСУРСАМИ И ДРУГИМИ ВОДНЫМИ ЖИВОТНЫМИ - единая система управления рыбными ресурсами и другими водными животными в рыбохозяйственных водоемах (участках) с учетом особенностей воспроизводства и миграции рыб и других водных животных независимо от административно-территориального деления (ст.1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ЖӘНЕ БАСҚА СУ ЖАНУАРЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ БАССЕЙНДІК ПРИНЦИПІ - әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан, балықтар мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуы мен өріс аударуының ерекшеліктері ескеріле отырып, балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелеріндегі) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын басқарудың біртұтас жүйесі («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
БАССЕЙНОВЫЙ ПРИНЦИП УПРАВЛЕНИЯ - управление водным фондом по гидрофизическим признакам, реализуемое при распределении водных ресурсов в пределах бассейнов рек, озер и других водных объектов между административно-территориальными единицами (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
БАСҚАРУДЫҢ БАССЕЙНДІК ПРИНЦИПІ - әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын болу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша бас-қару (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|