Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет67/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САУДА НАРЫҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ - электр энергиясының спот-сауда саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ОПЕРАТОР СВЯЗИ - физическое или юридическое лицо, получившее лицензию на предоставление услуг связи в порядке, установленном законодательным актом РК о лицензировании (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫ - байланыс қызметін көрсетуге ҚР лицензиялау туралы заң актісінде белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке немесе заңды тұлға («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ОПЕРАТОР УНИВЕРСАЛЬНОГО ОБСЛУЖИВАНИЯ - оператор связи, оказывающий услуги связи на сети телекоммуникаций общего пользования, на которого в соответствии с законодательством РК возложена обязанность по оказанию универсальных услуг телекоммуникаций (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ӘМБЕБАП ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОПЕРАТОРЫ - ҚР заңдарына сәйкес байланыстың әмбебап қызметін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ОПЕРАЦИИ ПО НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЮ - работы, относящиеся к Государственному геологическому изучению недр, разведке и добыче, в том числе работы, связанные с разведкой и добычей подземных вод, лечебных грязей, разведкой недр для сброса сточных вод, а также работы по строительству и эксплуатации подземных сооружений, не связанные с разведкой добычей (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ - жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеуге, барлауға және өндіруге, сонымен бірге жер асты суларын, шипалы балшықты барлау және өндіруге, жер қойнауын қалдық суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ өндіруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі жұмыстар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

ОПЕРАЦИОННОЕ ОКНО - рабочее место на производственном объекте оператора почты, где предоставляются пользователю один и более видов почтовых услуг (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТЕРЕЗЕ - почта операторының өндірістік объектісіндегі пайдаланушыға почта қызметін көрсетулерінің бір және одан көп түрлері көрсетілетін жұмыс орны («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ОПЕРАЦИОННЫЕ СУТКИ - текущие сутки, в течение которых системный оператор осуществляет операции по централизованному оперативно-диспетчерскому управлению исполнением заключенных субъектами оптового рынка электрической энергии договоров купли-продажи электрической энергии (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТӘУЛІКТЕР - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ОПЕРАЦИОННЫЙ ДЕНЬ - период времени, в течение которого банком осуществляется прием указаний о переводе денег и распоряжений о приостановлении либо отзыве таких указаний от клиентов и передача им сообщений, связанных с осуществлением переводов денег в их пользу (ст. 3 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)

ОПЕРАЦИЯ КҮШ - банк ақша аудару туралы нұсқауларды және клиенттерден түскен осындай нұсқауларды тоқтата тұру не қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдауды жүзеге асыратын және оларға өздерінің пайдасына ақша аударуды жүзеге асырумен байланысты хабарларды жіберетін уақыт кезеңі («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237ҚРЗ 3-бап)

ОПЕРАЦИОННЫЙ ДЕНЬ - рабочее время на производственном объекте оператора почты предоставляет почтовые услуги (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КҮНІ - почта операторының почта қызметін көрсететін жұмыс уақыты («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ОПЕРИРОВАНИЕ - оставка, хранение и выпуск материальных ценностей государственного резерва (ст. 1 ЗРК «О государственном материальном резерве» от 27 ноября 2000 года № 106-II)

ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару («Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 106-II ҚРЗ 1-бап)

ОПЛАТА ТРУДА - система отношений, связанных с обеспечением работодателем обязательной выплаты работнику вознаграждения за его труд в соответствии с Трудовым кодексом и иными нормативными правовыми актами РК, а также соглашениями, трудовым, коллективным договорами и актами работодателя (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ - Еңбек кодекске және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ОПРАВДАТЕЛЬНЫЙ ПРИГОВОР - суд признает и провозглашает невиновность подсудимого в совершении преступления по обвинению, по которому он был привлечен к уголовной ответственности и предан суду (ст. 376 УПК РК от от 13 декабря 1997 года № 206)

АҚТАУ ҮКІМІ - сот ақтау үкімімен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 376-бап)

ОПТИМАЛЬНОЕ СЕЛЬСКОЕ РАССЕЛЕНИЕ - расположение сельских населенных пунктов, основанное на обеспечении необходимого уровня жизни сельских жителей в соответствии с нормативным уровнем услуг жизнеобеспечения (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)

