Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет63/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ КРЕДИТ - целевой кредит, предоставляемый обучающимся для оплаты профессионального образования (cт. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ - білім алушыларға кәсіптік білім алуға төлеу үшін берілетін нысаналы кредит («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ МОНИТОРИНГ - систематическое наблюдение, анализ, оценка и прогноз состояния и динамики изменений результатов и условий осуществления образовательных процессов, контингента обучающихся, сети организаций образования (cт. 1 3PK «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ МОНИТОРИНГІ - білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЩЕНИЕ - направленное субъекту, рассматривающему обращение, или должностному лицу индивидуальное или коллективное письменное, устное либо в форме электронного документа, заверенного электронной цифровой подписью, предложение, заявление, жалоба, запрос или отклик (cт. 1 3PK «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» от 12 января 2007 года № 221)

ӨТІНІШ - өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЩЕНИЕ ВЕТЕРИНАРНЫХ ПРЕПАРАТОВ -
производство, хранение, перевозка, апробация, регистрационные испытания, подтверждение соответствия, контроль безопасности и качества, реклама, реализация или применение ветеринарных препаратов (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 7 июня 1999 года № 339)

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР АЙНАЛЫСЫ - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЩЕНИЕ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ ИЗДЕЛИЯ МЕДИЦИНСКОГО НАЗНАЧЕНИЯ И МЕДИЦИНСКОЙ ТЕХНИКИ - деятельность, осуществляемая в процессе доведения безопасных, эффективных и качественных лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники от разработчика и (или) производителя до потребителя (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКА АЙНАЛЫМЫ - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЩЕНИЕ С ОТХОДАМИ - виды деятельности, связанные с отходами, включая предупреждение и минимизацию образования отходов, учет и контроль, накопление отходов, а также сбор, переработку, утилизацию, обезвреживание, транспортировку, хранение (складирование) и удаление отходов (ст. 1 ЭК РК от 9января 2007 года № 212)

ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтар-мен байланысты қызмет түрлері (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ОБРАЩЕНИЕ ЭМИССИОННЫХЦЕННЫХ БУМАГ - совершение на вторичном рынке ценных бумаг гражданско-правовых сделок с ценными бумагами (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР АЙНАЛЫСЫ - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ОБРЕМЕНЕНИЯ - ограничение прав на недвижимое имущество, в том числе наличие на него определенных прав третьих лиц, арест имущества (ст. 1 УПРК, и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)

АУЫРТПАЛЫҚТАР - жылжымайтын мүлікке құқықтарды шектеу, соның ішінде үшінші тұлғалардың оған белгілі бір құқықтарының болуы, мүлікті тұмшалау («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 з.к.б. ҚР ПЖ 1-бап)

ОБСЛУЖИВАНИЕ БЮДЖЕТНОГО КРЕДИТА - деятельность уполномоченного органа по исполнению бюджета или поверенного (агента) по учету использования средств бюджетного кредита и осуществлению заемщиком платежей в погашение основного долга, вознаграждения и прочих платежей в соответствии с условиями кредитного договора (ст. 183 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттік шарттың талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 183-бап)

ОБСЛУЖИВАНИЕ ДОЛГА - совокупные выплаты в определенном периоде времени вознаграждения (интереса), комисионных, штрафов и иных платежей, вытекающих из условий заимствования (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БОРЫШҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - уақыттың белгілі бір кезеңіндегі сыйақының (мүдденің), комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)

ОБСЛУЖИВАНИЕ ЗАЙМА - деятельность центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета или банка по учету использования средств займа на счетах заемщика и осуществления заемщиком платежей вознаграждения (интереса), комиссионных и прочих платежей в соответствии с условиями займа (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚАРЫЗҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы ( 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)

ОБСЛУЖИВАНИЕ ОСНОВНОГО ДОЛГА - совокупные выплаты в определенном периоде времени вознаграждения, иных платежей в соответствии с условиями кредитного договора (ст. 183 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

НЕГІЗГІ БОРЫШҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - кредиттік шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 183-бап)

ОБЩАЯ ПЛОЩАДЬ ЖИЛОГО ДОМА (ЖИЛОГО ЗДАНИЯ)- сумма полезных площадей всех жилых помещений и площадей всех нежилых помещений, а также площадей частей жилого дома, являющихся общим имуществом (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ (ТҰРҒЫН ЖАЙДЫҢ) ЖАЛПЫ АЛАҢЫ - тұрғын үйдегі бүкіл тұрғын үй жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының қосындысы («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩАЯ СОБСТВЕННОСТЬ - имущество, находящееся в собственности двух или нескольких лиц, принадлежит им на праве общей собственности (ст. 209 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ОРТАҚ МЕНШІК - екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 209-бап)

ОБЩАЯ СОБСТВЕННОСТЬ СУПРУГОВ - имущество, нажитое супругами во время брака, является их совместной собственностью, если договором между ними не предусмотрено, что это имущество является долевой собственностью супругов либо принадлежит одному или в соответствующих частях каждому из супругов на праве собственности (ст. 223 ГК РК от 27 де-кабря 1994 года № 269)

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ОРТАҚ МЕНШІГІ - ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығын-да тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 223-бап)

ОБЩЕГОСУДАРСТВЕННЫЕ СТАТИСТИЧЕСКИЕ НАБЛЮДЕНИЯ - наблюдения, проводимые уполномоченным органом (ст. 2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98)

ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАР - уәкілетті орган жүргізетін байқаулар («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕЕ ИМУЩЕСТВО - части жилого дома, кроме помещений, находящихся в раздельной собственности. Право на общее имущество включает также предусмотренные законодательством права на земельный участок (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ОРТАҚ МҮЛІК - тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік құқығы заңдарда көзделген жер учаскесіне құқықты да қамтиды («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕЕ ИМУЩЕСТВО ОГРАНИЧЕННОГО ПОЛЬЗОВАНИЯ - передаваемые в установленном порядке в пользование отдельные части общего имущества отдельному собственнику (собственникам) (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ШЕКТЕУЛІ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ОРТАҚ МҮЛІК - ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген ретпен берілетін жекелеген бөліктері («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕЕ МОРСКОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - имущество (судно, фрахт и груз), за счет которого подлежат возмещению расходы по общей аварии (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ЖАЛПЫ КЕМЕ КӘСІПОРНЫ - мүлік (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебінен өтелуге тиіс («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕЕ СОБРАНИЕ (СОБРАНИЕ УПОЛНОМОЧЕННЫХ) - высший орган управления сельского потребительского кооператива (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450)

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫС (УӘКІЛДЕР ЖИНАЛЫСЫ) - селолық тұтыну кооперативінің жоғары басқару органы («ҚР селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕЖИТИЕ - жилое здание, специально построенное или переоборудованное для проживания лиц, работающих по срочному трудовому договору (контракту), студентов, курсантов, аспирантов и учащихся в период учебы, а также других лиц, имеющих срочный трудовой договор (контракт) с собственником или владельцем общежития (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ЖАТАҚХАНА - мерзімді еңбек шарты (келісім шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен мерзімді еңбек шарты (келісім-шарты) бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕИЗВЕСТНЫЙ ТОВАРНЫЙ ЗНАК - обозначение, используемое в качестве товарного знака или товарный знак, признанные общеизвестными в силу международных соглашений, участником которых является РК, решением компетентного органа или суда, основанном на доказательствах заинтересованных лиц (ст. 1 ЗРК «О товарных знаках, знаках обслуживания и наименования мест происхождения товаров» от 26 июля 1999 года № 456)

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БЕЛГІЛІ ТАУАР ТАҢБАСЫ - тауар таңбасы ретінде пайдаланылып жүрген белгі немесе ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге орай, мүдделі тұлғалардың айғақтарына негізделген құзыретті органның немесе соттың шешімімен жалпыға бірдей белгілі танылған тауар таң-басы («Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА - среднее общеобразовательное учебное заведение, реализующее основные и дополнительные общеобразовательные программы, состоящее из трех ступеней: начальной, основной и старшей, каждая из которых может функционировать самостоятельно (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕРАСПРОСТРАНЕННЫЕ ПОЛЕЗНЫЕ ИСКОПАЕМЫЕ - полезные ископаемые (песок, глина, гравий и другие), используемые в их естественном состоянии или с незначительной обработкой и очисткой для удовлетворения в основном местных хозяйственных нужд (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

КЕҢ ТАРАЛҒАН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар) («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕСТВЕННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - политикоправовая, духовно-нравственная, социальная защищенность жизни, здоровья и благополучия граждан Казахстана, а также ценностей казахстанского общества от возможных опасностей и угроз, способных нанести им ущерб (ст. 1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығының және игілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік қорғалуы («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕСТВЕННАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - вид деятельности, осуществляемой на добровольных началах экспертными комиссиями, создаваемыми общественными объединениями. Общественная экологическая экспертиза рассматривает любую хозяйственную и иную деятельность на предмет соблюдения общественных интересов по сохранению благоприятной для жизни и здоровья граждан окружающей среды. Инициатором общественной экологической экспертизы могут выступать физические лица или общественные объединения, интересы которых затрагиваются в случае реализации объекта общественной экологической экспертизы (ст. 60 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА - қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі іске асырылған жағдайда мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бірлестіктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкін (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 60-бап)

ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ - общественными объединениями в РК признаются политические партии, профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству (ст. 106 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР - ҚР қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 106-бап)

ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ - организация, созданная в результате добровольного объединения граждан с целью достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству РК (ст. 11 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР - ҚР заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 11-бап)

ОБЩЕСТВЕННОЕ ПИТАНИЕ - предпринимательская деятельнссть, связанная с производством, переработкой, реализацией и организацией потребления продуктов питания (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ - тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЕ ИНТЕРЕСЫ - интересы населения отдельных регионов, городов, поселков, аулов (сел) и других поселений в обеспечении благоприятных условий проживания (пребывания) на этой территории, улучшения экологической обстановки, предотвращения опасных (вредных) воздействий в результате хозяйственной и иной деятельности, развития инфраструктур населенных пунктов и прилегающих к ним территорий, сохранения исторического и культурного наследия, природных ценностей (ст. 3 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕР - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар (селолар) мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердің алдын алуды, елді мекендер мен оған іргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи және мәдени мұраны, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерін («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 3-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ РК - общественными объединениями в РК признаются политические партии, профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству. Общественные объединения являются некоммерческими организациями (ст. 2 ЗРК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 года № 3)

ҚР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР - ҚР саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 ҚРЗ 2-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЕ РАБОТЫ - виды трудовой деятельности, организуемые исполнительными органами, не требующие предварительной профессиональной подготовки работника, имеющие социально-полезную направленность и выполняемые гражданами по направлению уполномоченных органов по вопросам занятости для обеспечения их временной занятостью (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЙ ИНСПЕКТОР ПО ОХРАНЕ ТРУДА - представитель работников, осуществляющий общественный контроль в области безопасности и охраны труда (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ИНСПЕКТОР - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЙ ФОНД - общественным фондом признается не имеющая членства некоммерческая организация, учрежденная гражданами и (или) юридическими лицами на основе добровольных имущественных взносов, преследующая социальные, благотворительные, культурные, образовательные и иные общественнополезные цели (ст. 107 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР - азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII ҚР АК 107-бап)

ОБЩЕСТВЕННЫЙ ФОНД - общественным фондом признается фонд, учрежденный физическими лицами, не являющимися членами одной семьи, и (или) юридическими лицами - общественными объединениями (ст. 13 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР - бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 13-бап)

ОБЩЕСТВО ВЗАИМНОГО СТРАХОВАНИЯ - юридическое лицо, созданное в организационно-правовой форме потребительского кооперативав целях осуществления взаимного страхования имущественных интересов своих членов (ст. 1 ЗРК «О взаимном страховании» от 5 июля 2006 года № 163)

ӨЗАРА САҚТАНДЫРУ ҚОҒАМЫ - өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға («Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі № 163 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау