НЕБЛАГОПОЛУЧНАЯ СЕМЬЯ - семья, где родители или законные представители несовершеннолетних не исполняют своих обязанностей по их воспитанию, обучению, содержанию и (или) отрицательно влияют на их поведение (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)
|
ТҰРМЫСЫ ҚОЛАЙСЫЗ ОТБАСЫ - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕБЛАГОПОЛУЧНЫЙ ПО ЗАБОЛЕВАНИЮ ПУНКТ - территория, на которой установлен эпизоотический очаг (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
АУРУ БОЙЫНША ҚОЛАЙСЫЗ ПУНКТ - міндет ошағы белгіленген аумақ («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕБЛАГОПОЛУЧНЫЙ РЕГИОН - административная и (или) экономическая территория, определенная нормативными правовыми актами страны производства и (или) экспорта товара, субсидируемого иностранным государством (союзом иностранных государств), уровень развития которого за последние три года к периоду разбирательства характеризовался: доходом на душу населения, доходом на одного члена семьи или валовым внутренним продуктом на душу населения, не превышающим 85 процентов, и уровнем безработицы не менее 110 процентов от соответствующих средних показателей страны происхождения и (или) экспортирующей страны (ст. 1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16июля 1999 года № 441)
|
ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚ - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауарды өндірген және (немесе) экспорттаған елдің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген, істі қарау кезеңіне қарай соңғы үш жылда даму деңгейі: халықтың жан басына шаққандағы табысымен, отбасының әр мүшесінің табысымен немесе халықтың жан басына шаққанда 85 проценттен аспайтын жалпы ішкі өніммен және шығарылған елдің және (немесе) экспорттаушы елдің тиісті орташа көрсеткіштерінің 110 процентінен аспайтын жұмыссыздық деңгейімен сипатталған әкімшілік және (немесе) экономикалық аумақ («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕБЛАГОПРИЯТНОЕ ПРИРОДНОЕ ЯВЛЕНИЕ - природное явление (долговременное - засуха, вымерзание, недостаток тепла, излишнее увлажнение почвы, переувлажнение воздуха, наводнение, маловодье, суховей; кратковременное - град, ливень, заморозки, сильный ветер, сель), в результате которого произошли гибель или повреждение продукции растениеводства (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании в растениеводстве» от 10 марта 2004 года № 533)
|
ҚОЛАЙСЫЗ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ - салдарынан өсімдік шаруашылығының өнімі жойылған немесе бүлінген табиғат құбылысы (ұзақ мерзімді - құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетіспеуі, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзімді - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсік шалу, қатты жел, сел) («Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАТЕЛИ - граждане и (или) негосударственные юридические лица (ст. 12 ЗКРК от 20 июня 2003 года № 442)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
НЕГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗАЕМ - отношения займа, в которых заемщиком выступает резидент РК, за исключением Правительства РҚ Национального Банка РК и местных исполнительных органов (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҚАРЫЗ - ҚР Үкіметін, ҚР Ұлттық Банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, ҚР резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)
|
НЕГОСУДАРСГВЕННЫЕ ЭМИССИОННЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - акции, облигации и иные эмиссионные ценные бумаги, не являющиеся государственными эмиссионными ценными бумагами (cт. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДВИЖИМОЕ ИМУЩЕСТВО (НЕДВИЖИМОСТЬ) - земельные участки, а также здания, сооружения и иное имущество, прочно связанное с землей, то есть объекты, перемещение которых без несоразмерного ущерба их назначению невозможно (cт. 1 ЗРК «Об ипотеке недвижимого имущества» от 23 декабря 1995 года № 2723)
|
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК - жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтірусіз мүмкін болмайтын объектілер («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДВИЖИМОСТЬ НА УСАДЕБНОМ УЧАСТКЕ - принадлежащие гражданину на праве собственности возводимые жилые и другие строения, включая инженерную инфраструктуру (в том числе незаконченные строительством), зеленые насаждения и иное имущество, неотделимое от земельного участка (cт.1 3PK «Об индивидуальном жилищном строительстве» от 3 ноября 1994 года № 213)
|
ҚОНЫС УЧАСКЕСІНДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК - инженерлік инфрақұрылымды (соның ішінде құрылысы аяқталмағандарды) қоса алғанда, азаматқа меншік құқығында тиесілі салынып жатқан тұрғын жайлар мен басқа да құрылыстар, жасыл желекті екпелер және жер учаскесінен бөлінбейтін өзге мүлік («Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДЕЕСПОСОБНОСТЬ - признание судом невозможности лица, вследствие психического заболевания или слабоумия, понимать значения своих действий или руководить ими (cт. 1 3PK «О психиатрической помощи и гарантиях прав граждан при ее оказании» от 16 апреля 1997 года № 96)
|
ҚАБІЛЕТСІЗДІК - психикасының ауыруы немесе ақылесінің кемдігі салдарынан азаматтардың өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы («Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 96 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДЕЛИМОЕ ИМУЩЕСТВО - имущество, которое не может быть разделено без изменения его хозяйственного назначения (функций) или не подлежит разделу в силу предписания законодательного акта (ст. 120 ГК РК 27 декабря 1994 года № 269)
|
БӨЛІНБЕЙТІН МҮЛІК - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 120-бап)
|
НЕДЕЛИМЫЙ ФОНД - фонд, созданный за счет части чистого дохода сельского потребительского кооператива, порядок формирования и использования которого определяется уставом сельского потребительского кооператива (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450)
|
БӨЛІНБЕЙТІН ҚОР - селолық тұтыну кооперативінің таза табысының бір бөлігі есебінен құрылған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртібі селолық тұтыну кооперативі жарғысымен белгіленеді («ҚР селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450-І ҚРЗ 2-бап)
|
НЕДОБРОСОВЕСТНАЯ КОНКУРЕНЦИЯ - любое действие (бездействие) юридического и (или) физического лица, атакже государственных органов и органов местного самоуправления, направленное на получение необоснованных преимуществ в предпринимательской деятельности путем устранения или ограничения конкуренции (ст. 1 ЗРК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 года № 232)
|
ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕ - заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бәсекені жою немесе шектеу арқылы кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген іс-әрекеті (әрекетсіздігі) («Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы № 232 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДОИМКА - начисленные и не уплаченные в срок суммы налогов и других обязательных платежей в бюджет (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
БЕРЕСІ - есептелген және мерзімінде төленбеген салық-тар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)
|
НЕДОРУБ - деревья или участки леса, назначенные на рубку, но не вырубленные в срок, предусмотренный лесорубочным билетом (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
КЕСІЛМЕГЕН АҒАШ - кесуге арналған, бірақ ағаш кесу билетінде көзделген мерзімде кесілмеген орман ағаштары немесе учаскелері (2003 жылғы 8 шілдедегі 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)
|
НЕДРА - часть земной коры, расположенная ниже почвенного слоя, а при его отсутствии - ниже земной поверхности и дна морей, озер, рек и других водоемов, простирающаяся до глубин, доступных для проведения операций по недропользованию, с учетом научно-технического прогресса (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
ЖЕР ҚОЙНАУЫ - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДРОПОЛЬЗОВАТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, обладающее, в соответствии с Законом РК «О недрах и недропользовании», правом на проведение операций по недропользованию (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕДРОПОЛЬЗОВАТЕЛИ - физические и юридические лица, осуществляющие операции по недропользованию, включая нефтяные операции, на территории РК в соответствии с законодательными актами РК (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - ҚР аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)
|
НЕЖИЛАЯ ПЛОЩАДЬ ЖИЛИЩА - сумма площадей внутренних подсобных помещений (кухни, ванной комнаты, туалета, прихожей, коридора, квартирной кладовой и тому подобное) в жилище (квартире), исчисляемая в квадратных метрах (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)
|
ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫН ЕМЕС АЛАҢЫ - тұрғын үй-жайдағы ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіре берістің, дәліздің, пәтер қоймасының және тағы басқаларының) шаршы метрмен есептелетін алаңы («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)
|
НЕЖИЛОЕ ПОМЕЩЕНИЕ - отдельное помещение, используемое для иных, чем постоянное проживание, целей (магазин, кафе, мастерская, контора и тому подобное), за исключением частей жилого дома (жилого здания), являющихся общим имуществом (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)
|
ТҰРҒЫН ЕМЕС ҮЙ-ЖАЙ - тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар) («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)
|
НЕЗАВЕРШЕННОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО - объект строительства, не принятый в установленном порядке заказчиком для ввода в эксплуатацию и не используемый по назначению (проживание, оказание услуг, выпуск продукции, получение прибыли и другие виды эксплуатации) (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
|
АЯҚТАЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫС - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕЗАВИСИМЫЙ ДИРЕКТОР - член совета директоров, который не является аффилированным лицом данного акционерного общества и не являлся им в течение трех лет, предшествовавших его избранию в совет директоров (за исключением случая его пребывания на должности независимого директора данного акционерного общества), не является аффилированным лицом по отношению к аффилированным лицам данного акционерного общества; не связан подчиненностью с должностными лицами данного акционерного общества или организаций - аффилированных лиц данного акционерного общества; не является аудитором данного акционерного общества и не являлся им в течение трех лет, предшествовавших его избранию в совет директоров; не участвует в аудите данного акционерного общества в качестве аудитора, работающего в составе аудиторской организации, и не участвовал в таком аудите в течение трех лет, предшествовавших его избранию в совет директоров (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)
|
ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР - сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕЗАКОННЫЕ ИММИГРАНТЫ - иностранцы или лица без гражданства, въехавшие и пребывающие в РК с нарушением законодательства, регулирующего порядок въезда, выезда, пребывания, а также транзитного проезда через территорию РК (cт. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204)
|
ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР - келу, кету, болу, сондай-ақ ҚР аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңдарды бұза отырып, ҚР келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕЗАКОННЫЙ ОБОРОТ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - оборот наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, осуществляемый с нарушением законодательства РК (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ - ҚР заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
НАИЛУЧШАЯ ПРАКТИКА ПО ОХРАНЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ НА МОРЕ - общепринятая международная практика проведения нефтяных операций на море, создающая максимально низкий уровень загрязнения моря либо полностью исключающая загрязнение моря (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)
|
ТЕҢІЗДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ - теңізде мұнай операцияларын жүргізуде теңізді ластаудың ең төменгі деңгейін жасайтын не теңізді ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕИСКЛЮЧИТЕЛЬНОЕ ПРАВО - право, когда одновременно с правообладателем другое лицо может использовать произведение, имея на то соответствующее разрешение автора, кроме случаев, установленных Законом РК «Об авторском праве и смежных правах» (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)
|
АЙЫРЫҚША ЕМЕС ҚҰҚЫҚ - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың тиісті рұқсатымен басқа адамның құқық иесімен бірге туындыны пайдалана алатын құқығы («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)
|
НЕИСПОЛЬЗУЕМОЕ ВОЕННОЕ ИМУЩЕСТВО - имущество, снятое с вооружения, не годное к использованию по прямому назначению, списанное, выслужившее гарантийные сроки хранения в запасах, излишествующее и не находящее применения в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН ӘСКЕРИ МҮЛІК - қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік («Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Қүштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕКАЧЕСТВЕННЫЕ И ОПАСНЫЕ ПИЩЕВЫЕ ПРОДУКТЫ - пищевые продукты, употребление (использование) которых может представлять или представляет опасность для здоровья и жизни людей (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года №543)
|
САПАСЫЗ ЖӘНЕ ҚАУІПТІ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ - тұтынылуы (пайдаланылуы) адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп келтіруі мүмкін немесе қауіп келтіретін тамақ өнімдері («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 1-бап)
|
НЕКОММЕРЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - некоммерческой организацией признается юридическое лицо, не имеющее в качестве основной цели извлечение дохода и не распределяющее полученный чистый доход между участниками (ст. 2 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)
|
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМ - кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 2-бап)
|
НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО - юридическое лицо, выпускающее акции с целью привлечения средств для осуществления своей деятельности, доходы которого используются исключительно на развитие этого общества (ст. 16 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)
|
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 16-бап)
|
НЕКОНДИЦИОННЫЕ СЕМЕНА - семена, по сортовым и посевным качествам не соответствующие требованиям нормативных документов в области семеноводства (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
КОНДИЦИЯСЫНА ЖЕТКІЗІЛМЕГЕН ТҰҚЫМ - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕКОНДИЦИОННЫЙ НЕФТЕПРОДУКТ - нефтепродукт, не соответствующий требованиям, установленным законодательством РК о техническом регулировании (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)
|
КОНДИЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МҰНАЙ ӨНІМІ - ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚРЗ 1-бап)
|
НЕКОНТРОЛИРУЕМОЕ ВОЗДУШНОЕ ПРОСТРАНСТВО - пространство, которое не контролируется радиолокационными средствами (ст. 10 «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
БАҚЫЛАНБАЙТЫН ӘУЕ КЕҢІСТІГІ - кеңістігі деп радиолокациялық құралдармен бақыланбайтын кеңістік түсініледі («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 10-бап)
|
НЕНАДЛЕЖАЩАЯ РЕКЛАМА - недобросовестная, недостоверная, неэтичная, заведомо ложная и скрытая реклама, в которой допущены нарушения требований к ее содержанию, времени, месту и способу распространения, размещения, установленных законодательством РК (ст. 3 ЗРК «О рекламе» от 19 декабря 2003 года № 508)
|
ЖӨНСІЗ ЖАРНАМА - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсіліне ҚР заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама («Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 ҚРЗ 3-бап)
|
НЕОБОСНОВАННОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ - использование связанных грантов, гарантированных государством займов, активов государства с нарушением законодательства РК и использование средств республиканского и местных бюджетов на реализацию мероприятий, не предусмотренных паспортом бюджетных программ (ст. 132 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
НЕГІЗСІЗ ПАЙДАЛАНУ - байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін ҚР заңнамасын бұза отырып пайдалану мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын бюджеттік бағдарламалар паспортында көзделмеген іс-шараларды іске асыруға пайдалану (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 132-бап)
|