АУЫЛДЫ ОҢТАЙЛЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ - ауылдық елді мекендердің, ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ ПРОДАЖА - продажа крупных партий наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

КӨТЕРМЕ САУДА - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды ірі топтармен сату («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ - отпуск алкогольной продукции со складских помещений без ограничения объемов, согласно документам, утвержденным уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429-І)

КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ - уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде шығару («Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - фармацевтическая деятельность, связанная с закупом, хранением, ввозом, вывозом и реализацией лекарственных средств (за исключением реализации лекарственных средств населению) без ограничения объемов, осуществляемая в соответствии с правилами, утвержденными государственным органом (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КӨТЕРМЕ САУДАСЫ - көлемі шектелмей, мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен және өткізумен (дәрілік заттарды халыққа өткізуді қоспағанда) байланысты фармацевтикалық қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ НЕФТЕПРОДУКТОВ - реализация (отгрузка) нефтепродуктов производителями, поставщиками нефти, а также лицами, осуществляющими реализацию с баз нефтепродуктов, с целью дальнейшей перепродажи (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН КӨТЕРМЕ САУДАМЕН ӨТКІЗУ - мұнай өндірушілердің, берушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларынан өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнімдерін одан әрі қайта сату мақсатында өткізуі (жөнелтуі) («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ТАБАЧНЫХ ИЗДЕЛИЙ - реализация (отгрузка) табачных изделий для дальнейшей перепродажи (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН КӨТЕРМЕ САУДАМЕН ӨТКІЗУ - темекі өнімдерін одан әрі қайта сату үшін өткізу (жөнелту) («Темекі өнімдерінің өндірілуімен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - фармацевтическая деятельность, связанная с закупом, хранением, ввозом, вывозом и реализацией лекарственных средств (за исключением реализации лекарственных средств населению) без ограничения объемов, осуществляемая в соответствии с правилами, утвержденными государственным органом (ст. 1 ЗРК «О лекарственных растениях» 13 января 2004 года 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КӨТЕРМЕ САУДАСЫ - көлемі шектелмей, мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен және өткізумен (дәрілік заттарды халыққа өткізуді қоспағанда) байланысты фармацевтикалық қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВАЯ ТОРГОВЛЯ - предпринимательская деятельность по реализации товаров, предназначенных для последующей продажи или иных целей, не связанных с личным, семейным, домашним и иным подобным использованием (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)

КӨТЕРМЕ САУДА - жеке, отбасылық, үй-елшілік және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейіннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)

ОПТОВЫЙ РЫНОК ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ - система отношений, связанных с куплей-продажей электрической энергии, функционирующая на основе договоров между субъектами оптового рынка электрической энергии (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫ - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ОПУБЛИКОВАНИЕ - предположение публике с согласия автора либо иного правообладателя на объекты авторского или смежных прав экземпляров произведения или фонограммы в количестве, удовлетворяющем разумные потребности публики, посредством продажи, сдачи в прокат или иной передачи права собственности либо права владения экземпляром произведения или фонограммы (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6-І)

ЖАРИЯЛАУ - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының немесе фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде меншік құқығын не туындының немесе фонограмманың данасын иелену құқығын сату, прокатқа тапсыру немесе өзгедей беру арқылы көпшілікке ұсыну («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ОПЦИОН - договор, в соответствии с которым одна сторона (продавец опциона) обязуется продать или купить, а вторая сторона (покупатель опциона) приобретает право купить или продать определенное количество оговоренного в данном договоре имущества (базового актива) по обусловленной в данном договоре цене; в случае стандартизации организатором торгов условий такого договора он может использоваться как производная ценная бумага (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ОПЦИОН - шарт, оған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын осы шартта келісілген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретінде пайдаланылуы мүмкін («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ОРАЛМАНЫ - иностранцы или лица без гражданства казахской национальности, постоянно проживавшие на момент приобретения суверенитета РК за ее пределами и прибывшие в Казахстан с целью постоянного проживания (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997года № 204-І)

ОРАЛМАНДАР - ҚР егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАН, ВЕДУЩИЙ УГОЛОВНЫЙ ПРОЦЕСС - суд, а также при досудебном производстве по уголовному делу прокурор, следователь, орган дознания, дознаватель (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУШІ ОРГАН - сот, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша істі сотқа дейін жүргізу кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ОРГАН ПО ПОДТВЕРЖДЕНИЮ СООТВЕТСТВИЯ - юридическое лицо, аккредитованное в установленном порядке для выполнения работ по подтверждению соответствия (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАН - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАТОР ИГОРНОГО БИЗНЕСА - лицо, осуществляющее организацию и проведение азартных игр (пари) на основании лицензии, выданной в соответствии с требованиями, установленными законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес берілген лицензияның негізінде құмар ойындарды (бәс тігуді) ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын тұлға («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАТОР КОНКУРСА - заказчик или лицо, определенное заказчиком в соответствии с Законом РК «О государственных закупках», для организации и проведения конкурса (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - тапсырыс беруші немесе «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңға сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс беруші белгілеген адам («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАТОР КОНКУРСА ПО КОНЦЕССИИ - государственный орган, осуществляющий проведение конкурсов по концессии (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167)

КОНЦЕССИЯ БОЙЫНША КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАТОР ПРЕСТУПЛЕНИЯ - организатором признается лицо, организовавшее совершение преступления или руководившее его исполнением, а равно лицо, создавшее организованную преступную группу или преступное сообщество (преступную организацию) либо руководившее ими (ст. 28 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚЫЛМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 28-бап)

ОРГАНИЗАТОР ТОРГОВ - фондовая биржа и котировочная организация внебиржевого рынка ценных бумаг (cт. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

САУДА-САТТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАЦИИ КУЛЬТУРЫ - юридические лица, созданные в соответствии с законодательством РК, основным предметом деятельности которых является осуществление деятельности в области культуры (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫ - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, ҚР заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ - юридические лица, которые реализуют одну или несколько образовательных программ и (или) обеспечивают содержание и воспитание обучающихся, воспитанников (ст. 9 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ - бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтімі мен тәрбие алуын қамтамасыз ететін заңды тұлғалар («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 9-бап)

ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ С ОСОБЫМ РЕЖИМОМ СОДЕРЖАНИЯ - организации образования с особым режимом содержания являются учебно-воспитательными или лечебно-воспитательными учреждениями и создаются в целях обеспечения воспитания, обучения и социальной реабилитации несовершеннолетних в возрасте от одиннадцати до восемнадцати лет, совершивших общественно опасные деяния, содержащие признаки преступления, освобожденных от уголовной ответственности (ст. 14 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ - ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу тәрбие мекемелері болып табылады және қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған, қылмыстық жауаптылықтан босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 14-бап)

ОРГАНИЗАЦИИ, ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИЕ ФУНКЦИИ ПО ЗАЩИТЕ ПРАВ РЕБЕНКА - оганизации, независимо от организационно-правовой формы осуществляющие социальную поддержку, оказание социально-бытовых, медико-социальных, социально-педагогических, психолого-педагогических, правовых услуг и материальной помощи, социальной реабилитации детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, обеспечение занятости таких детей по достижении ими трудоспособного возраста (ст. 1 ЗРК «О правах ребенка в РК» от 8 августа 2002 года № 345)

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР - бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетуді, өмірдегі қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАЦИОННО-ШТАТНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ -
мероприятия, проводимые в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях по созданию, ликвидации, передислокации, переформированию, переподчинению, увеличению и сокращению штатов (ст. 1 «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)

ҰЙЫМДЫҚ-ШТАТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткізілетін штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі іс-шаралар («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)

ОРГАНИЗАЦИЯ - акционерное общество, в акции которого осуществляются инвестиции, а также иностранные юридические лица, созданные в иной организационно-правовой форме, в уставных капиталах которых участвует Фонд (ст. 1 ЗРК «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ҰЙЫМ - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлік қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдік заңды тұлғалар («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 1-бап)

ОРГАНИЗАЦИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ - юридическое лицо, осуществляющее деятельность в сфере гражданской авиации (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)


жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау